Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Әлемнің, аспан шырақтарының пайда болуы. Қиыр Солтүс­
тік халықтарының көбісі өз мифтерінде әлемнің жаратылуын 
жердің әлі қатпаған, сұйық қалпын, әлі суымаған жағдайын 
бейнелеу арқылы көрсетеді. Мәселен, орочтар дүниенің, бүкіл 
табиғаттың пайда болуы туралы мифтерін «жер әлі суымаған, 
қатаймаған заманда» болған оқиғалардан бастайды.
«Біздің жеріміз әлі суымаған, қатпаған кезде Хадау жер 
бетінде бүркіттің бір жұбын, қарғаның бір жұбын жасапты. 
Жер енді суи бастаған шақта, біздің жер түгел су екен. Бірте­
бірте мезгіл өткен сайын су тартылып, құрғақ жер көбейе 
беріпті...»
38
Міне, бұл «жер енді ғана суйи бастағанда» деген 
миф тің оқиғалары өтетін мезгіл.
Енді «Үш Күн» деп аталатын мифті келтірейік: «Оу баста 
Күн үшеу болыпты. Ол кезде жер енді ғана қатая бастаған 
екен. Жер әлі су сияқты сұйық екен. Үш Күннің үшеуі де 
жарқыраған кезде, су азая бастапты да, жер құрғай бастапты. 
Жерде өте қатты ыстық болыпты. Тау­тастар қайнапты. Ол 
заманда жер бетінде адамдар әлі жоқ екен, ешқандай тайпа, 
ешқандай тірі нәрсе болмапты. Тек Хадаулар ғана болыпты. 
Жер қатайған кезде, Хадау күннің екеуін – үлкен әпкесі мен 
3­279


[
34
]
кіші сіңлісін – садақпен атып өлтіріпті. Ортасында тұрған күн­
ді ғана қалдырыпты... Содан кейін Хадау бүркіттер мен қар­
ғаларды дүниеге келтіріпті... Осыдан кейін ғана адамдар әр 
жерде пайда бола бастапты...»
39 
Тағы бір мысал:
«Біз қазір өмір сүріп жатқан жер бұрын су болған да, су 
жер болған. Эндури келген де, бәрін өзгерткен – жерді де, суды 
да. Жерден жерді, судан суды бөлген. Сонан соң үйіне кеткен. 
Үйіне барған соң Хадауды шақырыпты. Хадау келіп: «Мені 
неге шақырдың?» – деп сұрайды Эндуриден. «Е, мен сені тегін 
шақырамын ба? Мен орта жерге барсам, су мен жер араласып 
кетіпті. Мен оларды ажыраттым. Жерді жерден, суды судан 
айырдым. Сені сол жаққа жіберу үшін шақыр дым!» – депті. 
«Ендеше жарайды. Мен барайын», – деп жауап беріпті Хадау»
40
.
Мысалға келтірілген мифтерде әлемнің судан жаралғаны 
айтылады. Мұндай ойдың дамыған әрі жүйеленген түрі кейін 
көпқұдайлық мифологияда кездеседі. Ал ороч сияқты XX ға­
сырға дейін алғашқы рулық қауымда өмір сүрген елдердің 
мифологиясында әлі әлемді, яғни Космосты Хаостан реттейтін 
құдайлар жоқ. Мұндағылар – тек жасампаз кейіпкерлер, олар 
дүниені бірден реттеп жасамайды. Алдымен бір бөлшекті, 
содан соң басқа бөлшекті жасайды, сөйтіп, дүниенің ең басты 
бөлшектерін жаратады да, солармен қатар, кейде бұрын, 
кейде кейін адамдарды дүниеге келтіреді. Жалпы, әлемнің 
пайда болуын әңгімелейтін рух­иелік мифологияда, кейінгі 
құдайлық мифологияда да эпикалық масштабта баяндалатын 
мотивтер бар екені аңғарылады. Айталық, баяғыда күллі әлем 
су болған, жер әлі қатаймаған, әлі суымаған, жер мен аспан 
бөлінбеген, жер мен су ажыратылмаған, т.т. Демек, дүние әлі 
Хаос күйінде, ол енді ғана ретке келтіріле бастаған. Ал бұл 
процесс кейінгі құдайлық мифологияда кеңінен көрсетіледі.
Рух­иелік мифологияда әлем әлі Хаос болумен бірге адам 
мен табиғаттың өзі әлі толық бөлініп бітпеген. Тіпті кейде адам 
табиғаттан бұрын пайда болады да, табиғаттың жаралуына 
куәгер болады. Ойымызға айғақ ретінде орочтардың төмендегі 
мифін келтіруге болады.
«Бұрын, бұрын, табиғат әлі пайда болмай тұрғанда, бір әйел 
өмір сүріпті. Бір күні ол жүкті болыпты. Содан ол: «Балам 


[
35
]
мезгілі келгенде бір туар!» – депті де, жүре беріпті. Туатын 
уақыты келіпті, бала тумайды. Анасының құрсағында 
жатқан бала шешесінен сұрапты: «Табиғат туып болды 
ма?» – деп. «Табиғат әлі туып болған жоқ!» – деп жауап беріпті 
анасы. Ол замандарда жылдың жартысы – қыс, жартысы 
жаз болады екен. Ал табиғаттың толық туып бітуі үшін 
қыс мүлде болмауға тиіс. Содан бала құрсақта жата беріпті. 
«Енді сұрағанда, табиғат туып болды!» деп жауап берейінші» 
деген шешімге келіпті анасы. Көп жылдар өтіпті, бір күні 
құрсақтағы бала шешесінен тағы сұрапты: «Табиғат туып 
бітті ме?» – деп. «Туып бітті!» – деп жауап беріпті анасы. 
Бала дүниеге келіпті. Туа салып, оңтүстікке қараса, расымен 
табиғат туып болыпты. Оңтүстікте жаз екен. Солтүстікке 
қараса, табиғат әлі туып болмапты. Мұздар мен қарлар әлі сол 
қалпында жатыр екен. Әлгі бала сосын айтыпты: «Солтүстікте 
табиғат толық туып болған соң, ана, дүниеге келуім керек еді. 
Ал мен болсам табиғаттың жартысы әлі туып болмаған кезде 
туыппын. Жарайды. Енді осыдан бастап жаз бен қыс болса 
дүниеге келетін адамдар енді жазда балық аулап, оны кептіріп, 
қысқа дайындасын, ал қыстыгүні аң ауласын!» – деген екен»
41
.
Бұл жерде мынаны айтпасқа болмайды. Орочтар осы ғасырға 
дейін аналық рудың аталыққа көше бастаған жағдайында өмір 
сүрген. Сондықтан жоғарыда келтірілген Ашсалда әйелдің 
табиғаттан да бұрын пайда болып, дүниеге болашақ жасампаз 
қаһарманды әкелуі – заңды нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет