Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Арпалыс 1,2

СЕКСЕН ЖЕТІ 
 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды
Тәртіпсіз ер болмайды». 

Синченконы еркін, орманға таянған жауынгерлер тобының алдынан 
шықтым. 
Зеңбіректердің ауыр дӛңгелектері қарды осып, жердің бетіне айғыз 
қара із салып келеді. Зеңбіректер тұсымнан ӛткенше тоқтап тұрдым. 
Бозжанов қасыма келіп, лепірген пішінде: 
- Немістер бейқам, қаннен-қаперсіз ұйқтап жатыр екен. Күзеті де жоқ, 
біздің азғана әскерлерімізге бӛгет еткен ешкім болмады, деді. 
Күрең тӛбел Жалмұхамбетті танып, оған тұмсығын шүйірді. Менің 
атымды мәпелеп, оған әрдайым ӛз қолынан дәм беруші еді. Бұл жолы да 
аттың аузында қант пайда болды. 


183 
Тұсымнан ӛтіп бара жатқандарға кӛз салдым. 
Аттардың, зеңбіректердін, снаряд жәшіктерінің қатарында винтовка 
асынған шинельділер шұбырып келеді. 
Азғана әскер дегеніміз қайда? Азғанасы қайсы?… 
- Бұл неғылған жұрт? Қайдан ертіп келесің? - деп сұрар едім. 
Бозжанов қуанышты түрмен:
- Жүзге жуық, жолдас комбат. Шиловтың батальонынан. Екеу, 
үшеуден орманнан шықты, Бізбен құшақтасып кӛрісті. 
Мен жұртқа: 
- Тоқтаңдар! - деп әмір еттім. 
Аттар тоқтап, дӛңгелектердің басылды. 
- Бӛтен адамдар шетке шықсың! Зеңбірекке ілеспесін! Бӛлімше 
командирі Блоха! 
- Мен! 
- Орындалуын тексеріңіз! Синченко! 
- Мен! 
Таяудағы ротаның командиріне және штабқа, Рахимовқа менің 
бұйрығымды жеткізіңіз. Батальон орналасқан жерге бірде-бір бӛтен адамды 
жібермесін… 
- Құп, жолдас комбат. 
- Барыңыз. 
Ол шауып кетті. 
Шұбаған топтан кӛп адам шетке болініп шықты. Кейбіреулері анадай 
жерге барып тоқтап, басқалары маған қарай жүрді. Блоха колоннада ӛз 
адамдарымыз ғана қалғанын мәлімдеді. 
- Колонна, марш! 
Зеңбіректер алға жылжыды. Үнсіз қарап тұрмын. 
Қолына винтовкасын ұстап ең соңында Мурин ӛтті. 
Тізгінді сәл тежегенімде Күрең тӛбел де жұрттың соңына ілесе жүрді. 
- Біз ше? Біз қайда барамыз, жолдас командир? 
- Қайда барсаңдар, онда барыңдар… Маған қашқындар керек емес. 
Шетке шығарылған топ менің соңымнан қалмай келеді.- Жолдас 
командир, алыңыз бізді. 

- Жолдас командир, бізді ту сыртымыздан, жан-жағымыздан 
бассалды, Сонан соң қайтерсің. жоқ… 
- Біз қоршаудан шықтық, жолдас командир! 
- Бізді жаудың тұтқыны етпексіз бе ӛзіңіз? Ӛйтуге қақыңыз жоқ. 
Мен жауап қатпадым. Ауыр ой жанымды жегідей жейді. «Қоршаудан 
шықтық!» Тағы да баяғы сұм сӛз. Вязьма түбінен сытылып шыққан, біздің 
шебімізден екеу-үшеуден ӛткен сұр шинельді босқындар, уәделесіп 
қойғандай, бәрі де осы сӛзді айтушы еді. Бұл сӛз құлақтың етін жеп, әбден 
жиренішті боп алған-ды. 


184 
«Командирлерің қайда қалды? Сендерді неге ауыздықтамады?» диета 
жаралы капитан Шиловтың халін кӛргем, оның айрықша жігермен: «Екі рота 
ерлікпен қайрат кӛрсетті, онан соң ӛздерінің жаралы командирін қалдырып 
кеткен жоқ қой» деген сӛздерін есіткем. 
Бірақ батальоны қирап, солдаттары орман паналай бытырап кеткен 
болса, бұл дәлелден не пайда. Мана Шиловтың ӛзі батальонның қирауы 
орынды ма, җоқ па деп мұның себебін іздесе де, ашық жауап айтпап еді. 
Мұның себебі айтпаса да белгілі. Ұрыс алдында солдатыңды аясаң, 
оны әскердің ауыр тұрмысына асылдырмасаң, қатаң тәртіпке кӛндіктірмесең, 
арты осындай насырға шабады, ӛзің опық жейсің. Мыналар шыңдауы 
жетпегендіктен ішке ұялаған қорқыныштың жетегіне ерді, жауға қарысып 
қайрат кӛрсетудің орнына жан сауғалап бет-бетімен қаша жӛнелді. Бұлардың 
келесі ұрыста да қашпауына кім кепіл болмақ? Батальонға қосып ала қойған 
күнде олар тас-түйіндей бекінген ӛз қырандарыма ертеңгі қатерлі ұрыста 
іріткі салмай ма? Ендеше, мұндай жазықтардан аулақ болғаным жақсы. 
Біреу үзеңгімнен ұстады, Бозжанов екен: 
- Ақсақал, мұныңыз жӛн емес, - деді ол қазақшалап. 
- Солай ма! Арашасы табылған екен. Ӛзі жинап алған қашқындармен 
бірге бұл да менің соңымнан келеді, не дерсің! 
- Мұныңыз жӛн емес, - деді ол қайталап, - Бұлар совет адамдары, 
қызыл әскерлер. Бұлай етуге болмайды, ақсақал. 
Сӛзін де бӛлмедім, үндемедім де, Бозжанов тағы сӛйледі: 
- Бұларды қууға болмайды, ақсақал… Бұларға мені командир етіп 
тағайындаңыз. Әкелген ӛзім, ұрыста да ӛзім басқарам. Бізге белгілі бір 
міндет артыңыз, учаске беріңіз. 
- Болмайды, - дедім мен. 

Қазақшаға түсінбесе де, бәрі құлақтарын тікті, анталап Күрең тӛбелді 
тығыз қоршап алды. Байқауымша, біресе маған, біресе Бозжановқа аңырып 
қарасады. Әңгіменің аңысына, сарынына қарап, іштерінен: мына жуан 
политрук бізді җақтап, командирін кӛндіргісі келеді, бірақ анау ат үстіндегі 
ашандау жігіт ырық бере қояр емес деп тон пішкендей. Кейбіреулері айдың 
кӛмескі жарығымен мені түстеп танығысы келгендей, бетіме жақыннан үңіле 
қарайды. 
Күрең тӛбел орманға қарай сүзе тартады. Ол да «жүр-жүр» дегендей. 
Бозжановтың сӛздерін ақылға салып, ойлап кӛрдім. Ойладым да: 
«Болмайды!» деп пікір қорыттым. Сӛйтіп Күреңтӛбел дің басын кейін кілт 
бұрдым. 
Анталаған жұрт тағы да соңымнан ілесті. 
Қалай алмақпын бұларды, айтыңызшы, қалай алмақпын? Ысылдырса, 
тезге салса, бұл шұбырындылар нағыз жауынгерлердің ӛзі болар еді, ол 


185 
даусыз. Бірақ оған уақыт керек, бұлармен айналысатын мұрша бар ма менде? 
Қан тӛгіс ұрысқа дейін санаулы сағат қалып отырған жоқ па? 
Бұларға істей алатын бар жақсылығым қайсы? Бар жақсылығым, осы 
арадан кетулеріне, тӛселдіретін, шынықтыратын жерге жетулеріне 
кӛмектесем. Ал мұнда… олар керексіз. 
Сонымен аттың басын кейін бұрын алып, саяндап келем. Біздің күзет 
бірнеше жерде дауыстап, жӛн сұрасты. 
Сәлден соң Синченко қайтып оралды: 
- Бұйрығыңыз орындалды, жолдас комбат… 
- Рахимовқа телефон соқтың ба? 
- Иә. 
Синченко тағы бірдеңе айтпас па екен, Рахимовтан хабар әкелмеді ме 
екен деп күтіп едім, бірақ Синченко үндемеді. 
Мен:
- Дұрыс, - дедім де қойдым. 
Долгоруковкаға баратын жолға жақындан келеміз. Ӛзіміздің әскерге 
апаратын сол қысаң алапты біздің салт атты барлаушыларымыз шолып 
жүрген. Олардың міндеті жолдың, ақырғы шығар саңылаудың ашық-
жабығын үздіксіз қадағалау еді. 
Әлде де бұйрық қеліп қалар, шығар тесік барда таң атпай тұзақтан 
сытылып та кетерміз деген үміт ұшқыны менің кеудемде әлі де сӛнбеген еді. 
Сол барлаушылардың бірін кездестіріп; 
- Не жаңалық бар? - деп сұрадым. 
- Еш жаңалық жоқ… Тым-тырыс, жолдас комбат. 
- Жолды кім біледі? 
- Мен. 
- Долгоруковкадан айналып ӛтетін жолды ма? 
- Иә. 
- Онда бастаушы боласың. Мыналарды ұзатып сал. 
Әңгімеге құлақтарын тігіп, айналамда тұрған жұртқа бұрылып, жолды 
нұсқадым, 
- Осы жолмен Волоколамскіге жетесіңдер. Онда біздің бӛлімдер бар. 
Сендерді мұнан алып шығады. Барындар, - дедім де, Күрең тӛбелдің басын 
бұрып, орманға қарай аяңдадым. 

Кенет арт жағымнан біреулердің жүгірген дүбірі естілді. 
- Жолдас командир… Жолдас командир… 
- Не айтасың? 
- Жолдас командир… Алыңыз бізді, жолдас командир. 
- Тоқтат базарды! Бұйрықты есіттіңдер ғой? Бірде-бір бӛтен адам 
батальонға жіберілмейді, - дедім мен. 


186 
- Қалайша біз бӛтен болмақпыз? Ӛз адамдарыңыз рой! Жолдас 
командир, сіз мені білесіз. Мен Ползуновпын. Сіздің кӛзіңізше генерал 
менімен сӛйлесіп еді ғой. Есіңізде ме? 
Ползунов… Иә, есімде. Қазір қараңғыда түсін ажыратпасам да, әнеу 
күнгі жас жігіттің пішіні, қалыңдау түрікеріндері байыпты қой кӛздері кӛз 
алдыма келді, оның сондағы: «Жақсы, жолдас генерал» деген біркелкі 
жауабы есіме түсті. Жақсы болғаны осы ма, шіркін! 
- Мұның қалай, Ползунов? «Атыңды шығаршы бір. Ползунов» деп еді 
генерал. Білгенің осы ма? 
Ол жауап бермеді. Мен қайтадан: 
- Білгенің осы ма? Қашқаның не? - деп тақақтап сұрадым. 
Ползунов мұңайған пішінде: 
- Онда текке құрыған болар едік… Текке ӛлгім келмейді, жолдас 
командир, - деді. 
Қасындағы біреу батыл сӛйлей бастады: 
- Артымыздан тап берген соң біз қайтеміз? Тӛбемізден соқсаң жоқ деп 
інімізде бұғып отыра бермекпіз бе? Әрине, зыта жӛнелдік. Турасын айтайын: 
мен де қаштым, кейін мен де есебін тауып есесін қайтарам… Сілтеген 
жағыңызға бармаймын, командир. Жалғыз қалсам да мейлі, жалғыз ӛзім 
партизан боламын! Турасын айтайын: не істеймін десеңіз де еркіңіз, ол 
жағыңызға бармаймын. 
Мен: 
- Фамилияң кім? - деп сұрадым. 
- Жауынгер Пашка. 
Ползунов оны қостап сӛйледі. 
Жолдас командир, соның ӛзі Пашка. Мүмкін, сіз мұнда тыңшылар бар 
деп қауіптенетін шығарсыз? Ондайлар жоқ, мен бәрін де білем, 
документтерін тексеруге де болады, Жігіттер, бәрлеріңнің де книжкаларың 
бар ма? 
- Бәрінде де винтовка бар ма? - деп сұрадым мен. 
- Бар… бар… 
- Әркім ӛзі үшін ғана жауап берсін. Гранаталарың бар ма? 
- Бар! Менде бар! 
Бұл жолы шыққан дауыстар аз болды. 
- Үрейлерің ұшып жоғалтып алғансыңдар ғой? Ползунов, осыларға 
сен бастықсың. Жұртты сапқа тұрғыз. Әскер тәртібіне келтір. Гранатасы 
барлар оң жаққа тұрсын. 
Басқа команданы күтпестен, жұрт жедел сапқа тізіле бастады, 
Ползунов: 
- Жолдас командир! Мұнда менен атағы үлкендер бар, - деді. 
Атақ жайын кейін тексере жатармыз. Қазір бәріңде де «қашқын» деген 
бір ғана атақ бар. 
- Ӛзім мұндай атақты қабыл алмаймын! - деп сампылдады әлгі Пашка. 
- Жап аузыңды! 


187 
Басқалардың ішінде ең ӛр кӛкірек ӛжетті осы Пашка болар деймін, 
бірақ солдаттың негізгі бір қасиеті - командирдің айтқанына тақ тұру ғой, ал 
оның бойында бұл қасиет жоқ тәрізді. Иә, Панфилов айтқандай, солдатың 
тәртіпке тӛселмесе, дайындығы жетілмесе, алтын басты болсаң да, опық 
жерсің… Алар-ақ едім, осыны ойлап тар- тынамын, жауынгер болып 
жарытпас бұлар деймін. Сонда да сынап кӛрсем қайтеді. 
Мен команда бердім. 
- Равняйсь! Ползунов, қатарларын түзет! Смирно! Тоқтат сӛзді! 
Қыбыр қақпа! Рет-ретіңмен санасыңдар! 
- Сапта, мені қоса санағанда, сексен жеті жауынгер бар, - деп 
мәлімдеді Ползунов. 
- Жауынгер емес, сексен жеті қашқын, сексен жеті сілімтір! 
Сендермен ұзақ сӛйлесіп жататын жайым жоқ. Сендер кӛздеріңнен 
сораларыңды ағызып, бізді ал, бізді ал деп сұрайсындар. Москва кӛз жасыңа 
сенбейді, Менде сенбеймін, Менің бұйрығым ӛзгермейді. Ӛз шебінен қашқан 
бірде-бір қорқақ біздің батальонның ішіне енбейді. Біздің қатарымызда тек 
жауынгерлер ғана болады. Сендер қазірден бастап қашқан жақтарыңа қайта 
барасыңдар. Онан да әрі, жаудың тылына ӛтесіңдер. Сӛйтіп, жаудың ӛлігінен 
аттап, осында қайтып келесіңдер. Сонда сендерге есік ашылады. Отрядтың 
командирі етіп политрук Бозжановты тағайыңдаймын. Напра-во! За мной, 
марш! (Оңға бұрыл, ер соңымнан!) 

Тізгінді тежей ұстап, Күрең тӛбелді бірсыдырғы жай аяңмен 
жүргіздім. Соңымнан, екі-екіден, сексен жеті адам келеді. Қатарымда 
Бозжанов. 
Ол қазір не істемекші екенімізді сұрастырып еді, мен: 
- Кідіре тұр… - деп үн қаттым. 
Ауыр ой бұрынғыша жанды жегідей жейді. Бұларды қайда апарам. 
Барлаусыз, жоспарсыз бағытсыз қайда апара жатқаным ӛзіме де мәлімсіз. 
Жұрт бӛлімше-бӛлімшеге взвод-взводқа жіктелген жоқ, ұрыстағы орнын, 
жауынгерлік шеп күрес әдісін білмейді. Екі-екіден сап түзеп келе жатса да, 
бұлар тобыр күйінде қалды. 
Басқы дозорға кісі бӛлсем болар еді. Тұтқиылдан немістерге екі 
жақтан, үш жақтан тиісу үшін, ӛз взводтарымның бір-екеуін шақыртсам 
болар еді… 
Ойласаң да ой түбіне жетпейсің… Ӛйтсем, бүйтсем дейсің… 
Кей-кейде, ӛз борышымды ойлап, қатты қынжылам, Менің батальонға 
ақыр аяғына дейін керек екенім айқын. Ендеше, соның басы-қасында болуым 
жӛн емес пе еді. Мұнда нем бар! Қараңғыда қайда бара жатырмын? 
Әлдекімдермен болып кеттім, лағып кеттім. Батальонды тастап кетуім және 
бе, абырой әпермейтін мағынасыз, әбес істі бастап нем бар… 
Бірақ бір бастаған істен жалтаруға енді менде күште, ерік те жоқ еді. 


188 
Кенеттен: мен жоқта Брудный қайтып келсе, бұйрық әкелсе, онда не 
болмақ? - деген ой келді. Артынша ӛз ойыма күліп: босқа дәмеленбе, бұйрық 
болмайды, кетпейсің, - деймін. 
Жарылған снарядтардың ысы шалып қарауытқан қар ӛңірімен жүріп 
келемін. Күрең тӛбел воронкалардан - снаряд ойған шұқырлардан - ойқастап 
ӛтеді. Міне, қаңырап бос қалған окоптар тізбегіне де жеттік. 
Бұл жердің ой-шұңқыры, әр иіні, әр соқпағы кӛзге жылы ұшырайды, 
сонымен бірге қазіргі кӛрінісі кӛңілді ӛксітіп, ішті ашытады. Ӛкпе тұстағы 
Новлянский қыстағында екі-үш үйдің терезелерінен от кӛрінеді. Немістер 
бізден именбейтін секілді, терезелерін бүркер емес… Қоя тұр, бәлем, 
ӛкінерсің!… 
Мен артыма бұрылып, шұбалған сапқа қарадым. Сексен жеті қашқын. 
Бұлардың қолынан не келмек? Әттең, әттең, басқаша істер ме еді… 
Бұдан бір апта бұрын түнгі жорыққа жүз қыранды аттандырғаным 
есіме түсті. Онда біз жігерлі едік, ерлік сапардың оңға басуына кәміл 
сенгендей, қызуланып, еңсеміз кӛтеріліп еді. Ол - есеппен, ақылмен, жүйемен 
жүргізілген ұрыс әрекеті еді. 
Ал қазір ше? Мен не үшін келемін! Бет алды кӛзсіз ұрынуға азғырған 
кім мені? 

Қаңыраған окоптар тізбегінен ӛтіп, біз ӛзенге құлдиладық, Мұнда 
ӛзеннің әрбір кешуі, су үстінен ӛткелесебінде салынған әрбір бӛрене маған 
мәлім. 
Осындай бір ӛткелдің тұсында жұртты тоқтаттым. Ӛзен суы сылдырап 
қос бӛрененің астымен ағып жатыр. Ар жақта, ӛзеннен жүз адымдай жерде, 
қарауытып орман кӛрінеді. 
Мен баяу үнмен міндетті түсіндірдім. Новлянский қыстағына арғы 
жақтағы орманды паналап бару керек те, сонда жеткесін тағы да ӛзенді кесіп 
ӛтіп, қыстаққа басып кіріп, ондағы немістерді қырып, машиналарын ӛртеп, 
понтон кӛпірді бұзу керек дедім. 
Сонан соң: 
- Түсінікті не? - деп сұрадым. 
- Түсінікті… - деп күмілжіді бірен-саран дауыстар. 
Ұрыс алдында туатын қызу екпін, жігерлі талап бұл жолы сезілген 
жоқ… Таяуда ғана немістерден үркіп, кеуделеріне қорқыныш ұялаған бұл 
адамдар, қазір жауға тажалдай тӛнерміз деп қалай ойласын… Мен ше? Ӛзім 
бұған иландым ба? 
Осы арадан бір-бірлеп ӛтіңдер! - деп бұйырдым мен. – Оның соң 
сирексіп, шұбап жылжындар. Ползунов, алға! 
Ол мылтығын кезей ұстап, еңкейе жүгірді… Ӛткел алдында сәл 
бӛгеліп, сырғанақ бӛренеге аяқ басты… Сәлден соң оның қарандаған тұлғасы 
кӛрінбей кетті. Ұзамай арғы жағадағы беткейде адам бейнесі пайда болды. 


189 
Ползунов қыратқа шыға жер бауырлап жата қалды да, қайтадан кӛтеріліп, 
орманға қарай адымдады. 
Мен: 
- Оң жақ флангідегің, бас алға! - дедім. - Орман ішінде рет-ретімен 
шұбар жүріндер. Аралық бес - сегіз метр. 
Тізгіннің демеуімен Күрең тӛбел суға түсті. Ӛзен онша терең емес, 
үзеңгіден ғана келеді. 
Менің орман ішінде бір-бірлеп жүріңдер деуімнің себебі не? Бірі мен 
бірінің аралығын мұнша қашық ұстаудың қажеті қанша? Ішкі сырымды 
айтайын: қорқақтары жасырынып қалар деп ойладым. Қараңғыда қалың 
орман ішінде бұл оңай: бір шетке жалт беріп, ағашқа жабысып тұра қалсаң 
бітті, қараң ӛшеді. Ондайың құрысаң құры! Отансыз, абыройсыз күйінде 
қаңғырып жүре бер! Тең жарымы, я одан да азырағы қалар. Бұларына сенім 
білдірем, сӛйтем де кері қайтарып, батальонға алам дедім ішімнен. 
Ползуновтан озып алға шықтым да, ағаштардың ара-арасымен, 
артыма қарамастан жүре бердім. 
Күн жылына бастаған. Ағаш бұтақтарынан тамшы тамады. Бұлтқа 
жасырынған ай ақтаңылтақтанып әрең кӛрінеді. 
Орман шетіне таяндық. Алдымызда Новлянский қыстағына баратын 
жол жатыр. Тақау жерде понтон кӛпір. Онан әрі дӛңес. Дӛңес басында 
қыстақ. Кейбір үйлерінің терезелерінен от кӛрінеді. 
Бір-бірлеп жұрт келіп болды. Бірінің соңынан Бозжанов жетті. Сапқа 
тізіліңдер деп бұйырдым. 
- Ползунов! Санап ӛт, бар-жоғы қанша екен? 
Бір шетінен екінші шетіне шығып ол: 
- Сексен жеті, жолдас командир! - деп сыбырлады.
Сексен жеті! Түп-түгел! Ешқайсысы ұрыстан тайынбапты! 
Қуаныш сезімі тұла бойымды шымырлатты. Енді бәрі де маған ыстық 
кӛрінді, жүрегімді жібітіп, кӛңіліме ұнады. 
Жақыннан автомобиль моторының үні естілді. Жалт қарадым, 
сӛйткенімше болған жоқ, машина отының шаңқан жарық сәулесі тал 
арасынан ӛтіп, үстімізге түсті. Алдымызда кішкене белес бар. Соған жете 
бергенде, жол біз жаққа кілт бұрылады. Қос шамын жарқыратып, машина сол 
белестен шығып келеді. 
Саптағылар қыбыр етпей тұр. Жарықтан ба, әлде қорқыныштан ба, - 
бәрінің де түстері құп-қу. Алдыңғы жаққа тесіле қарап, винтовкаларын қыса 
ұстаған. Серейген ағаш кӛлеңкелері ойнақшып, жай ауытқып барады. 
Сәуле сырғып арман ӛтті, аппақ ӛңір тәрізденіп біресе аспанға 
атылады, біресе жер сызып жол бетін қуалайды. Жұрттың жүзін қараңғы 
перде бүркеді. 
Аттан секіріп түстім. Кӛз ұялтқан жарық сәуледен соң ешкімнің түсін 
ажырата алмадым, тек Күрең тӛбелдің ақ кекілі ғана кӛмескіленіп кӛрінеді. 
Жатып, бақыландар! - деп бұйырдым. 


190 
Қараңғыға қайтадан кӛз үйренді… Енді әлгі машина шамының сәулесі 
су бетіне түсті. Онан соң кӛпір тақтайларының дүңкілі естілді. Машинаның 
қарсы алдынан электр шамының теңгедей, қызғылт сәулесі пайда болды. 
Машина арғы бетке шығып тоқтай қалды, Жарық сәуле аясына енген 
сақшының келбеті кӛрінді. Оның кейбір ишараттары түсінікті еді. Бұрылып, 
біздің батальон орналасқан орман жақты бір-екі рет қолымен нұсқады. Сонан 
соң Красная Гора қыстағына баратын бағытты сілтеді. Сол жақтан айналып 
ӛтетін жол болуға тиіс. 
Моторы гүрілдеп, машина ілгері жылжығанда, отының сәулесі бір 
сәтте кӛше бойын жарық қылды: үйлердің жанына қаз-қатар тізіліп тұрған 
грузовиктер - жүк машиналары кӛрінді. Онан соң сәуле бір шетке жылысып, 
жоғарылы-тӛменді құйқылжап, ӛзен бойын жағалай, айналмаға қарай 
сырғанады. 
Біреу қасыма келіп: 
- Жолдас командир, мен жайын табам, - деді. 
Даусы таныс. 
- Пашкомысың? 
- Иә… Мен жайын табам. 
- Не дейсің? 
- Сілейтем… 
- Сақшыны ма? Қалайша? 
Шинелінің етегін кӛтеріп, Пашка семерін кӛрсетті: қаруының жүзі 
жарқ-жұрқ етеді. 
- Қам жеме… - деді ол. - Сонан соң бір ысқырам. 
- Олай етпе… - деп, мен оған электр фонарымды ұсындым. Мә, ал. Үш 
рет жағып белгі бер. 
Фонарьды бӛркінің астына тығып жатып: 
- Олжа фонарьмен нетуіме де болады… Қызылымен. Жарай ма? 
- Жарайды… Үш рет шығып: жол бос, деп белгі бер. Бір ӛзің 
жайғастыра аласың ба? 
Оның: 
- Енді қалай… - деп мырс еткені құлағыма жалынды. 
- Бар, ендеше… 
Пашка лезде қараңғы түнекке сүңгіп жоқ болды. 
Болары болсын… Енді маған жалтару жоқ. Бірақ осындай тобыр 
күйімізде ат қоямыз ба? Мен Бозжановты шақырып алдым. 
- Жұртты он-онға бӛл… Бір тобын ӛзін басқарып, батальонның 
қарсысындағы жау күзетіне ту сыртынан тиіс. Екінші онның міндеті кӛпірді 
ӛртеу… Басқалары селоға ойран салсын. Гранатасы барлардың бәрін соңда 
жібер… 
- Құп, жолдас комбат. 
Ол дереу іске кірісті. 
Тағы екі машина ӛтті. Бұрынғыша сәуле аясында күзетші пайда 
болды. Машина отының сәулесі тағы да кӛше бойын жарық қылды. Сол 


191 
мезетте бір үйдің есігі ашылып, сереуілдей біреу кӛйлекшең шыға келді де, 
баспалдақта тұрып сарыды. Ой нағлеттер! Бұлардың майданда қалай, 
ұйқтайтынын кӛрдің бе: кӛйлекшең, дамбалшаң, жылы орын, жұмсақ тӛсек… 
Тағы да айналаны қараңғылық қаптады. Қараңғы түңекке, Пашко 
кеткен жаққа елеңдеп кӛз тігеміз. Жолы болса игі еді! Белгі берсе игі еді! 
Онан кейін… Сол "онан кейініміз» немен тынар екен?… 
Мұның белгісі қайда? Тықыршып күткенге әр минут сағаттай 
кӛрінеді. Әне, әне, - сәті түсті білем… 
Қараңғы түнек ішінде, қӛпір маңында теңгедей қызғылт от жалт етті 
де, сәл тұрып, ғайып болды… бір… Тағы кӛрінді… Екі… Мынаусымен үш. 
Мен: 
- Тұрыңдар! Қамданыңдар! Гранатанды сайла! Ал, жолдастар… 
Солдаттың салты: не бақ, не сор, не ӛлім, не ӛмір! Үндеместен лап беріңдер. 
Баста, Бозжанов! 
- Кӛпір үстімен бе? 
- Иә. 
Ол сыбырлап:
- Ер соңымнан! - деп жүгіре жӛнелді. Басқалар оның соңынан 
ұмтылды. 
Бір минуттан соң кӛпір тақтайының дүрсілі құлаққа келді. 

Ісіміз оңға басты… Ойламаған жерден оп-оңай жеңіске жеттік. Атпен 
жай аяңдап кӛпірден ӛттім де, ӛрттің күрең жалынына шарпылған қыстаққа 
барып кірдім. 
Әлі де кей жерде гранаталар жарылып жатыр, тарс-тұрс мылтық 
даусы, айқай-шу естіледі. Сонымен бұл жай ұрыс емес, қырғын қан тӛгіс 
болды. 
Немістер ымырт жабыла, біздің батальон орналасқан тарапқа күзет 
қойып, ӛздері емін-еркін шешініп жайбарақат жылы тӛсектерінде ұйқтап 
жатқан еді. Атылған мылтық даусын, жарылған граната гүрсілін естіп, олар 
қапелімде қарсылық кӛрсете алмады, үрейлене орындарынан атып тұрып, 
қалтырап, кӛрінген жерге; тӛсек астына, пеш артына, погребке, мал қораға 
жасырына бастады. 
Бұдан әрі не болғаны белгілі, суреттемей-ақ қояйын. 
Бензин құйып ӛртеген кӛпір лапылдап жанып жатыр. Қарауытып 
әйдік шіркеу кӛрінеді. Бір тәулік ішінде осы арада қанша рет қайтып оралдың 
десеңші? Әйнектері ұшып түскен терезе тесіктері кӛрінеді, бірен-саран сау 
қалған шынылар селодағы ӛрт сәулесімен шағылысып, қызғылттана 
жылтылдайды. 
Жауынгерлерді жинап, батальонға бастап апарсын деп Бозжановқа 
Синченконы жібердім. 


192 

Күрең тӛбелдің аяңымен, тал аралап, орманшыныны үйіне бет алып 
келем. 
Әлгіндегі қуаныш су сепкендей басылды. Кӛңілді тағы ауыр ой басты. 
Ер үстінде бар салмағыммен, зілдей боп отырмын. Алып ұшқан ӛршіл сезім 
де, жеңіске шаттанған лепес те жоқ 
- Жеңіс кілті ұрыс алдында шыңдалады, - деуші еді Панфилов. Осы 
секілді басқа тәлімді де содан үйреніп ем. 
Ал осы жолы, ұрысқа дейін мен не тындырдым? Қашқындарды 
кездестіріп, құр тәуекелге бастым, Бар болғаны сол. Сӛйтіп, жеңдім. Менің 
ұғымым, ой-пікірім, офицерлік кӛзқарасым ӛзіңізге мәлім. «Оңай жеңіс 
орысты желіктірмейді», дейді Суворов. 
Тізбектелген ауыр ойлар еңсемді түсіруде. Жүз елу - екі жүз немісті 
қырыппыз. Ал бұдан әрі не істемекпіз? Бұрынғыша құрсау ішінде, топты 
жаудың ортасында жалғыз қалып отырған жоқпыз ба? 
Аңсау арманындай болып кӛрінген қызу тілек кӛкірегінде сайрайды: 
Брудный келсе игі еді, бұйрық әкелсе игі еді деген лебіз үнін есіткендей 
болам. Шегініндер деген бұйрықты ынтығып күтуім сізге бәлкім, ерге 
лайықсыз жасықтық болып кӛрінер. Бірақ шыңдықты қалай жасырмақпын? 
Бұл сырды ӛзгелерге білдірмей, іште сақтап келсем де, ӛз арыма аян ғой! 
10 
Штаб орналасқан үлкен бӛлмеде шам жанып тұр екен. Қажыған 
түрмен Рахимов түрегелді. Еденде шинелін бүркеніп жатқан Толстунов 
басын кӛтерді де менің бетіме аңырып қарайды… 
Сұрасам ба екен? Жауаптарының тӛркіні қандай болатынын біліп 
тұрсам да, сұрап тындым. Әрине, Брудный да, бұйрық та жоқ еді. 
Тамақ әкелінді. Бірақ ас ішерлік зауқым жоқ. Толстунов түрегеп 
қасыма келді. Ұзамай Бозжанов та үйге кірді, Оның саған арнаған сыйлығы 
бар екен; аралықты алты есе жақын кӛрсететін неміс дүрбісі. Басқа уақытта 
бұған қуанар едім… Қазірде бар нәрсеге селқоспен. Сағат тӛртке кетіп 
барады. Жарық түскенше ұйқтап алса болар еді, бірақ кӛз ілуге дәрмен жоқ 
секілді. 
Синченконы дауыстап шақырдым. 
- Синченко, арақ бар ма? Рахимов, ішемісің? 
Ол бас тартты. Толстуновқа, ӛзіме құйдым. Ішейінші, бәлкім, 
ұйықтармын… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет