Ашық сабақ:Қан қысымын анықтау



бет5/5
Дата29.09.2023
өлшемі483.54 Kb.
#479110
түріСабақ
1   2   3   4   5
лекция қр

Қан қысымын өлшеу – жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, жүйке жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т.б. байланысты белгілі бір кезде өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола 70-тен 90 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңертең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.

Тонометр

Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері:

Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері:

Әзірлеңіз: тонометрді, фонендоскопты.

Іс- әрекеттер:

  • пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
  • пациенттің қолын (алақанын) жоғары қаратып ашыңыз.
  • пациенттің иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сиятындай етіп манжетті байлаңыз.
  • монометрді манжетпен қосыңыз.
  • шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз.
  • резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм с.б. ауаны қосыңыз.
  • Ауанын қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (монометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі). Ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.
  • резеңке баллонының тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз.
  • фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систолалық жоғары қысым болып саналады.
  • ауаны одан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кезде көрсеткіші диастолалық – төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз.
  • Естеріңде болсын! Ересек адамның тұрақты қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан 100/60 мм с.б. дейін болады.

    Қан қысымының қалыпты көрсеткіштерден жоғары болуы гипертензия, ал төмен болуы гипотензия деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет