Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет61/197
Дата13.11.2023
өлшемі1.84 Mb.
#483155
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   197
"Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану" Асхат Әлімов

1.3 Сәттілікке бағытталу

Біз әдетте сәтсіздікке көп көңіл бөлетін сияқтымыз: қандай да бір іс жасамасақ та, алдымен жіберген қателерді назарға аламыз да, қол жеткізген сәттіліктерімізге жіті мән бермейміз. Бұл ұстанымның позитивтік көзқарасты дамытпайтындығы және өмірде де, жұмыста да жағымды нәтижелерге әкелмейтіндігі анық. Үйрену процесінде өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті шығуына ниеттелмеген шәкіртте өмірінің басқа да мезеттерінде (жұмыс орнында, жанұяда, қарым-қатынаста) өз ісінің ойдағыдай аяқталуына сенімі болмайды. Оның өз істері мен әрекеттерінің жағымсыз ғана нәтиже беретіндігіне әбден сеніп кетіп, өзін ылғи да «жолы болмайтындар» қатарына қосып жүруі де мүмкін.




Лирикалық шегініс
Түсінік
«Бостандығынан айрылып, зынданға түскен екі адам бір мезгілде бастарын көтеріп жоғары қарады. Біреуі зынданның аузын жапқан тордың білеудей темірлерін көрсе, екіншісі торлы темірдің арасынан аспандағы жұлдыздарды көрді».

Оқу процесінде сәттілікке ниеттелу керек және студенттерде аяққы нәтиженің ойдағыдай болатындығына сенім қалыптастыру қажет. Мәселен, қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін үйренушіні жазаламай (төменгі баға қою, ескерту жасау, сөгу, т.б.), қатенің үйренуде алатын маңызды рөліне назар аударған жөн. Шындығына келсек, ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қате жасамай біз үйрене алмаймыз. Сол себепті де білім игерудің басты ұрандарының бірі «Жасасын қате!» болуы керек шығар. Жазалаудың орнына жіберген қателерді талдап, дұрыс қорытынды шығарып, оларды болашақта қайталамаудың жолдарын қарастыру қажет.


Егер үйренушінің бойында өз ісінің ұтымды әрі игі нәтижелі болатындығы туралы сенім қалыптаспаса, оның үйренуге деген ықыласы мен ынтасының төменгі дәрежеде болуы хақ. Сол себепті де үйрену процесінде сәттілік жағдайын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөліп тұрған жөн.
Лирикалық шегініс
Игіліктер мен кемшіліктер
Бір адам сопыға өмірде жаман адамдардың көптігін айтып, мұңын шағады.
- Өмір бақи мен адамдардың жамандығы мен нашарлығынан жапа шегудемін,- деп налыды әлгі адам.- Пәленше деген мені сөгіп, мен туралы жаман сөз айтты. Түгенше өз сөзінде тұрмады... Анау адам да мені алдап кетті, мынау да менімен бөліспеді...
- Бірге өмір сүретін, араласатын адамдардың тек қателері мен жаманшылықтарын ғана байқайтын ақымақтарға ұқсама, - депті сопы оған. - Ондай ақылсыздар адамдардың жақсы жақтарына назар аудармайды. Олар денедегі жараларға ғана жабысатын шыбындар іспеттес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет