Ашық сабақтың тақырыбы: Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау технологиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет3/8
Дата02.01.2022
өлшемі152.55 Kb.
#453454
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
кіиіз ашық сабақ Айзат

ІІІ. Мағынаны ашу. Талқылау. Алдын ала - әзірленген мәтін екі топқа таратылады. Оқушылар мәтінді оқып, топта өзара талқылайды. Қарсы топқа түсіндіреді.


Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр- түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде жүннен жасалған бұйымдар қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі таңда шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда пайдаланады. Ол жиhаз бен интерьер заттарынан тиісті орын алған. Сонымен қатар бұл тамаша материалды модельерлер де қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, нағыз өнер жауhарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксесуарлар, олардың ішінде - моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезік, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті бөріктер мен етіктер бар.

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез-келген уағында, шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді. Киіз бұйымдарын дайындау кез- келген адамның қолынан келеді, тек оған белгілі машық пен төзім керек.




2 –ші мәтін

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын 2 техникалық тәсілі бар. Бірінші әдіс: Дымқылдап басу. Белгілі бір тәсілмен, бір- немесе бірнеше қабатталып жүн жайылады, үстінен сабынды ысқылтым суды себелейді. Бетіне торлы жайманы жауып алақанмен айналдыра уқалау қажет. 10- 15 минуттан соң жайманы айналдырып салып, қайтадан уқалау қажет. 40 минуттан соң бұйым сапасын тексереді. Егер қолмен киіз қылшықтарын тартқан кезде жұлынбаса, бұйым дайын болғаны.  Жүнді басып болған соң жылы сумен жақсылап жуады, жайлап сығып кептіреді. 1,5 см жайма алу үшін жүнді 2 см қалыңдықта жаяды. Бірінші тәсілмен жалпақ бұйымдар киім- кешек, картиналар т.б. бұйымдар жасауға болады. Екінші әдіс: Құрғақ әдіспен басу. Бұл әдіс соңғы кезде пайда болды. Ол жазық заттар мен жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау - киізді құрғақ басу деп аталады. Басуға арналған инелердің арнайы кертіктері бар, ине жүн ішінен өткенде, сол кертіктер жүн талшықтарын іліп әкетіп, араластырады, ұйыстырып тығыздайды. Үшбұрышты №36, 38, 40 және жұлдызша тәрізді №38 инелер жиі қолданылады. №36 – жүнді тез басу үшін қолданады. №38 – әмбебап ине. №40 – бұйымды ақырғы өңдеген кезде қолданады. Бұл әдіспен- көлемді бұйымдар, ойыншықтар, моншақтар, және алдын – ала басылып дайындалған киізге өрнектер салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет