Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ұлы даланың ұлы тұлғасы: әл-Фараби. Ашық тәрбие сағатының мақсаты



бет2/6
Дата02.05.2023
өлшемі32.46 Kb.
#473150
1   2   3   4   5   6
Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы ?лы даланы? ?лы т?л?асы ?л-Фараби.

Әл-Фараби-психолог.
Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Екіншіден әл-Фараби грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп шығыста үлкен қозғалыс жаңа бағыттар бастады.

Әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Әл-Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.


Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады. Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі. Мұнда Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне талдау жасаған.


Әл-Фараби - философ.
Әл –Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы туралы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру. Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Әл-Фарабидің лирика жанрында жазған өлеңдерінің бірі: «Қашықтасың туған жер»

  • Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.



Әл-Фараби -ғалым

  • Әл-Фараби - ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Ол:

  • музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді,

  • математикада үлкен жаңалықтар ашты,

  • астрономия жайлы үлкен еңбектер қалдырды,

  • физика ғылымын жаңа идеялармен байытты,

  • медицина, химия, минерология, жаратылыстану ғылымдары бойынша еңбектер жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет