Ашық есік күні 1-жүргізуші. Армысыздар Ашық есік күніне келген қонақтар,ұстаздар, оқушылар!



Дата28.11.2022
өлшемі19.36 Kb.
#465913
сценарий ашық есік күні


Ашық есік күні
1-жүргізуші. Армысыздар Ашық есік күніне келген қонақтар ,ұстаздар, оқушылар!
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында әлемдік дағдарысқа төтеп беру үшін кәсіптік – техникалық мамандарды даярлау мәселесіне ерекше назар аударды.
2-жүргізуші «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіздің бақытты болғаныңыз»деп
К. Д. Ушинский айтқандай қоғамға қажетті маман даярлау заман талабы болып отыр. Кәсіптік бағдар бере отырып қоғамға қажетті маман даярлау, колледж ішінде атқарылып жатқан жұмыстарды аудан мектептеріне таратып, оқушыларды көптеп тарту мақсатында Жұмысшы мамандығын дәріптеуге арналған «не» кош келдіңіздер.
1-жүргізуші Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі 
2-жүргізуші Біздің колледждің «Жас өнерпаздар» үйірмесінің студенттерінің концерттік бағдарламасын қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,


Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!-ел сенімін ақтайтын , Қазақ елінің мәңгілік ел болуына үлес қосатын кәсіби маман болуға барлықтарыңызды шақырамыз!

2 -жүргізуші


Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.


Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Келесі кезекте колледж студенттерінің орындауындағы Флешмобты қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші Ісім оңсын десеңіз,


Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз- деп Әл-Фараби атамыз айтқандай егеменді еліміздің ертеңі –болашақ маман иесі болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз.
3 «А» тобының студенті орындауында «Көзімнің мөлдірін ай»

2-жүргізуші


Колледж іші қандай ғажап,
Таңырқаймыз қараймыз.
Жылы сөйлеп біреу келсе,
Жақсыға оны балаймыз.
Әрқайсымыз ауылдан,
Келген қазақ баласы.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Даралардың дарасы.
Бәрі құштар үйренуге,
Сабақтан бір қалмайды.
Лекцияны жазудан да,
Қолымыз еш талмайды.
Ешқайсымыз ерінбейміз,
Денеге де барамыз.
Сабақтан соң оқу залда,
Кеш батқанша боламыз – дей келе колледжіміздің окутышыларының дайындаған тренингыне қатысайық.

1-жүргізуші


Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар,
Білім қуып бөлмеге қамалғандар
Жатахана студенттерінің орындауында «Қызыл раушан» әні

2-жүргізуші


Шіркін, шіркін, қандай ғажап
Студенттік жылдарым...
Таусылмайтын дастандар көп,
Жазылмаған жырларым...
Сен де сұлу, мен де сұлу,
Шақтар еді кешегі.
Студент кез – сағындырар,
Жұмақ күндер деседі –дей келе колледждің ұстаздары орындауында «Студенттік өмір» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші


Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Келіп біздің колледжіміздің тыныс тіршілігімен танысқандарыңыз үшін рахмет. Сіздерді колледжіміздің студенттер қатарынан көруге шын жүректен тілектеспіз. Кездескенше сау болыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет