25
халық
денсаулығын жақсартып, әртүрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік
береді [95, 96].
Сүт өнеркәсібіндегі болашағы бар биотехнологиялық әдіс – пребиотиктер
мен пробиотиктердің синергизміне негізделген синбиотикалық биологиялық
өнімдерді жасау [97].
Функционалды сүт өнімдері мен йогурт алуда А.Г. Храмцов, Л.В.
Антипова, И.С. Хамагаева, И.А. Евдокимов, В.И. Ганина, В.Ф. Семенихина,
Н.Б. Гаврилова, М.Я. Гудкова, Б.А. Шендеров, Е.И.
Мельникова, J. Domagaia,
S´ Kaminarides және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты.
Толыққанды тамақтану мәселесін шешуде көптеген пайдалы қасиеттері
бар сүтқышқылды тағамдар ерекше орын алады. Сүтқышқылды тағамдардың
диеталық қасиеттерінің маңыздылығы сол, олар зат алмасуды жақсартып, ас
қорыту сөлдерінің бөлінуін реттейді және тәбетті күшейтеді. Сүтқышқылды
тағамдарды қорғаныш факторларымен байыту ағзаның физикалық дамуына,
ауруларды азайтуда (соның ішінде аллергия), иммундық жүйенің
және ішек
микрбиоценозының қалыптасуына жағымды әсер етеді [98, 99].
Функционалды тағамдарды алуда пробиотикалық тағамдардың орны
ерекше. Олардың құрамында тірі микроорганизмдер, микроб текті тағамдық
қоспалар болады. Осы қасиеттерінің арқасында ішек микрофлорасын реттеуге
(патогенді және зиянды ішек микрофлорасын жоюда белсенділік көрсетеді) оң
әсерін тигізеді [100].
Пробиотиктер асқазан-ішек жолдарында қорытылып, адам ағзасына
жағымды әсер ететін тірі микроорганизмдер.
Сонымен қатар пробиотиктер
антибиотиктермен емделуден кейінгі дисбактериоздың, ішек инфекциясы
ауруларын емдеуге қабілеттілігімен сипатталады. Пробиотиктердің ең маңызды
қасиеттеріне ағзаның инфекцияға қарсы тұруы, асқорытуды реттеу және
белсендіруді қамтамасыз ету қасиеті жатады [96, с. 44].
Сүтқышқылды пробиотикалық өнімдердің биологиялық құндылығы
шикізат сапасына ғана емес, сонымен қатар қолданылатын ұйытқы түрі мен
құрамына да байланысты. Сүтқышқылды өнімдердің
пробиотикалық қасиеті
қолданылатын бактериялар түріне, сол микроорганизмдер штаммдарының
қасиеттеріне де байланысты болады.
Пробиотикалық өнімдердің бір-бірінен айырмашылығы сүтқышқылды
бактериялардың
мөлшері
мен
түріне
байланысты.
Пробиотикалық
сүтқышқылды өнімдерде тірі микроорганизмдер саны жоғары болады. Осыған
байланысты тірі микроорганизмдердің көп бөлігі ішекке түсіп, жағымды әсер
ету мүмкіндігін арттыра түседі. Пробиотиктер ретінде бифидобактериялар мен
лактобактерияларға негізделген бактериалды ашытқы дақылдары қолданылады.
Сонымен бірге пробиотикалық микроорганизмдерге
Bacillus subtilis,
Достарыңызбен бөлісу: