Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет32/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

салғастырымдылығын қамтамасыз ету болып саналады.
Ақырында, ақпарат жүйесі ұтымды (тиімді) болуға тиісті, яғни 
мәліметтерді жинау, сақтау және пайдалау үшін аз шығын кетуін талап етуі 
керек. Осы талаптан ақпараттың пайдалылығын зерттеу мен осының 
негізінде артық мәліметтерді жинамай, керегін ғана кіргізу қажеттілігі 
туындайды.
Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудың ақпараттық жүйесі 
жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып құрылуы керек. Бұл болса 
шаруашылық қызметті талдаудың пәрменділігін және тиімділігін арттыруда 
қажетті шарт болып саналады.
Талдауды ұйымдастыруда оны әдестемелік қамсыздандырудың маңызы 
басқаларға қарағанда төмен емес. Кәсіпорында талдау әдістемесі қалай 
пайдаланатына байланысты оның нәтижелілігі де тәуелді болады. Талдауды 
әдістемелік қамсыздандыру үшін жауапкершілік әдетте бас маманға 
жүктеледі, ол кәсіпорындағы талдамалық жұмысқа басшылық жасайды. 
Талдау саласындағы ғылымның жетістіктері мен алдыңғы қатарлы 
тәжірибені зерттеп, шаруашылық қызметті талдау әдістемесін тұрақты 
жетілдіруге міндетті және талдау мәселелері бойынша кадрлардың 
дайындауын және қайта дайындауын қамтамасыз етеді. Шаруашылық 
қызметтің нәтижесін оралымды және кешенді зерттеуге мүмкіндік беретін 
меншікті бағдарламаны жасау немесе талдау үшін компьютерлік 
бағдарламасын бейімдеудің маңызы өте зор болады.
 
 
4.5 ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫҢ 
НӘТИЖЕСІН ҚҰЖАТТЫҚ РЕСІМДЕУ 
 
Кәсіпорын бойынша немесе оның бөлішелерінің қызметіне толық 
талдамалық зерттеу жүргізу үшін кез келген нәтижелері құжат түрінде 
ресімделуі керек. Әдетте бұл талдамалық есеп (түсіндірме хат), анықтама, 
қортынды түрінде болады.
Түсіндірме хат, көбінесе, талдаудың сыртқы пайдаланушыларына 
лайықтанып жасалынады. Егер талдау нәтижелері шаруашылық ішінде 
пайдаланатын болса, онда ол анықтама немесе қортынды түрінде 
ресімделенеді.


57 
Түсіндірме хаттың мазмұны (талдамалық есептің) айтарлықтай толық 
болуға тиісті. Ең алдымен кәсіпорынның дамуының экономикалық деңгейін, 
оның шаруашылықты жүргізу жағдайын, ассортименттік және бағалық 
саясатының сипаттамасын, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, өнімді өткізу 
нарығының үлесін, кәсіпорын беделін, іскерлер арасындағы оның атағын 
сипаттайтын жалпы мәселелерді қамтуы қажет. Сонымен қатар өткізу 
нарығында тауардың жағдайын көрсету керек, яғни нарықта әрбір тауар 
өмірлік кезеңдіктің қандай сатысында (ендіру, көтерілу және даму, жетілу, 
толық қамтамасыз етілу және құлдырау) тұрғанын көрсетуі керек. Нақты 
және ықтимал бәсекелесті сипаттап, олардың бизнесінің осал және күшті 
жағын көрсету керек.
Осыдан кейін өндірістік және қаржылық нәтижелерді, кәсіпорынның 
мүліктік және қаржылық жағдайын, оның іскерлік белсенділігін, жұмыстың 
тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің серпінін көрсету керек.
Онда есеп берген кезеңдегі оң және теріс сипаттамалары да беріледі
жұмысының өндірістік және қаржылық нәтижелеріне әсер еткен шынайы 
және субъективті, сыртқы және ішкі факторлар сырын ашып көрсетеді, 
сонымен қатар болған кемшіліктерді жоюға және болашақта кәсіпорынның 
қызмет ету тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың тізімі 
келтіріледі.
Түсіндірме хаттың талдамалық бөлігі дәлелді, стилі бойынша нақтылы 
болуы керек. Ол талдамалық есептерді, мәліметтерді түсіндіру үшін кесте 
түрінде, диаграмма және т.б. түрінде көрсетуі керек. Ресімдеу кезінде талдау 
нәтижесі бойынша жасалған ұсыныстарға аса көңіл бөлу керек. Олар 
шаруашылық қызметтің нәтижелерін жақсартуға, шаруашылық ішіндегі 
резервтерді игеруге бағытталған және жан-жақты дәлелделінген болуы керек.
Талдау нәтижелері бойынша анықтама мен қортындыға келетін болсақ, 
түсіндірме хатқа қарағанда олардың мазмұны кемшіліктер мен жетістіктерін, 
анықталған резервтерді және оны игерудің әдістерін нақтылы бейнелеуі 
керек. Бұл жерде әдеттегідей кәсіпорынға және оның қызмет ету 
жағдайларына жалпылама сипаттама беріледі.
Талдау нәтижелерін мәтінсіз түрде ресімдеуге өз алдына жеке тоқталып 
кетейік. Ол үлгілік талдамалық кестелердің тұрақты макеттерінен тұрады 
және түсіндірме хат болмайды. Талдамалық кесте материалдарды жүйелеу 
мен жинақтауға және оны түсінуге ыңғайлы түрде көрсетуге мүмкіндік 
туғызады. Кестенің түрлері әрқилы болуы мүмкін. Мәліметтерді талдау 
талабына сәйкес түрінде жасалынады. Талдамалық кестедегі көрсеткіштер 
талдамалық және түсіндіру құжаттары есебінде орналастырылуы қажет. 
Осымен қатар бір кестеде кәсіпорын жұмысының барлық көрсеткіштерін 
көрсетуге тырыспау керек немесе басқа шекке – көп кесте жасауға болмайды. 
Әмбебаптандыру және кестенің шектен тыс көп саны оны пайдалануды өте 
күрделендіріп жібереді. Талдамалық кестелер пайдалану үшін көрнекі және 
қарапайым болуға тиісті.
Талдау нәтижелерін ресімдеудің осындай тәртібі кейінгі кезде тең тарап 
келеді. Жүйеленген және өңделген ақпаратты жеке өзі түсіне алатын және 


58 
қажетті шешімді қабылдай алатын жоғары білікті мамандарға арналған. 
Мәтіні жоқ талдау оның пәрменділігін жоғарылатады, себебі талдауды 
жүргізу мен оның нәтижелерін пайдалану аралығы азаяды.
Тәжірибеде талдаудың ең елеулі деген нәтижелері кәсіпорынның 
экономикалық паспортының осы үшін қарастырылған бөлімдеріне енгізілуі 
мүмкін. Бірнеше жыл бойы осындай мәліметтердің болуы талдау 
нәтижелерін серпінді түрде қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет