Тайм-кипер – бұл спикерлердің сөз сөйлеу уақытын белгілей отырып, ойын ережесінің сақталуын қадағалайтын адам Ребатл – қарсыластың сөздерін теріске шығару, қарсы аргументтер мен фактілер келтіру Саяси формат - өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады.
Мәселенің шығу себептері -олар бірнеше болуы мүмкін. Әдетте 4-5-тен аспайды. Бастысы – сіздің шешу жолыңыздан кейін бұл себептер болмау керек.
Шешу жолдары. Бұнда негізгі 4 сұраққа жауап беру керек: Қалай? Кім? Қанша? Қашан? Мәселені шешу үшін осы сұрақтарға жауап берсеңіздер жеткілікті.
Нәтиже. Басты нәтижені айтуды ұмытпау керек. Нәтижеде мәселе және оның шығу себептері жойылу керек.
Философиялық немесе құндылықты формат - өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады.
Идея - ұсынатын барлық мәселе бір ұғымға тоғысуы қажет. Яғни, аргументтер мен фактілер бірін-бірі толықтыруы керек.
Философиялық түйін – құндылықты идея ұсыну арқылы қалай дәлелдедің, соны айтып қорытындылау.
Міндеттері: Премьер-министр (Ү-1)
7 минут сөйлейді;
бірінші спикер пікірталастың анықтамасын (немесе моделін / механизмін) белгілейді, олар оппозиция командасына пікірталасқа қолайлы орын беру үшін тақырыптың қарапайым мағынасына жақын болуы керек;
кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.
Оппозиция көшбасшысы (О-1)
8 минут сөйлейді;
үкіметтің механизміне, анықтамасына, қалыптасқан жағдайына қарсы шығуы мүмкін, бірақ сіздің механизміңіздің, анықтамаңыздың, қалыптасқан жағдайдың шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап түсіндіру қажет;
үкіметтің дәйектерін терістейді;
өзінің кейсін нақты және айқын таныстырады;
кейсті бірнеше тәуелсіз дәлелдер көмегімен қолдайды.