Қаша шолу §1 Байланыстырушы материалдың жалпы сипаттамасы Бейорганикалық байланыстырушы заттар


§6 Асфальто-бетондық төсеніштің бұзылуы және оны қорғау



бет8/10
Дата07.09.2023
өлшемі123.31 Kb.
#476829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
лекция - 13

§6 Асфальто-бетондық төсеніштің бұзылуы және оны қорғау

Құрылыс-жол инженері жақсы, ұзаққа шыдамды жол салуы үшін асфальто-бетонның химиялық құрамы мен қасиеттерін білуі тиіс. Жол сыртқы орта: жауын-шашын, күн радиациясы, жел, жоғары және төмен температура әсерінен бүлінеді.


Асфальто-бетонды жол құрылысында қолданылуына мына қасиеттері себепші болады:

  • механикалық тұрақтылығы оның деформацияға төзімді пластикалығымен ұштасып жатуы:

  • жоғары дәрежелі механизациямен жолдың бетін тегістеп жабу мүмкіндігі;

  • жөндеу жұмыстарын жүргізу қолайлығы.

Асфальто-бетон – әдейі таңдап алынған қоспаның қатуынан пайда болатын жасанды монолит. Оның құрамына құм, тау жыныстарының үгілуінен пайда болатын тас қиыршықтары, минералды ұнтақ, органикалық байланыстырушы – битум кіреді.
Битум – асфальто-бетонды құрайтын жоғары молекулалы көмірсутектер және олардың оттекті, күкіртті және азоты туындылары: майлар, смолалар, асфальтен мен асфальт қышқылдары не олардың ангидриді.
а) майлардың орташа молекулалық массасы 100-500, ол битумның 45-60%-н құрайды;
ә) смолалар Mr~500-1000, битумдағы ω=15-30%;
б) асфальтендер Mr~1000-1500 қатты, морт, балқымайтын заттар, оның құрамындағы ω(S)~10% болады.
в) асфальтты қышқылдар (нафтенді) – жоғары сапалы байланыстырушы материал, ол битумның 1%-н құрайды.
Битумның белгілі бір балқу температурасы болмайды, дегенмен онда асфальтен неғұрлым көп болса, ол балқуға соғұрлым берік болады.
Жол өте күрделі де, қымбат құрылыс.Сондықтан оны салатын, жобалайтын инженерлер оның беріктілігіне екі фактор әсер ететінін есте сақтауы қажет: сыртқы әсер (механикалық әсер, температура өзгерісі) және ішкі битумның ескіруі.Онда жүретін физико-химиялық реакциялар нәтижесінде оның құрылысының өзгеруінен әртүрлі қоршаған орта және физикалық әсерлерге төзімділігі кемуі байқалады, оның пластикалық қасиеттері кеміп, үгілгіш күйге келеді.
Жоғары температура және ауадағы оттегінің ұзақ әсерінен полимерлену, каогуляциялану үдерістері жүріп, соңынан жоғары молекулалы қосылыстар ыдырап, оның тұтқырлығы кемиді.
майлар → смолалар → асфальтен→карбендер → карбидтер → бос көміртек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет