Art s tudie s кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата20.02.2024
өлшемі5.72 Mb.
#492589
1   2   3   4   5   6   7   8
aza-ty-klassikaly-n-shyr-au-mektebini-negizi

Нәтижелер
Әлбетте, әлемдік өнерді игере білу 
жалпы адами қасиет және кәсіби міндет 
болып саналады. Ал өз халқыңның, 
еліңнің өнерін сол білім тәжірибеңмен 
дамыта, байыта білуге ат салысу парыз 
іс деп түсіну ләзім. Әрбір нәрседе 
өзінің асылына тартады. Вокалист 
әншілеріміздің қазақ халқының 
ғасырлар бойы қалыптасып, дамып 
келген бай ән орындаушылық дәстүріне 
терең қанығып, мектебін пайымдап, 
меңгеруі кәсіби біліктілікке жатады. 
Сонда ғана әнші өзінің көздеген, діттеген 
жерінен шыға алмақ. Онсыз әуелеген 
әуеннің сағынышты сезімімен тұл 
бойында тебірентіп, ғажайып бір тылсым 
әлемнен шыға келетін күйге душар 
қылар тамаша суреткер,вертуоз әншіні 
аңсау қияли сағымдай... Ұлы Абайдың 
«Талайғы кәрі дүниенің бір кетігін ұстап 
бақ» [2, 67 б.] – деген философиялық 
ойлы жолдары, көкірегінде саңылауы 
бар кейінгі буынға арналған абзал 
аманатындай көрінеді. Ендеше 
біздің осы бағыттағы үнемі, талмай 
ізденіп, талпынып жүрген мақсатты 
шаруамыздың жемісті болуы да, сол 
мақсаттың шынайылығында болмақ. 
Мәселе қазақтың классикалық әндерінің 
классикалық дауыспен шырқалуы жайлы 
ұғым, түсініктің орны және маңызы мен 
рөлі турасында. Интеллектуалды кәсіби 
тұрғыдан дәрежесі биік академиялық 
орындау ілім-тәжірибесін саралай 


106
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
отырып, іс жүзінде асыра білу процесін 
кәсіби біліктілікпен орнықтыру, дамытуда 
белсенділікпен ат салысу. Классикалық 
дауыспен акдемиялық талғаммен 
берілген шығарманы музыкалық тұрғыда 
сауатты орындап шығу алғышарттардың 
бірі. Ендігісі аталмыш шығарманы 
қазақтың халық ән орындау мектебінің 
озық үлгілерімен үндестіріп, ұштастыра 
орындау біте қайнастыра (синтез) 
шырқау тұғырына жете білу. Яғни әнді, 
шығарманы сауатты жақсы орындау бар 
да, оны асқақтата шырқау бар. 
Қазақ вокалдық-классикалық мектебі 
оның халық әндерінің орындаушылық 
мектебінен нәр алып, үндесе өрбуіне 
тәуелді. Онсыз өз ерекшелегі жоқ, 
жайдақ жалпылама болып қала бермеқ. 
Бұл осы өзекті мәселедегі алғы шарт, 
принцип. 
Яғни «Қазақ классикалық ән шырқау 
мектебі» деп, ғасырлар қойнауынаң 
қалыптасып, өрбіп келген қазак дәстүрлі 
ән орындау үрдісінің озық үлгілерімен 
әлемге ортақ кәсіби академиялық вокал 
мектебінің ұштасуымен, бітекайнасуы 
арқасында туындаған (синтез) мектеп. 
Бұл өз кезегінде әлемге өз орнымен, 
келбетімен, ерекшелігімен құнды ән 
мектебі.
Бұған қазақ әндеріндегі интонация 
өзгешелігі, әшекейлеу, әрлеу үлгісі, 
әндегі орфоэпия, орынды мелизм, мәтін 
сөзінің нота реті бойынша дұрыс ретімен 
жіктелуі, әріптің құбылмалы айтылуы, 
вокалдық дауыстың Еуропалық үлгісін 
сақтай отырып(қазақ әнінің вокалмен 
орындауда өте қолайлы екені белгілі) 
т.б. әннің ішкі дүниесін ашудағы қазақи 
ән айту болмысына табиғатына лайық, 
интонация, нақышпен әрлеу сияқты 
алғышарттар ауадай қажет. Онсыз 
шығарманың толыққанды ашылуы 
екіталай. Жалпы қазақтың классикалық 
халық әндерінің әуелеп шырқалу, 
көкжиекке көсіле құйқылжуы, әлемге 
ортақ вокалдық тұрғыдан орындалған 
тұғыры әрине бөлек қой! Бұл жерде 
қатал ескеретін нәрсе, керексіз 
жерде талғамсыз әшекейлеу, орынсыз 
бұрмалау, әрсіз, дәмсіз бірдемені 
қолдана салудан сақ болу керек. Гәп, 
шығарманың ішкі сырын, аса жоғары 
талғамдықпен аша білу тұрғысындағы 
зергерлік пен хас шеберлікте. 
Яғни жалпы әлемге ортақ 
академиялық орындау үрдісі қазақтың 
классикалық шығармаларын толыққанды 
аша алмайды. Демек қазақтың 
классикалық ән шырқау мектебінің 
негізі оның өзгешелігі мен ерекшелігін 
қамтиді.Алғашқысы мен соңғысының 
біліктілікпен үндесіп,шабытпен 
ұштасуынан туындайды.
Қазақтың халық әндерін Қазақстан 
композиторларының вокалдық 
шығармаларының әлемге ортақ 
классикалық үн, дауыспен академиялық 
үрдісте бұлайша шырқалып дәріптелуі, 
әлемдік ән өнеріне өзгеше бітім-келбеті, 
өз арнасымен келіп қосылған өміршең 
ән мектебін негіздеп, қалап отыр. Ол 
– «Қазақтың классикалық ән орындау
мектебі».
Осы мақсатта қазақтың классикалық 
әндерін саралап, сомдап шығару яғни 
орындау үшін ең алдымен:
-
Вокалдық өредегі дауыс
(диапазон, тембр т.б.).
-
Вокалдық және музыкалық
жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлік.
-
Қазақ әндерін орындаудағы
біліктілікпен, табиғи туа біткен дарын 
қасиеті керек.
-
Қазақтың халық ән орындау
(дәстүрлі) мектебінің озық үлгілерімен, 
академиялық орындау мектебінің 
арасындағы ұштасудың(синтез) негізгі 
ілімдері. 
-
Қазақ классикалық (воколдық) ән


107
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
орындау мектебі.
-
Қазақ тілі, Әндегі орфоэпия.
-
Қазақтың классикалық әндерін
негіздеуде кейінгі буынға, толқынға 
дұрыс бағыт беру. 
-
Өз кезегінде жас ұрпақты
өзіндік ерекшеліктерімен мәдениетіне 
тәрбиелеу, насихаттау барысында 
«Аға буын қайраткерлердің 
орындауларындағы таспаларды 
(запистерді) электрондық жүйеге 
келтірудің маңызы». 
-
Қазақтың классикалық әндерін,
Қазақстан композиторларының 
шығармаларын вокалдық-музыкалық 
өреден дәріптеу барысында, 
әлемдік және түріктектес елдердің 
музыкалық оку орындарына, 
теле-радио фондыларына үздік 
орындаушыларымыздың DVD және 
CD дискілер арқылы тарқатып, мәдени 
қарым-қатынас орнату игілікті, келелі іс-
шыраға қол жеткізу…
-
«Мектеп қабырғасында ән-
музыка сабағы бойынша, қазақтың 
ән орындаушылық мектебі, воколдық 
классикалық шығармаларымен оның 
дәріптелуі турасында тарихи негізделген 
мағұлмат енгізу».
-
Қазақ әндерін орындаудағы
әртүрлі өткінші ағымдардан қорғау, 
дұрыс бағытқа жолдау. 
Өнер адамының өмір жолымен үлкен 
суреткерлік өреге жетуі барысында көп 
кітап оқуы, поэзия, спорт, музейлерді 
тамашалау, философия, тарих, табиғатты 
сүю т.б. Қазіргі заманауи технологияның 
(компьютер, интернет т.б) қарқынды 
даму процессінің арқасында кез 
келген информацияні лезде тауып 
қолданғанмен, қазіргі адамдардың терең 
ойлау, бекзаттылық, қоғамдағы өзекті 
мәселелерге үстіртін қарау т.б жалпы 
адамзатқа ортақ сипат алғандай.
Жалпы қандай музыканы да 
жастайынан тындап құлағына құйып 
өскен біліктіліктің орны бір басқа. 
Қазақи ән, күй саздарын көңілге 
неғұрлым ертерек ұялатса, одан шығар 
өнердің де тамыры терең орнықтырақ 
болмақ. Келешек ұрпаққа артар 
үміт аманаты, мұрат-мақсаты болмақ. 
Сонымен бірге бүгінгі таңдағы вокалдық 
педагогикалық ілімнің алдында тұрған 
өзекті мәселе. Бұл қазақ әндерін, 
Қазақстан сазгерлерінің вокалдық 
шығармаларының өзіндік табиғи 
болмысын бұзбай, негізгі түбірін 
сақтай отырып орындау мақсатындағы
игілікті жұмыстар болмақ. Міне осы 
тұрғыдан қарағанда жасөспірім талантты 
шәкірттерімізді, жастарымызды 
тәрбиелеу барысындағы келелі 
мәселелердің де негізгі құпиясы дәл 
осында жатыр. Өскелең ұрпаққа 
тарихи ән мектебінің, өткені мен бүгінгі 
жағдайын санасына құюдың, баптап-
баулудың дәйекті бір жол-жобасы. Ол 
өткен аға толқынның орындауындағы 
таспаға жазылып қалған мол дүние 
мұраны «видео, аудио», электрондық 
жүйе арқылы ұрпаққа қауыштыру. Онсыз 
өнер, мәдениет, сөз болып отырған ән 
мектебі замана діңгегінің өнегесі, ұрпақ 
жадынан жойылып кетуі әбден мүмкін... 
Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан 
қамқорлыққа ие болып, жүйелі түрде 
өзінің баянды жалғасын тауып отырар 
ауқымды мәселе.
Кез келген көлденең соққан желдің, 
дауылдың ықпалына көнбей төтеп берер 
биік шынарды өсіре білу, баптап баули 
білу – педагогикалық бай тәжірибеден 
туатын ілім және парызды міндет!
Елдік тұрғыдан, қамкорлыкпен үнемі 
назарда ұстауды қажет етер заманауи 
талап!
-
Сонымен аттары белгілі әйгілі
көптеген халық әндері Назқоңыр, 
Алқоңыр, Ақбақай, Қарғаш, Сұрша 


108
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
қыз, Ғайни, Ақжалмаш, т.б. ғасырлар 
бой өңделіп шыңдалып,өзіндік алық 
болмысымен «Халық әні» болып халық 
айнасы, асыл құндылығы болып өнер,ел 
игілігіне айналды.
-
Ал осы халық әндерін
авторлары белгілі халық сазгерлерінен 
айырып,саралап, зерттеп,зерделеп 
«Халық әні» деп танып,бағаланды. 
Міне сол тұрғыдан,өрелі құндылығына 
лайықты,өңдеп нотаға түсірілді.Олар 
вокалдық орындауға бейімделіп 
хатталды. Баритон, Тенор, Сопрано, т.б. 
Ең бастысы әу бастағы зеттеушілер В. 
Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, 
Л. Хамиди, Б. Байқадамов, т.б. олар 
нағыз кәсіби өнер тарландары 
қайраткерлері ретінде халық әндерін 
дәлелденбеген баз біреулерге 
теліп,бұрмаламаған. Себебі олар негізгі 
алғашқы орындаушылармен бетпе-бет 
кездесіп анық, қанығына көздері жетіп 
барып,кәсіби тұрғыдан табиғи халық 
ән болмысын сақтай отырып өңдеген.
Сол себепті олар аманат етіп кеткен 
халық әндерін (ғасырдан аса уақыт 
өткенде) табан астынан авторын тауып 
бұрмалаушылықтың еш негізі жоқ.
-
Міне осы мәртебеге ие халық
әндері,әлемге ортақ вокалдық 
академиялық жанырда,мектепте 
әйгілі әншілердің орындауында 
классикалық халық әндері болып 
қалыптасты,орнықты.
-
Аталған белгілі классикалық
халық әндерінің вокалдық тұрғыдан 
өңделуі оның сол талаптан орындалуы 
профиссионалдық жағынан дамып
шыңдалды.Аталмыш өреге лайықты 
орындау мектебі қалыптасып,оның 
орнығуына замана үдерісімен 
болашаққа бағышталды.
-
Қазақ классикалық орындау
мектебінің негізіне айналған халық 
әндері ғасырлар бойы бүтіндей бір 
халықтың кешенді түрде абыроймен
атқарылып отырылған руханият 
құндылығы. Қазақ халқының өз 
ерекшелігімен,келбетімен адами өнер 
кеңістігіне қосар ән мектебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет