Асанова с. С., Калманова н. М


Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген  өнім мен көрсетілген қызметтің құны. Тауарлы өнім



Pdf көрінісі
бет34/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген 
өнім мен көрсетілген қызметтің құны.
Тауарлы өнім жалпы өнімнен аяқталмаған өндіріс пен шаруашылық 
ішіндегі айналымды қоспағаннан пайда болады. Ол есеп беретін кезеңдегі 
көтерме бағамен көрсетіледі.   
Өткізілген өнім (сату көлемі) - бұл меншік құқығы өткен жөнетілген 
өнімнің құнынан пайда болған табыс.
Іскерлік белсенділіктің белгілі бір аралығында, яғни мезгілдік қатары-
ның min-max шекарасында өндіріс көлемі зерттеледі. Талдау min-max шека-
расында ғана емес, онан да басқа әрдайым тұрақты шығындар шегінде де 
жүргізіледі. Мезгілдік қатары мүмкіндігінше ең аз, мүмкіндігінше ең көп, 
оңтайлы мен нақты шығарылған және сатылған өнім көлемінен тұрады.
Мүмкіндігінше ең аз сатылу көлемі (залалсыз) өндірістің қалыптасқан 
жағдайында және өнімге деген қалыптасқан баға бойынша пайда болған та-
быс пен шығынның теңдігін көрсетеді.  


60 
Ең көп көлем өндірістік қуатты барынша толық пайдаланғанда ғана қам-
тамасыз етіледі.
Оңтайлы сату көлемі белгілі бір баға аралығында, өндірістің қалы-
птасқан жағдайында барынша көп пайда табуға мүмкіндік беретін көлемі бо-
лып саналады. Оңтайлау мәселесі іс-тәжірибелікке қарағанда ол теория мәсе-
лесіне жатады, бірақта өнімді шығаруды жоспарлағанда оңтайлы көлем 
бағдар болады, оны білу өте қажет.
Ассортимент - бұл әрқайсысының көлемі көрсетілген бұйым атаулары-
ның тізімі. Ассортимент толық, топтық және топішілік болып бөлінеді.
Номенклатура - нақты сатушы алушыға ұсынатын тауар топтары мен 
тауар бірліктерінің барлық түр-түрінің жиынтығы. 
Өнімді шығару мен оның сатылған көлемі бұрын қалай болғанын шола-
тын талдауды жүргізу үшін ақпарат көзі ретінде статистикалық есеп, соны-
мен қатар бухгалтерлік есеп құжаттары пайдалынады.
Келтірілген ақпарат көздері өткенге шолу жасау үшін пайдалынады
оның маңызды рөлі шаруашылық іс-әрекеттің тәжірибесінде дәлелденеді. 
Оралымды талдау бастапқы бухгалтерлі есеп бойынша жүргізіледі.
Өнімді шығару және сатуға келешектік талдау жүргізу баламалы 
басқару шешімдері мен олардың оңтайлысын талдағанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет