Art s tudie s кіріспе



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата20.02.2024
өлшемі5.72 Mb.
#492589
1   2   3   4   5   6   7   8
aza-ty-klassikaly-n-shyr-au-mektebini-negizi

Түйін сөздер: әндегі орфоэпия, классикалық өнер, әлемдік өре, кәсіби шеберлік, өнерге баулу, қазақ 
халық әні, классикалық өнер.


87
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
рухани тамырларынан нәр алмаса ол 
адаса бастайды. Демек, өнер-мәдениет 
саласындағы ұлттық табиғи болмысты 
сақтай отырып, жаңамен ұштастыруда 
әлемге ортақ құндылықтармен тиімді 
пайдалану. Яғни жаһандық дамуға 
ілесеміз деп, төл мәдениетімізге, 
руханиятымызға көлеңке түсіріп алмау. 
Ел басының «Қазақстандық мәдениет 
жобасын іске асыруға тиіспіз» – деген 
жолдардың бір астары осыған сайып 
келеді.
Қазақ даласында алғаш, вокалдық 
дауыспен орындауда классикалық мәнер 
– үрдісте қазақ әндерінің орындалуы
құлаққа тосын болғаны, оның үстіне
көптеген әншілердің вокалдық орындауы
мен қазақ әндерінің өз ерекшеліктерін
қиыстыра алмауынан туындаған екіұдай
пікірдің бүгінгі таңда да өзектілігін
жойылтқан жоқ.
Вокалдық тұрғыдағы ән, шығармалар 
орындау кезеңі өткен ғасырдың 30-40 
жылдарынан бастау алған, бұл үрдіс 
әлемге ортақ мәдени болмысымен қазақ 
еліне де терең тамыр жайып лайықты 
өнер шығармашылығымен дами, өрбіп 
жатқан ел руханияты. Ал әлемге ортақ 
классикалық, вокалдық мектеппен 
кез келген халықтың классикасын, 
оның ішінде қазақтың халық әндерін 
шырқау ыңғайлы, алайда халықтың 
ән орындау болмысын толықтай 
алып кете береді деп түсіну өрескел 
қателік. Сондықтан қазақтың халық ән 
шырқау үрдіс-мектебін сақтай отырып, 
вокалдық, академиялық өз мектебімізді 
негіздеп, қалыптастыра отырып, 
ғылыми-теориялық іліммен тәжірибені 
ұштастыра, дамыта, жан-жақты терең 
толықтыра өрбітудің маңыздылығы зор. 
Бұл кешегі, бүгінгі мен келешектің өнері, 
ұрпақ жалғастығымен өрбіп, өрістей 
отырар, қазақ халқының өн бойымен 
астаса келе мәңгілікке тартар сара 
жолы, өнер жолы.
Бұл өз кезегінде бір-бірін толықтыру 
процесімен үш кезеңге бөлініп, өзінің 
тарихи жалғасын тауып, заманауи 
үдеріспен (прогресс) өрбіп келе жатқан 
іргелі өнер бағыты.
а. Қазақтың халық әндері және 
ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі 
орындау үрдүсі.
ә. Қазақ тілі, әндегі орфоэпия, 
интонациялық ерекшеліктер. 
б. Әлемге ортақ вокалдық 
академиялық орындау мен қазақи халық 
ән орындау болмысындағы үрдістер. 
Осы екі түбірлі мектептердің негізінде 
ұштасқан «Қазақтың классикалық 
ән шырқау мектебі». Осы аталған 
үш тағылым құндылықтың,тарих,тіл 
және қазақи академиялық орындау 
дағдысынан туындайтын синкреттік өнер 
үлгісі қазақтың классикалық ән шырқау 
мектебінің негізі болып саналады. 
Өнер мен мәдениеттің бұрынғы және 
қазіргі заманауи болмысындағы ән 
төркінін, зерттеп, зерделей, бағамдай 
келіп болашаққа бағыт – бағдармен 
өрістеудің жол – жобасы, оқу құралы 
жүйісі, нұсқау ретіндегі тұжұрымның ілім 
– тағылымы.
Ертеректе қазақ халық сазгерлері –
сал-серілері өз басынан кешкен белгілі 
жағдай, не бір оқиғаға байланысты 
ғашықтық сезіммен шабыт қуатының 
əсеріне бөлене жүріп, əн мен өлең 
шығарған жəне кəсіби тұрғыдан өздері 
орындап насихаттаған. Сол кездегі 
дәстүрлі әншілердің бәрі бірдей ән, өлең 
шығара бермеген. Асқан орындаушы 
интерпретаторларда баршылық 
болған. Ал жыраулар ел-жерді аралап 
жүріп, қиссалар, батырлар жыры 
және айтыстарды жатқа орындаған. 
Мысалы: Сыр бойында Кетежүсіп, Базар, 
Тұрмағанбет солардың бірі Нұртуған 
9700 жолдан тұратын Орақ-Мамай 


88
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Қарасай-қази Едігені жырлаған. Жетісу, 
Қаратау өңірінде Жамбыл, Кенен, 
Майлықожа т.б. Сарыарқа өңірінде 
Арыстанбек, Жанақ 24 эпосты жатқа 
айтқан. Ол заманда кейбір өнерпаз 
жыраулар, бір ауылда айлап жатып 
жырлайтын, насихаттайтын сөйтіп елге 
мәдени, рухани қызмет ететін болған. 
Кейін сол əндер (жыр, қисса, айтыс, 
терме, т.б.) халық өңдеуінен, уақыт 
елегінен, небір замана тезінен өтіп 
отырған. Сөйтіп халық қазынасына, 
мұратына айналған. Міне, осылай 
қазақтың халық əндері жарық дүниеге 
келген.
Академик А.Жұбанов «Замана-
бұлбұлдары» атты кітабында 
Н.Г.Гогольдің «Малоростардың әндері 
жөнінде» деген мақаласындағы мына 
сөздерді келтірген: «Қай уақытта, кім 
шығарғанын Құдайдың өзі білетін – 
Халық музыкасында адам таңқаларлық 
көркемдіктер аяғыңды аттап басқан 
сайын кездеседі. Олар даладағы ешкім 
сеппей, ешкім бақпай, өзінен өзі өскен 
гүл тәрізді. Алғыр музыкант осы бір 
адам табиғатының үнінде не бір үлкен 
қорытынды беретін деректер жатқаның 
біледі» – дейді [2, б.17].
Ел есінде, жадында сақталып рухани 
мол, бай дүниеге айналған халық 
əндерінің, əу баста белгілі авторлары 
болғаны хақ. Бұл қазақтың, ұлы даланың 
өн бойында жан-жақты дамып, дəстүрлі 
əн өнері болып үрдіс алып отырғаны 
белгілі. Арқа, Батыс, Жетісу, Сыр өңірі 
т.б. Алайда жалпы халық əндері, халық 
композиторларының (сазгерлерінің), 
əндеріне ортақ дүние, олардың халықтық 
болмысқа айналуында. Халық өнері 
ретіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан 
негізгі, асылына, түп-тегіне тартуында. 
Айталық халық əндері «Бір бидай-арпа», 
«Бір бала», «Еркемай», «Дайдидау», «Шилі 
өзен» т.б. халық композиторларының
əндері «Біржан сал – Көкек», «Естай – 
Қорлан», «Үкілі Ыбырай – Гəкку», «Мұхит 
– Зəуреш» Сәдіғожа «Сары бидай» қай-
қайсысы да халық әндерімен үндес,
бір-бірінен ара-жігін айырып алу мүмкін
емес.
Демек, халық əндеріндегі ғасырлар 
бойы қалыптасып дамып келген өзіндік 
орындаушылық қазақи болмыс, халық 
əнін шырқау мектебінің негізі болып 
саналады. Сондықтан алғашқы негіз, 
бастау, әрине халық әндері. Ал халық 
сазгерлері Біржан-сал, Ақан-сері,Үкілі 
Ыбырай, Мұхит, Кенен,Нартай т.б. сол 
халық творчествосынан үлгі, нәр алып 
оның негізінде шығармашылық өрістеу 
тапқан. Сөйтіп даму процесіне үн 
қосқан. Ағиық композитор Н.Тілендиев 
«Егер шығарған әрбір әннің өн бойында 
халық әндерінің болмысымен үндес 
әуен (тұздық) болмаса ол ән халыққа 
жетпейді» деген болатын. 
Жалпы халық әндерін нотаға түсіріп, 
өндеп профессионалдық әр беріп, 
сара жолға шығарып, халық игілігіне 
асыру барысында ерен енбек еткен Б. 
Ерзакович, А. Затаевич, Е. Брусиловски, 
А. Жубанов, Л. Хамиди, т.б. 
Олар сол кезде халықпен етене 
жақын араласып, көптеген деректерді 
қөзбе-көз кездесіп, өз ауыздарынан 
жазып алған ғой. Бұлар халық әндерің 
қай жанырға өңдеседе, кәсібі жан-
жақтылығымен, үнемі ізденіс үстіндегі 
еңбекқорлығымен өз істеріне шын 
берілген адал қайраткерлігімен, 
ұлан-қайыр жұмыс атқарған. Соның 
арқасында аталмыш құндылық 
халқымыздың шын мәніндегі ерен, 
әлемдік дәрежесі, биік,арқалы да киелі 
өнеріне айналып отыр.
Біздің қазақ халық əндерінің 
академиялық үлгі дəрежеде орындауға 
өте ыңғайлы екені тағы бар. «Гаухартас» 
(Б. Төлегенова), «Сұршақыз» (Е. 


89
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Серкебаев) əні дəстүрлі домбырамен 
орындаудан гөрі, вокалдық дəрежеде 
өзгеріп, «шарықтай самғап əуені көркем 
құшады». Мәдидің әні «Қара кесек» 
(М. Мұсабаев), халық әні «Ақбақай» 
(Ə. Дінішов), «Ғайни» (Б. Досымжанов) 
«Алқоңыр» (Н. Нүсіпжанов), Мұхиттың 
әні «Айнамкөз», (Қ. Байқуатұлы) 
орындауларында, классикалық дүние, 
музыка, əн ретінде елге етене жақын 
екені де рас. Тіпті, халық әні «Ахау бикем» 
және Біржанның әні «Бұрылтай» бір 
әнге біріктіріп өңдеген сәттер де бар. 
Кезінде А.Сембин көсілте шырқаған 
болатын. «Дайдидау» – вокалист әншіден 
музыкалық, вокалдық, техникалық 
дайындықты керек ететін классикалық 
ән, асқақ ән. Бұл халық әнін дарынды 
жас әнші Димаш Құдайберген өзіндік 
ұлттық бояу, интерпритациясымен 
әлемдік өреде танымал етіп 
жүргені белгілі. Радио-телевидения 
бағдарламасынан қазақ копозиторлары 
халық əндерінен жүйелі концерттер 
беріліп тұратын. Б. Досымжанов, С. 
Абусейітов, А. Байтуғаев, Н. Нүсіпжанов, 
М. Н. Абдулиндер, Б. Жылысбаев, 
С. Құрманғалиева, В. Қармысова, 
Р. Бағланова, З.Қойшыбаева, Ж. 
Махамбетов, М. Шалабаев т.б. өзіндік 
интерпретациясымен, нақышына келтіре 
шырқаушы еді-ау. Егер классикалық 
қазақ əндері бұрыннан орныққан жақсы 
үрдіспен насихатталмаса рухани ұрпақ 
жалғастығы қалай сақталмақ. Кешегісіз 
бүгін, бүгінсіз ертең жоқ – деген қағида 
қайда? Сонымен ықылым заманнан 
бастау алып, өткен ғасырдың орта 
шенінде профессионалдық музыкаға 
негіз, жəне классикалық əн болып, 
ел руханиятына, игілігіне астасты. Бұл 
үдерісті 3 дəуірлер кезеңінен ғылыми 
тұжырымға саятын ілімге нақтыладық:
-
Қазақ əндерінің көне
дəуірлерден, уақыт елегінен, замана 
тезінен баянды дами отырып, шыңдалып 
қазақ халқының болмысына халық 
əндері болып өнер руханиятына айналуы.
-
Аталмыш асыл құндылықтардың
шалғай, байтақ ел арасынан теріліп, 
нотаға түсіріліп, мұқият жиналуы. Рухани 
байлық, ел қазынасына қосылып 
ұрпақпен қауышуы.
-
Осынау ата-бабадан қалған бай
мұраның негізінде профессионалдық 
музыкаға айналып, олардың сазды 
əуендерінің жан-жақты музыкалық 
жанрларға қолданылу процесі. Опера, 
хор (Капелло) ал көптеген ауқымды, 
күрделі халық əндерінің вакалдық 
музыкалық орындауда өңделіп 
(оброботка), əлемге ортақ академиялық 
орындауда шырқалуы, насихатталуы.
Қазақтың халық əндерінің негізінде, 
профессионалдық өнердің шырқау 
биігі опера жанырының қазақтың 
үлкен сахнасына келуі болды. Е. 
Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер 
Тарғын», С. Мұхамеджановтің «Айман 
– Шолпан» (муз. драма), ал халық
композиторларының шығармаларының
негізінде М.Төлебаев «Біржан – Сара», С.
Мұхамеджанов «Ақан Сері», А. Жұбанов,
Л. Хамиди «Абай» операсы т.б. (Сурет
1,2,3,4).
Сурет 1 – Е. Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсынан. 
Төлеген – Байғали Досымжанов, Бекежан – Қаукен 
Кенжетаев. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера 
және балет театры.1960 жыл.


90
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Аталмыш опералардың дені халық 
əндері, халық сазгерлерінің əндерінен 
тұратыны өнер сүйер қаумға кеңінен
белгілі. Халыққа есімдері кең танымал 
кәсіби сазгер композиторларымыздың 
(қазіргі ата, аға буын) жұртшылыққа 
етене жақын, белгілі, сүйікті əндерінің 
өзегінде халық əн шығармашылығынан 
нəр, бастау алуының мəн-жайы, осында 
жатыр.
Яғни, бұл əн орындаушылық сазгерлік 
мектебіміздің кəусар бұлақ – негізгі 
арнасы, болашаққа тартар өзіндік сара 
жолы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа, 
ұстаздан шəкіртке игі мұра болып келе 
жатқан, абзал аманаты болмақ.
Осы жерде бір ескеретін мәселенің 
келе жағы опералық профильдегі 
орындаушы әншілер (солист) орайында. 
Негізінен ауқымды, күшті диапозоны кең, 
музыкалық біліктілігі мол осы әншілер. 
Бұл әншілердің шығармаларды орындау 
үрдістерінде ежелден қалыптасқан 
мектебіне (школа) байланысты. Мысалы, 
Италия, Батыс Европа, Орыс т.б. Аталмыш 
шетел шығармаларынан ариялар, 
романстар, әндер орындау барысында 
вокалисттердің ашық дауыспен не 
жабық мәнер, дағдылары болулары 
бек мүмкін. Әлемді өнерімен тәнті 
еткен ұлы, тамаша орындаушылардың 
бары бұған дәлел.Аталмыш вокалдық 
ән мектептері хақында кәсіби маман 
дайындайтын өнер оқуларында жүйелі 
кең мағлұматтар беріп баулыйды.
Тарихы әріден басталатын әлемге 
танымал вокалдық мектептер жайында 
көптеген авторлардың жазған 
еңбектері бар. Негізінен Еуропалық 
орындаушылардың мектебін олардың 
ұлы композиторларының классикалық 
вокалдық шығармалары арқылы дамып 
қалыптастыратыны белгілі. Мысалы, 
ДЖ.Вердидің шығармаларын үздік 
орындаушы әншілер легі болады.Оның 
атақты күрделі туындыларын кез-
келген әншінің игере бермейтіні аян 
.Лирикалық,драмалық дауыстар соған 
лайық партия,рөлдер сомдалады.Жалпы 
қанша әнші болса,сонша вокалдық 
мектеп бар деген ұғым қалыптасқан.
Сурет 2 – Е. Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсынан. 
Суретте, солдан оңға қарай: Қаукен Кенжетаев, «Бекежан» 
- Құрманбек Мырзабеков, «Жібек» - Бибігүл Төлегенова, 
«Төлеген» - Амангелді Сембин. К. Шалабаев - Абай 
атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет 
театрының директоры. 1971 жыл.
Сурет 3 – М. Төлебаев «Біржан-сал» операсы. «Біржан» 
рөлінде - Амангелді Сембин. Абай атындағы мемлекеттік 
академиялық опера және балет театры. 1976 жыл.
Сурет 4 – А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсы. 
«Абай» рөлінде – Халық артисі Мұрат Мұсабаев. «Ажар» 
- Нұржамал Үсенбаева. Абай атындағы мемлекеттік 
академиялық опера және балет театры. 1985 жыл.


91
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Қазақ классикалық шығармалары 
кез келген шетел орындау мектебіне, 
қалпына келе бермейді. Осы жердегі 
«кілтипан» – да сол қазақ классикалық 
шығармаларын орындауға ыңғайлы
тыңдаушыларға ұғымды, жақын, түсінікті 
орындау мектебінің қажеттігі. Әлемге 
ортақ белгілі вокалдық, классикалық 
мектептермен қатар, үзеңгілес өзіміздің 
классикалық ән мектебінің калыптасуы, 
оның замана талабына қарай дамуы. 
Қазақ төл классикалық әншісі – деген 
ұғымның астарында: 
-
Академиялық вокалдық дауысы,
мүмкіндігі (навык) тәжірибесі, мектебі 
бар маман.
-
Музыкалық терең негізді
(базовый) кәсіби біліктілігі.
-
Қазақи ән орындау оның өзіндіқ
табиғи ерекшелігі, болмысы турасындағы 
түсінігі, жан жақты мол тұлға болуы.
Белгілі алдыңғы екеуі бір-бірімен 
қат-қабаттас өрбитұғын дағдылар. 
Ал соңғысының кемшін болуы 
ұлттық классикалық шығарманы 
орындаудағы шорқақтыққа яғни «гәп» 
осыған келіп тіріледі. Ал аталмыш осы 
үштік бітеқайнасып, үндеспейінше 
классикалық әннің толыққанды 
«шырқалуы» заманауи талап, өреден 
шыға алмайтыны анық. Бұл опералық, 
камера, концерттік бағыттағы вокаклист 
әншілерімізге ортақ талап – мектеп. 
Десекте, академиялық денгейде 
орындау барысында вокалист әнші, 
әйтеуір қазақи болса болды ғой деп 
«ортаңқолдыққа» барудан сақ болу керек. 
Классикалық өре профессионалдық 
дәрежені, кәсіби біліктілікті талап 
ететұғын тұғыр (5 сурет).
ӘДІСТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет