Артериальная гипертензия, вопросы классификации диагностики и лечения



бет1/4
Дата27.02.2022
өлшемі305.5 Kb.
#455799
  1   2   3   4
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИНДРОМДАРЫ

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИНДРОМДАРЫ

Дисфагия синдромы

  • Дисфагия синдромы
  • Дисфагия – жұтынудың бұзылуы. Басты себебі: өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады.
  • Органикалық тарылу себептері:
  • ісік
  • Жедел және созылмалы эзофагиттер
  • Өңештің күйгеннен тарылуы
  • дивертикулдар

Өңештің анато-миялық тарылу-лары

Эзофагоскопияда өңештің төменгі үштен бірінде шамалы қабыну (терминальды эзофагит).

  • Функциональды тарылу себептері:
  • Өңеш бұлшық етінің түйілуінен (невроз)
  • Сыртынан басылуынан
  • Ішіне бөгде зат түсуінен

  • Дисфагия сипатының ерекшеліктері:
  • Органикалық тарылуда әуелі құғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты).
  • Функциональды тарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).

Асқазанның моторлық функциясының бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)

  • Асқазанның моторлық функциясының бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
  • Екі түрі болады:
  • Асқазан қозғалысының жоғарылауы;
  • Асқазан қозғалысының төмендеуі.

Ас қорыту жүйесі

Асқазан қозғалысының жоғарылауы. Асқазанның органикалық ауруларында (жара гастрит және т.б.). Асқазан тонусы жоғарылайды, бұлшық еті кенеттен күшті жиырылады (спазмы).

  • Асқазан қозғалысының жоғарылауы. Асқазанның органикалық ауруларында (жара гастрит және т.б.). Асқазан тонусы жоғарылайды, бұлшық еті кенеттен күшті жиырылады (спазмы).
  • Шағымдары: а) эпигастрийде толғақ қысқан тәрізді ауырсыну; б) тамақтан кейін эпигасрийде салмақ басып тұрғандай сезім, тез тойынумен жүреді; в) кекіру; г) құсу.
  • Қарау: эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикасы көрінеді.
  • Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну.
  • Асқазан қозғалысының төмендеуі
  • Астениялық конституциялы адамдарда, асқазан төмен түскенде, іш қуысы ағзаларына операциялардан кейін, асқазанның көптеген органикалық аурулары. Соңғылары (асқазанның көптеген органикалық аурулары) асқазан қозғалысының төмендеуі түрінде де, жоғарылауы түрінде де болуы мүмкін. Шағымдары:
  • а) эпигастрийде тамақтан кейін кернеу сезімі;
  • б) лоқсу.
  • Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну, шалпыл шуы.
  • Ескерту: пилоростенозда (асқазанның пилорикалық бөлігінің тарылуынан ісік салдарынан немесе тыртықтанған жарадан) бұл жағдайда дискинезияның екі түрі алмасып отырады)
  • Шағымдары: асқазан дискинезиясының екі түрінде болатын шағымдар, екеуі кезектесіп отырады. Құсу өте сипатты: құсық көлемі көп, «шіріген жұмыртқа» иісі, ас қалдықтары, құрамында бірнеше күн бұрын жеген тамағы болады.
  • Қарау: тері асты шел май қабатының нашар дамуы (көп құсудан жүдеу), асқазан перистальтикасы көзге көрініп тұрады.
  • Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну, шалпыл шуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет