Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Арпалыс 1,2

 
ТАҢЕРТЕҢ 
 
«Ӛжеттіктен не пайда
Ерлігі мен ақылы 


193 
Кӛпті батыр етпесе!» 
Мақталы тужуркемді басыма жастанып жаттым. Шылымымды 
тұтатып, сағатыма бір қарап, орындық үстіндегі құлақшынымды кӛрді. Бас 
киімім қол жетпес жерде. Алып, бас жағыма қойсам болар еді, шырт ұйқы 
кезінде дабыл соғылса, іздеп жүрем де… Бірақ дабыл жайында да, ертеңгі 
күнді де ойлағым келмеді. Сӛйтсе де орнымнан тұрдым. Мең-зең жолда үш-
тӛрт адым жердегі құлақшынды әкелуім үлкен күш болды. Кысылшаң 
жағдайды ұмытуға, ойыңмен осы үйден, осынау орманнан басқа жаққа 
шарықтауға талпынасың. 
Қайтадан жатып, кӛзімді жұмдым… Ӛткен кездің жанға жағымды 
елестері тізбектеліп кӛз алдымнан ӛте бастады. Оны қазір еске түсіру қиын. 
Қандай елесдеріңіз бар ма? 
Әйтеуір, бір анық білетінім, жеке ӛз басыма қатысы бар нәрселер 
жайында ғана емес, батальон жайында да ойладым. Бірақ маған батальонның 
да қатысы бар ғой. 
Ӛзіңізге мәлім, әскери уставтың тармағына сәйкес командир ӛз бӛлімі 
атынан «мен» деп сӛйлей алады: «мен» ұрыс ӛнеріне машықтанып 
жатырмын; «мен» жорық жасаймын; «мен»»шабуылға шықтым дейді. 
Қысқасы, оның «мені» - ӛз бӛлімі. Ендеше, менің «менім» де - батальон, 
ӛзіме қарасты командирлер мен жауынгерлер. Осынау қиын-қыстау кезеңде, 
еңсеңді басып, жігеріңді жасытарлық бұлдыр қиял, ірілі-ұсақты шытырман 
ойлар арасында менің кӛбірек діттегенім, әрине, ӛз батальонымның тағдыры 
еді. Ӛйткені ол устав тармағына сай маған бағынатын жай ресми тұлға ғана 
емес, мен үшін оның маңызы бұдан әлдеқайда терең: ол менің ӛрнегім, ар-
намысым. Батальонға мен барымды бердім, білгенімді үйреттім. 
Сонымен, не керек, ұйқылы-ояу мең-зең халде жатып, сан кӛріністі 
кӛз алдымнан ӛткіздім. 
Мәселен дейсіз бе? Жарайды, мәселен былай. 

Август айының шуақты күнінде батальон оқ атуға шықты. 
Лагеріміз таудан аққан Талғар ӛзенінің қасында. Иек астында Талғар 
станицасының бау-бақшасы кӛгеріп кӛрінеді. Мұнда дүниеде теңдесі жоқ 
Алматы алмалары ӛседі. Тӛмен қарасаң, күнге күйген айнадай жазық дала. 
Оңтүстікте атақты Алатау, мәңгі қар басқан ӛркеш-ӛркеш шыңдары күнге 
шағылысып, аспанмен тілдеседі. Бұл - Оңтүстік Қазақстан. Оның әсем 
кӛрінісін суреттеуге тіл қысқа. 
Оқ атып машықтануға жазық даладан қолайлы жер жоқ. Ӛзі дәл 
қасында, қолұсыным жерде, тақтайдай тегіс. Осындай тегіс жермен екі-үш 
километр жүріп, ақ атып қайту қандай оңай, қандай жайлы! Бірақ мен 
жұртты соғысқа әзірлемекпін. Ендеше, оңайын, жайлысын неғылам? Тегіс 
жерден аулақ деп, батальонды тауға қарай алыс жүрдім. 


194 
Таудың бірінші тепсеңіне шықтық. Мұнда әр алуан ӛсімдік кӛп: 
бетеге, жусан, шеңгел, бұта. Оқ атуға тым қолайсыз. 
Келесі тепсеңге тік тастақ қиямен шығу керек. - Батальон, алға! Ер 
маған! -- деп ілгері бастым. Құлама құз. Аяқ астынан қозғалған тастар 
салдырап тӛмен домалайды. 
Ӛрмелеп жоғары шықтық. Мұнда да атуға ыңғайлы жер болсашы. 
Кӛкорай шалғын шӛп адам бойынан келеді. Еңді қайда барамыз? жағымыз 
қия беткей, онда жарыса біткен қарағай, шырша ағаштары. 
Таудың сан қилы ӛзгешеліктері осындай. Расын айтқанда, бүкіл 
Қазақстан бейнесі әр алуан. Қазақстанның қалай жаралғаны туралы бір 
аңызды есіткеніңіз бар ма? Сол аңыз бойынша, алла тағала аспан-жерді, 
теңіз-мұхитты, жер дүниені жаратқанда, Қазақстанды ұмытып кетіпті деседі. 
Тек ең соңынанана ескеріпті, бірақ оны жасарлық зат қалмапты. Сонда тәңірі 
әр тараптан құрастырып, Американың бір пұшпағын, Италияның бір 
бӛлшегін, Африка сахарасының бір алабын, Кавказдың бір саласын әкеп, осы 
күнгі Қазақстан жерін жамап-жасқаған екен дейді. Сол айтқандай, біздің 
ӛлкеде құлазыған құмшӛл де, құнарлы жер де, әр алуан кен де, айдын кӛлде, 
асқар тау да табылады. 
Сонымен оқ ататын жер таптың ба деп сұрайсың ғой? Таптым. Мен 
батальонды тӛрт қатар етіп сапқа тұрғыздым да, қалың шӛптің үстімен 
қаптата жүргіздім. Осылай бірнеше рет әрлі-берлі жүріп ӛттік. Ауыр 
бәтеңкелер шалғын шӛпті жапыра, жерді таптай бастады. Ақырында 
жығылмай қалған шӛп сабағын қолымызбен жұлып, тағы бір жүріп ӛттік. 
Осы жүрістің нәтижесіне таңдана қарап, кенеттен кӛңілім ӛскендей болады. 
Батальон деген қандай жойқын күш! Тәртібі берік, ұрысқа сай, болаттай 
шыныққан осы батальон барда мен қалың жаудың тобын қақ жарып ӛтпеймін 
бе, оны аяққа жаныштап, кӛрге енгізбеймін бе. Соғыстың бұл секілді емесін 
білсем де, сол минутта маған осылай кӛрінді. 
Қалың шӛп арасында сан аяқтың таптауымен жазық шаршы алаң 
пайда болды. Оның шетіне нысаналар орнаттық, Батальон әлі де сапта тұрған 
еді. Бәрінің кӛз алдында фанерге жапсырулы фашист бейнелері. Батальонның 
күшін тағы бір рет сынап кӛргім келді. Алдыңғы саптағыларды жатқызып, 
артқыларын тізерлетіп отырғыздым да, команда бердім: 
- Фашистерді кӛздеп, залпымен… Батальон… 
Біраз аялдап тұрдым. Жүздеген винтовкалар тӛрт нысанаға кезеліп, 
тӛне қалды. Ол кезде батальон болып залпымен оқ атсын деген ереже 
жауынгерлік уставта жоқ еді, сонда да мен сынап кӛрдім.
- Огонь! 
Міне ғажап! Бір дүркін атқанда-ақ біз нысанасыз қалдық. Бейне 
пышақпен тілгендей қида-қида болды. Бірден шыққан жеті жүз оқ не 
ондырсын. Суретті қалқан жапсырылған қадаларды сан оқ опырып жіберіпті, 
фанер тақтай, быт-шыты шығып, жаңқаға айналыпты. Күйіндім де, күлдім 
де: еңбектеніп ӛрмелеп, тау басына шығып ек, аяғымызбен таптап атыс 
орнын әзірлеп ек, қайтадан оқ атуға болмай қалды. 


195 
Шын ұрысқа кіріскенше немістерді осылай қиратып ек. Ал бұл 
арада… Бірақ «бұл арадағысын» ойлағым келмеді. 
Тағы да ӛткен кездің жанға жағымды суреттері кӛз алдымнан 
зымырап ӛте бастады, Әрине, тек батальон жайында ғана емес, басқа да 
ойлар келеді. Е-е, қандай ой деріңіз бар ма? 

Сӛйтіп жатқанымда, кенеттен: 
- Жолдас комбат… - деген Брудныйдың даусы саңқ ете қалды. 
Келуінен қаншама күдер үзейін десем де, оның бұйрық әкелуін 
ынтығып күткен едім. Ұйқылы-ояу күйімде мырс еткенім есімде. 
Ұшып тұрдым. Рахимов менен бұрын тұрған екен. Шинелі еденде 
жатыр. Жинақы, пысық, салмақты штаб бастығым бұл жолы еңкейіп шинелін 
алуды да елемепті. Ол мәз-мейрам. Біресе Брудныйдың біресе Курбановтың 
бетіне жымиып қарайды. 
Екеуі бірдей кірген екен. Шинельдерінен лайдың дағы кӛрінеді, бір 
жерлерден еңбектеп ӛтсе керек. 
- Жолдас комбат, рұқсат етіңіз… 
Бұл ӛнім еді. Қарсымда тұрған кәдімгі Брудныйдың ӛзі; аптыға 
сӛйлегені, ойнақы кӛзі, гүл-гүл жайнаған шырайлы беті шындықты 
танытады. 
- Бұйрық бар ма? 
- Бар, жолдас комбат, шегініңдер деген… 
Ол маған хат ұсынды. Арман еткен тілегің орындала қалғанда, оған 
бірден сенуің қиын ғой. Содан-ақ әлгінде ғана: осы түсім емес пе? деп 
шүбәланып едім. Жоқ, енді елес ғайып болды. Бұл ӛңім еді. Caғaтыма 
қарадым. Уақыт үш жарым екен. Сонда менің бірнеше минут қана жатқаным 
ба? 
Полк командирі асығыс жазылған бірнеше жол хатында: 
Долгоруковканың сыртында штаб командирлерінің бірі сендерді қарсы 
алады. Волоколамскіге қай жолдармен баратындарыңды кӛрсетеді депті. 
Біздің полк сол жаққа бет алған екен. 
Волоколамскіге отыз километр кейін шегінеді екенбіз! Бірақ 
қынжылып тұратын кеземес, уақыттар сағат үш жарым, Жетіде таң атады. 

Қараңғы түн ішінде батальон рота-ротасымен жүріп барады. 
Шылқылдаған лайсаңмен жауынгерлер, зеңбіректер, пулемет артқан, оқ-дәрі 
тиеген, жаралылар жатқан арбалар, бұлардың соңынан тағы да жауынгерлер 
ілгері жылжиды. 
Кәдімгі әдетім бойынша сапты тұсымнан ӛткізіп жіберем де, қайтадан 
Күрең тӛбелмен салып ұрып алға шығам сӛйтіп, тағы кідірем. 


196 
Кей-кейде түнерген аспаннан кірбің ай сығалайды. Сонда қараңғы 
түнек те бір сәтке ыдырап, айналаң ақшыл тартады. 
Мен тағы да батальонның алдына шығам. 
Колоннаны Заев бастап келеді. Алда соның ротасы. Ежелгісіндей 
еңсесін ілгері сала, ұзын қолдарын ербеңдетіп, жан-жағына су шашырату, 
қораптар ілгері адымдайды. Тӛрт-тӛрттен сап түзеген жауынгерлері де одан 
қалмай жүріп келеді. 
Жауынгерлер колонналарының қақ ортасында санитарлық взводтың 
арбалары алға жылжуда. Мұнда қырық жаралы бар. Ауыр денелі, шертік 
қарын дәрігеріміз Киреев қартты келбетінен танимын. Бір арбамен қатарласа 
жүріп келе жатып, біреуге қарай еңкейеді, байқауымша, епті қолымен жол-
жӛнекей жаралыны жайғастыра жатқызбақ тәрізді. Әне-міне дегенше, олда 
қараңғы түнекке сүңгіп кетті. 
Мына келе жатқандар - Бозжановтың бұралқы жасары. 
Долгоруковканы айналып ӛтіп, осы әңгімемізде бірнеше рет ауызға 
алған айтулы қиыршық жолға жақындап келеміз. Бұл жол соларадан барып 
Волоколамскінің тас жолына қосылады. 
Бұдан бірнеше күн бұрын, он алтыншы октябрьде, немістер тегеурінді 
күш топтап осы жолға қарай лап қойған еді. Ондағы ойы, бір серпудің 
күшімен біздің қорғанымызды бұзып, сол бетімен танктеріне, жүк 
машиналарына, мотоциклдеріне мінген бойы Волоколамск тас жолымен 
зырғытып отырып Москваға баса-кӛктеп кіру еді. Жау қаншама жанталасып 
бақса да, кӛздеген мақсатына жете алмады. Біздің әскер бӛлімдері Булычево 
совхозының маңында немістерді кейін қуып тастады, фашистер басқа 
учаскелердеде біздің бӛлімдердің қажырлы қарсылығына ұшырап бӛгеліп 
қалды. Алдарынан тосқауыл болған біздің шағын әскер бӛлімдерін оп-оңай 
жайпап кете алмағанына күйінген немістер, үсті-үстіне күш тӛгіп, мың сан 
солдаты мен офицерінің, кӛптеген техникасынан айрылғанына қарамастан, 
қалайда бұл бӛгетті қиратып, Москваға апаратын Волоколамск тас жолын 
басып алуға тырысты. Жаудың қыруар басым күшінің тегеурінімен шегіне 
тұрса да, біздің батальондар мен полктер әрдәйым жаңа бекіністерге 
орналасып, қайтадан жаудың жолын тосты, оны сол ӛңірде ұзақ әурелеп, 
титықтатумен болды. 
Біздің батальон Волоколамск қаласына қарай бет алған кездегі жағдай 
міне осындай еді. 

Долгоруковкадан айналып әрі ӛткенімізде бізді полк штабы 
бастығының жәрдемшісі лейтенант Курганский қарсы алды. Бұл жайдары, 
аңқылдақ, жігерлі жігіт еді, кӛрген жерден жүгіріп кеп қолымды қысып 
амандасты. Одан бірсыпыра әңгімеге қандым. Екінші және үшінші 
батальондар едәуір шығынға ұшырапты. Жауынгерлер жол бойында шегіне 
ұрыс салып, бірлесіп те, жеке-дара да қажырлы қайрат кӛрсетіпті, немістерді 


197 
қырғынға ұшырата, жаудың күшін әлсірете беріпті. Жау әскерінің жолын 
бӛгейтін тосқауылдар қойып, ілгері ӛтуге тырмысқан неміс танкілерін 
артиллерия оғымен тойтара отырып, біздің бӛлімдер тас жолдың түйінді 
торабы болған Волоколамск қаласында тез тоғысып жатыр екен. Дивизияның 
ендігі бекінісі сол қала кӛрінеді. 
Курганский батальонға бірнеше арба азық-түлік ала келіпті. Мұнда 
ӛткен түні бізге арнап Волоколамскіде пісірген бір тонна ақ нан бар. 
Азық артқан арбалар орман ішінде күтіп тұр екен. Мен осы арада 
батальонды аялдатып, жұртты тамақтандырып, тынықтырып алуға, аттарға 
жем беруге ұйғардым. 
Бірақ артиллериялық аттарды кері жіберуге тура келді. Ӛйткені біз 
кеткен орманда Шиловтың баяғы алты зеңбірегі мен тӛрт жүз снаряды қалып 
қойған еді. Мен соларды тағы да немістердің иек астынан әкетуте ұйғардым. 
Шығыста таң бозара бастаған, бірақ тӛңіректе қалың тұманнан дәнеңе 
кӛрінбейді. Батальон орман ішіне кіре бергенде мен Бозжановқа бардым. 
- Бозжанов! Адамдарыңды тоқтат! Он адымдай шетке шығыңдар. 
Басқа бӛлімшелерге мен: «Тіке тарт!» деп команда бердім де, ӛзімнің 
штаттан тыс резервіме назар аудардым. Бір шетте пулемет тачанкасының 
қасында менің пулеметшілерім тұр. Олардың соңында кеше батальоннан 
қуылған, кейін ұрыстан ӛтіп кінәсін жуған жауынгерлерім. 
Бозжановқа: 
- Артиллериялық аттарыңды алып, тұмарды бүркеніп, зеңбіректер мен 
снарядтарды әкел, - деп бұйырдым. 
- Ӛз адамдарыңды түгел ал. Зеңбіректеріңнің тӛрт жағынан бірдей 
қорықшы қой. Жаудың азғана тобына кездессең, тез жоюға тырыс. Созалаң 
ұрысқа алданба: зеңбіректерді бұз да осында жет. Жедел қимылдағайсың. 
Есіңде болсын, біз сені осы арада күтеміз. 
Ол кеудесін кӛтере, қолын шекесіне апарды да, кішкене кӛздері 
жайнап: 
- Құп, жолдас қымбат, - деп іркілмей жауап қатты. 
Бозжанов күндегісінен ширақ, әрі сымбатты кӛрінді; пішіні қату. Ол 
командир болуға, аса бір қиын қызметті ӛзі атқаруға әуес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет