Артериалық қысым деген не?



жүктеу 21.69 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі21.69 Kb.
Артериалық қысым деген не?
Қан тамырларының тарылуы (артериалық қысым) (АҚ) деген не? – бұл қан ағымының артерия тамырының ішіне қысым жасайтын күш (тарылтатын күш).

Артериалар – қан жүретін тамырлар, онымен қан жүректен басқа органдарға барады.. Артериалық қысым сынап бағанасының миллиметрімен өлшенеді және екі цифрмен жазылады, мысалы: 120\80 мм. сынап бағанасы.

Бірінші цифр (120) «систоликалық қысым» деп аталады, (оны пациенттер «жоғарғы» деп атайды), жүрек жиырылып қанды артерияға шығарған кезде артериядағы қысымын көрсетеді, ол жүректің жиырылу күшіне байланысты.

Екінші цифр (80) – (диастоликалық қысым» деп айтады – ол жүректің бұлшық еті босаңсыған кезде артериядағы қысымды көрсетеді, ол жүректен алшақ орналасқан (перифериялық) қан тамырларының кедергісін көрсетеді.

Артериалдық гипертония деген не? – бұл артериалдық қысымның әрдайым жоғары болуы, (артериалдық қысымның әр түрлі уақытта 3 реттен кем емес жоғары болып тұруы) 140\90 мм. сынап бағасынан жоғары болуы. Артериалдық қысым кезінде жүрек, бүйректер, бас миы, қан тамырлары зақымдалады.

Артериалдық қысымды үйде қалай дұрыс өлшеуге болады:

- артериалдық қысымды өлшеу алдында 5 минуттай демалу қажет;

- артериалдық қысымды өлшеуден 30 минут бұрын шылым шегуден, шай, кофе, ішімдіктер ішуден бас тарту қажет;

АҚ өлшеу кезінде;

- орындықтың арқасына сүйеніп отыру қажет, қол үстелде қозғалмай жатуы тиіс;

- сөйлеуге болмайды;

- манжета білекті орауы тиіс, ал төменгі шеті шынтақтың бүгілген жерінен 2-3 см жоғары болуы тиіс;

- манжетаның үрленетін қабы жүрек тұсында болуы тиіс;

- аяқты айқастырмай, табанды еденге қою қажет;

- қуықты босату қажет;

- киім иықты баспауы тиіс,(артериалдық қысымды киімнің үстінен өлшеуге болмайды);

Осы үш қарапайым шарттарды орындамаса, артериалдық қысымының көрсеткіштері қате болуы мүмкін.

Артериалдық қысым миокард инфарктісі, инсульт, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, бүйректердің зақымдалуы сияқты қауіпті асқынулар тәуекелінің даму факторы болып табылады.

Артериалдық қысым тәуекелінің даму факторы

1.артық салмақ , дененің төмен белсенділігі; шылым шегу.

2.сқзылмалы күйзеліс;

3.холестериннің жоғары деңгейі (5,2 ммоль\л астам)

4.қанның құрамында қанттың жоғары деңгейі (5,5 ммоль\л астам);

5.семіздік

7.отбасыда жақын туыстардың жүрек-қан тамыры ауруының болуы;

Артериалдық гипертонияның белгілері: Бастын желке тұсының ауруы, жиі ентігу, бас айналу, мұрыннан қан кету, жиі шаршау,әлсіздік, құлақтағы шу.

Артериалдық қысымның профилактикасы:

-ұйқыны қандырып, дұрыс демала білу қажет;

- диета сақтау,

- дене жаттығулары:

- шылым шегу,алкогольді мөлшерден тыс тұтыну

- уақытылы профилактикалық қаралудан өту – ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.



Бөлімше меңгерушісі: В.Егоров


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет