Ақши ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары



Дата04.07.2016
өлшемі18.1 Kb.
#175921
Ақши ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары
Ақши ауылдық округінің құрамына Ақши елді мекені кіреді.

Ауылдық округтің жер көлемі 90320 га құрайды, оның ішінде елді мекен аумағы – 33982 га, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер - 87778 га, ЖТҚ –5 га.

Ауыл тұрғындарының саны 1082 адам, оның ішінде ерлер – 561, әйелдер – 521. 1082 адамнан : зейнеткерлер – 111, мүгедектер –49, 18-29 аралығындағы жастар – 172, оқушылар - 223

Еңбекке жарамды халық саны – 587 адам, оның ішінде жеке кәсіпкерлерде – 6 адам, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 119 адам (әкімшілік - 8, шағын орталық, мектеп жанындағы интернатпен орта мектепте - 96, дәрігерлік амбулаторияда, фельдшерлік-акушерлік пунктте –8, ауылдық клубта – 2 кітапханада – 1, пошта бөлімшесінде – 1, байланыс торабында – 1, электрик-1, әлеуметтік қызметкер-1).

Шаруа қожалықтарындағылар - 83. Аймақтың басқа елді мекендерінде еңбекке орналастырылғандар 30 адам. Үй-үйді аралау нәтижесінде 337 адамдар өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар анықталды, 14-і салық органында жұмысшы болып тіркелгендер.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 10 (ауылдық округ әкімі аппараты ММ, 1 орта мектеп жанындағы интернатпен шағын орталық, 1 бастауыш мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік пункт, 1 пошта бөлімшесі, АТС-1, электрик-1, әлеуметтік қызметкер-1).

Әлеуметтік нысандардан ауылда 223 оқушысы бар орта мектеп жанындағы интернатпен, 1 бастауыш мектеп, дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік пункт, ауылдық клуб, кітапхана жұмыс істеп тұр.



Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, 3 дүкен, 1 тойхана, 1 мал сою алаңы, 1 наубайхана, шаштараз жұмыс істейді.

Ауыл ішінде 6,3 шақырым жол тас-құм төселіп жасалған, сумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған, кәріз жүйесі жоқ. Көшелер ішінара жарықтандырылған, автобус қатынасы жоқ.

Ауылда 65 шаруа қожалығы, 6 жеке кәсіпкер жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы өзінің мамандандыруы бойынша мал және егін шаруашылығына бағытталады, оның ішінде ұсақ шаруа қожалық, қой өсіруін дамыту. Елді мекеннің ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлері 87778 га. Ауылдың ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлері 8718 га. Жайылымдық жерлер – 4861 га (55,7 %)), егістік – 3857 га(44,3 %).



2015 жылдың 1 қаңтарына Ақши ауылында 2239 МІҚ, 763 жылқы, 9683 қой және ешкі, 1370 құс саны бар. 2014 жылы өндірілген өнім : ет – 489,2 тонна, сүт – 1190,0 тонна, жұмыртқа – 171 мың дана, жүн – 23,8 тонна. Барлық аула саны -188

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет