Р/с
|
Жұмыстың реті
|
Қажетті құралдар мен Материалдар
|
Графикалық бейнесі
|
1
|
Жүннен панно негізінің бірінші қабатын жаямыз. Жүн таспасын алдымен екіге, сосын тағы да екі бөлікке бөліп аламыз (төртке бөлу). Таспаның шетін алақанға салып төрт саусақпен қыса отырып жайлап созып бөліп аламыз да жайманың бетіне бір қатар жалғай төсеп шығамыз. Екінші қатарды бірінші қатардың шетін жанай төсейміз. Осылайша астындағы негіздің бетін түгел жаба жүн төсейміз.
|
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка
|
«Пехорка» жүні
1 –қатар 2 –қатар
|
2
|
2- ші қабатты бірінші қабатқа перпендикуляр төсейміз
|
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка
|
|
3
|
3- ші қабатты екінші қабатқа перпендикуляр төсейміз
|
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка,
|
|
4
|
Гүл жапырақтарын, сабақтарын әрлеп жаямыз.
|
3- 4 түрлі боялған жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка
|
|
5
|
Сабынды ыстық суды жүн бетіне мұқият себелеп, бетін торлы жаймамен жабамыз. Алақанмен 10- 15уқалап, келесі бетіне аударып қайта уқалау қажет. Жалпы 40 минуттай уқалап сапасын тексереміз. Егер қолмен киіз қылшықтарын тартқан кезде жұлынбаса, бұйым дайын болғаны.
|
Сабын, ыстық су, суға арналған тостақ, торлы жайма, бүршікті клеенка
|
|
Жүнді басып болған соң жылы сумен жақсылап жуады, жайлап сығып кептіреді. 1,5 см жайма алу үшін жүнді 2 см қалыңдықта жаяды
|
Сабын, ыстық су, суға арналған тостақ, торлы жайма, бүршікті клеенка
|