Ішек-қарынның кілегейлі қабығында көптген гормондар түзіледі-гастроинтестинальдық гормондар (25 гормон бөлініп шығады). Олардың көбі пептидтер (гастрин, секретин, панкреозимин-холецистокинин, сомастотатин,гастрин, бомбезин,мотилин. ВИП т.б.). Бұл гормондар: а) ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін, моторикасын, астың сіңуі, т.б. қызметтеріне қатысады.
Өт, оның маңызы
Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.
Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Өттің құрамы
Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.
рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
Меншікті салмағы – 1,008-1,015
Су – 86,6-97,4%
Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында
Органикалық заттар
|
Бейорганикалық заттар
| - Өт пигменттері: билирубин, биливердин
- Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80%
- Холестерин.
- Муцин.
- Май қышқылдары, липидтер.
|
Na+, Fe2+, Mg2+, K+, Ca2+, аниондар: Cl-, HCO3-.
|
Ас қорытудағы өттің маңызы
- Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
- Майларды эмульсиялайды.
- Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
- Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
- Ішек қимылын күшейтеді.
- Нәжістің қалыптасуына қатысады.
- Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
- Бактериоцидтік әсер көрсетеді.
Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.
Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин
Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП
Достарыңызбен бөлісу: |