Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет43/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88
синтаксис кітап

ұйықтағандықтан Ботагөздің басы ауырып қалған екен.
2. Есімше тікелей не тəуелдік жалғауларынан кейін шығыс жалғауы жалғанады. 
Шошынғаннан шешесі есінен танып қалды.
3. Есімшеден кейін себепті, соң деген шылау сөздер айтылады. Ол тəртіпті 
болған себепті жұмысты жақсы істейді.
4. Есімше –дық дік, од етістігі көмекші болады.
5. Көңілшектік, еріншектік ан кейін тəуелдік жəне шығыс жалғауы жалғанып 
барып, оған деп, жалқаулық, тəртіп тəрізді абстракт мəнді зат есімдерге тəуелдік жəне 
шығыс жалғаулары жалғанып та себеп пысықтауыш қызметінде қолданылады.
Көбінесе шылау қызметінде келетін сондықтан, сол себептен, солай болғандықтан 
деген сөздер себеп пысықтауыш қызметінде де жұмсалуы мүмкін.
Себеп пысықтауыштар орайына қарай бірдеңенің салдары мағанасында да 
ұғынылады.
Амал пысыктауыш. А) Тəсілдік амал пысықтауыш.
Қимылдың қандай тəселдермен атқарылуын білдіретін пысықтауыш амал 
пысықтауыш болады. Олар қалай?, қайтіп?, қалайша? деген сұрақтарға жауап береді.
Амал пысықтауыштар екі топқа бөлінеді: тəселдік амал, сапалық амал. Тəселдік 
амал. Тəселдік амал пысықтауыш болатын сөздер– үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемше
тұлғалы етістіктер. Олардың баяндауышқа мағыналық қатысы қимылдық қарқындық 
бейнелеуші болады.
Іс-əрекеттің қимылдық тəсілін білдіретін амал пысықтауыштар көбінесе етістіктің 
көсемше түрлеріне айтылады: көсемше тұлғалы етістіктер қосарланып та жоғарғыдай 
амал пысықтауыш жасалады:
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Бұл сияқты қос сөзді пысықтауыштардың бірқатары əрі қимылдық, əрі қарқындық 
амалды білдіреді. Оның үстіне кейбір қос сөзді қимыл пысықтауыш көптік тұлғада 
айтылатын баяндауышпен ғана сабақтасады.
Өткен шақтық есімше –ша, -ше жалғанып, қимылдық меже, шек қою 
мағынасындағы пысықтауыш болады: тойғанша жеді, шаршағанша жүгірді, жеткенше 
қуды.
Іс- əрекеттің қарқындық тəсілін білдіретін пысықтауыштардың мағынасы əр түрлі 
болады: бояу, шапшаң, үдеу, қайталау жəне т.б.
Ондай пысықтауыштар мынадай сөздерден жасалады.
а) тез, жылдам, шапшаң, ақырын, жай, шұғыл, қайта-қайта сияқты 6стеулерден тез 
қимылда, сəл көтерілді, ақырын сөйледі. Шапшаң бас, жылдам жүр, жай оқы, ол шұғыл 
бұрылды, ол жазғадарын қайта-қайта оқыды, т.б.
Қарқындық амал пысықтауыш қызметінде жұмсалатын тез, сəл, жай, сияқты 
үстеулер қасындағы етістігінің магыналық өзгешелігіне қарай істің шапшаң орындалу 
амалын білдірумен қатар, кейде шақтық та мағынада жұмсалады.
Жоғарғыдай пысықтауыш қызметіндегі сөздерге ырақ ірек жұрнағы жалғанып, 
олардың қарқындық дəрежесі күшейтіліп те айтылады.
ə) Қылт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрық, жалт-жұлт сияқты еліктеуіш 
сөздер:
б) Бірден, бір-ақ, көзбе-көз, қолма-қол, жалма-жан, зорға, əрең сияқты үстеулер:
Бейнелеуш амал пысықтауыштар қимыл тəсілінің түрде екенін білдіреді. Ондай 
мағынада пысықтауыш болатын сөздер:


а) Шалқасынан, жүрісінен, етпетінен, алшысынан, мұртынан, тізелеп, жанбастап, 
бүге түсіп деген үстеулер.
ə) Маң-маң, талтаң-талтаң, бүкең-бүкең, бүрсең-бүрсең, ербең-ербең, қарш-қарш, 
пырт-пырт сияқты еліктеуіш сөздер.
Бұл топқа киімшең, көйлекшең, жалаң, бас, жалаң аяқ, қуанышпен сияқты 
сөздерден болған пысықтауыштар да жатады.
Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш 
қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп, үстеуге 
айналмайды. Бірақ үстеулер сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Сапалық сын 
есімдер пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін баяндауыш болған етістіктердің дəл 
алдында тұруға тиісті. Ондай пысықтауыштардың баяндауыштармен осылай қабыса 
байланысып, қатар тұруы- олардың сол қызметте жұмсалуының синтаксистік амалы. 
Бірақ кез келген негізгі сын есімдерді етістіктермен қатар қойып пысықтауыш 
қызметінде айта беруге болмайды, тек санаулы сын есім сөздер ғана сол қызметте 
етістіктермен тіркесе алады. Ол туралы «Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркесі» 
дегенді қараңдар.
Олардың лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, 
солармен тіркесе алатын сөздер. Негізгі сын есімдерден гөрі, туындысын есімдер 
пысықтауыш болып өте жиі қолданылады. Онда да олардың бəрі емес, үстеумен 
шендес сын есімдер.
1. –сыз-сіз жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер пысықтауыш қызметіңде 
қимыл процесіне біреудің не бірдеңенің қатысы жоқтығын білдіреді.
2. Зат есімдерге дай-(дей, тай) тей жұрнағы жалғанған туынды сын есімдер 
сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады. Кейде –
дай|дей… жұрнағы жалғанған сөздерге- ың|| ің қосымшасы арқылыда пысықтауыш 
жасалады.
Ша-ше жұрнағы арқылы үстеуге айналғанесіvдертеңеулік сапа мағынасында 
пысықтауыш болады: Суда балықша жүзетін бір балықшы шал бар екен.
Сапалық пысықтауыш ретінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары– сан есімдер, 
сандық ұғымды білдіретін басқа есімдер. Сан есімдер ол қызметте түбір күйінде, кейде 
олардан кейін рет, есе деген көмекші есімдер тіркесіп айтылады. Заттың анық санын 
білдірмей, сандық ұғымда айтылатын аз, көп, шамалы, азырақ, көбірек, едəуір, талай, 
тегіс, біраз, бірқатар сияқты сөздер де сапалық пысықтауыш қызметінде жиі 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет