Ашық сабақ:Қан қысымын анықтау

бет4/5
Дата29.09.2023
өлшемі483.54 Kb.
#479110
түріСабақ
1   2   3   4   5
лекция қр

Қан қысымын анықтау

  • Қан қысымы – жүректің жиырылып, босаған кезеңіндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да, жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына, жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары қабырғаларының созылмалылығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және пульсті (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.
  • Систола қысымы – тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін- ақ пайда болады.
  •  

  • Диастола қысымы – жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады.
  • Систола және диастола қысымдарының арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады.

Веналық қысым төмен болады, венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді. Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң, оның қысымы одан да бетер төмендейді. Жіңішке венулаларда қан қысымы с.б.б. 6-15мм. Орташа жуандықтағы веналарда ол одан да төменірек, ал қуысты ірі веналарда қысым с.б.б. теріс 2-5 мм болуы мүмкін. Мұнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп, инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады. Адамның шынтақ ойығындағы венасында қан қысымы су бағанасы бойынша 60-120мм болады.

Қан қысымын өлшеу – жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, жүйке жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т.б. байланысты белгілі бір кезде өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола 70-тен 90 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңертең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет