[
265
]
мәлім. Айталық, «пәлен жерде», «қозы көш жер», «әудем
жер», «ат шаптырым жер» немесе «сүт қайнатым уақыт»,
«етпі
сірім уақыт», «күн арқан бойы көтерілгенде»
сияқты
кеңістік пен уақыт өлшемін білдіретін тіркестер қолданылған.
Осы негіздес өзгеріс тағы бір эпизодта көрінеді. Ол – шал мен
жігіттің кездесетін сәті. Тургенев шығармасында шал жігітті
базарда, мәрмәр фонтанға сүйеніп тұрып қарсы алады, содан
кейін оны жанжағы биік қорғанмен
қоршалған баққа ертіп
келеді. Бақтың ішінде, көгалды алаңқайда керемет ағаш өсіп
тұрады. Ағаштың бұтағында үш түсті алма.
Абайда бұл жағдай басқаша: жігіт таңертең шал айтқан
жерге барады, шал оны қолынан ұстап алып, далада бір бұзыл
ған тамға апарады. Тамның ішінде солқылдаған бір гүл өсіп
тұрады, оның басында үш түсті былқылдаған жеміс бар.
Абайдың қазақ түсінігіне сәйкес тағы бір өзгерткен нәрсесі –
жемістің түстері. Ол Тургеневтегі
кәрі әйелдің символы болып
көрінетін сары түсті қызылға ауыстырады.
Өйткені, халық символында қызыл түс қыздарға тән бола
тын.
Әйел туралы түсінікті Абай Тургеневтен мүлде басқаша
ұстанып, өзінің пікірін халық ұғымымен ұштастырып айта
ды. Мәселен, Тургеневтің «Восточная легендасында» Жапар
не себепті сары түсті алманы, яғни кәрі әйелдің махаббатын,
таңдап алғанын былай түсіндіреді: «Сделаешься слишком ум
ным – пожалуй, жить не захочется, сделаешься бо гаче всех
людей –
будут все тебе завидовать, лучше же я сорву и съем
третье, сморщенное яблоко».
Бүрісіп қалған сары алманы жеген соң Жапар сиқыршы
шал дан халифтің кәрі анасы қайда тұратынын сұрайды. Шал
баратын жолды көрсетеді.
Демек, Тургенев шығармасында Жапар сары алманы
таңдау арқылы халифтің уәзірі болды деген ой айтылады. Жа
пардың сары алманы таңдау себебі – халифтің кәрі анасына
ұнау еді делінеді. Рас, мүмкін, И.С. Тургенев
пайдаланған
алғашқы сюжетте бұлай болмаған да шығар, бірақ Тургенев
осылай аяқтаған. Оның өзіндік себебі де бар сияқты. Ұлы орыс
жазушысының шығармашылығын зерттеушілердің айтуын
ша, Тургенев өзінің бұл әңгімесін орыс патшасының сарай
өміріндегі
нақты бір фактіні әшкерелеп, мазақ ету үшін жазған
[
266
]
болу керек. Сондықтан да ол Жапарға кәрі әйелдің символы –
сары алманы таңдатады жене оның бұл таңдауын сиқыршы
шалға: «Неткен ақылды жігітсің?.. Сенің бұл байлығыңа еш
кім де қызықпайтын болады», – дегізіп, құптатып қояды
12
.
Ал Абайда кәрі әйел емес, жалпы
әйелдің символы бо лып
қызыл түс (жеміс) көрсетіледі. Масғұт өзінің қызыл жемісті,
яғни әйел затының сүйіспеншілігін қалап алуының себебін
Тургеневтің Жапарынан мүлде өзгеше түсіндіреді.
Қызылды жесем, мені әйел сүйер,
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?
Ұрғашы да жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер.
Еркектің – еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?
Достарыңызбен бөлісу: