Қорытынды
Бұл жұмыста біріншіден логикалық есептетерді шешу түрлері мен жолдары көрсетілген, екіншіденден ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығарудағы қиыншылықтар, олардың алатын орны көрсетіледі, логикалық есептерді шығаруда шығармашылық жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне деген , өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысын қалыптастырады, математиканы оқып- үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес , кез- келген проблеманы шеше білу , өз қабілеттеріңізді жетілдіре білу үшін қажет. Сондықтан «мен ақша санаймын , өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып барлық жетістіктерге жету үшін табиғаттағы бүкіл білімді пайдалана білуіміз қажет.
Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге , аңғарымпаздыққа , ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім. Логикалық есептерді шешуде іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу. Ойлау барысында менің дербес жұмыс істеу мүмкіндігім , көңіл қоя білу қабілетім дамыды. Зерттеу барысында жүргізілетін жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындайды.Осы жұмысты жүргізу барысы менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдетіп , жаңа іс- қимылға жетеледі.
Пайдаланылған Әдебиеттер
«Математика және физика журналдары » 2005-2012жж
Логикалық есептер жинағы Алдамұратова Т.А. 2015ж
«Қазақтың байырғы есептері » Ерубаев
Интернет мәліметтері
Достарыңызбен бөлісу: |