Жұмыстың практикалық құндылығы. Тәжірибелік - аналитикалық
зерттеулердің нәтижелері бойынша түйе сүті негізінде алынған пребиотикалық
қасиеттері бар сүтқышқылды сусынның биотехнологиясы жасалды, оны
өндіруге ұйым стандарты әзірленді және бекітілді СТ ТОО 161140015749-4-
2019 «Түйе сүті негізінде пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды сусын»
(Қосымша А).
Түйе сүті негізінде алынған пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды
сусын алу биотехнологиясы «LF Company» ЖШС өндірістік сынақтан өтті
(Қосымша Б).
Алынған технологиялардың жаңалығы ҚР 2 патентімен «Түйе сүтінен
сүтқышқылды сусын – ішетін йогурт алу әдісі», «Түйе сүтінен төмен лактозалы
сүтқышқылды сусын алу тәсілі» және 1 ҚР пайдалы модель патентімен «Түйе
сүті негізінде пребиотикалық қасиеттері бар ішетін йогурт алу тәсілі»
расталады (Қосымша В).
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
-
түйе сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығы, соған сәйкес
физика-химиялық сипаттамалары;
-
пребиотикалық қасиеттері көмірсулар композициясының түйе
сүтінен жасалған сүтқышқылды өнімнің органолептикалық, физика-химиялық
және микробиологиялық көрсеткіштеріне әсері;
-
пребиотикалық қасиеттері бар көмірсулар композициясының түйе
сүтіне негізделген сүтқышқылды сусынның тағамдық, биологиялық және
энергетикалық құндылығына, сақтау мерзімін арттыруға әсері;
-
түйе сүтіне негізделген сүтқышқылды сусынның антиоксидантты
қасиетінің жоғарылауына әсері.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Дисертациялық жұмыстағы зерттеу
жұмыстары физика-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық деңгейде
орындалды.
Жұмыстың ғылыми зерттеу бағдарламасымен байланыстылығы.
Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі қаржыландырған
№ 0531/ГФ-13 «Ауылшаруашылық малдарының
сүттерін (сиыр, ешкі, бие, түйе, қой сүті) терең өңдеудің инновациялық
технологияларын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы № 0112РК00545 (2012-
2014 жж.) жобаның жалғасы ретінде орындалды, бұл жобада докторант ғылыми
қызметкер ретінде қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |