Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады:
- Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
- 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш.
- 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз.
Қорыта келе адам баласы қасиетті борыштарын — үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Отбасы -сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың, бастау бұлағы. Олай болса отбасының мәні зор.
Назарларыңызға
РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |