Арнаулы салық режимдері


Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі243.25 Kb.
#488320
түріПрезентация
1   2   3
ПЗ

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:

  • тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
  • талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
  • бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
  • таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
  • мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;
  • материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;
  • кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда);
  • жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;
  • жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.

Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

  • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
  • шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;
  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет