Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Ұлы даланың ұлы тұлғасы: әл-Фараби. Ашық тәрбие сағатының мақсаты



бет1/6
Дата02.05.2023
өлшемі32.46 Kb.
#473150
  1   2   3   4   5   6
Ашы? т?рбие са?аты Та?ырыбы ?лы даланы? ?лы т?л?асы ?л-Фараби.


Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы даланың ұлы тұлғасы: әл-Фараби.


Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әл-Фарабидің еңбек жолы туралы түсінік бере отырып, ғұламаның жан-жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсініп, даналығымен танысу.
Дамытушылық: Даналықтарынан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеп, өз өмірлеріне пайдалану.
Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби даналығынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Қайырлы күн!
Жомарт жерім, өр жерім,
Өзендерім көлдерім.
Қайырлы күн
Керме иықты кең далам,
Құба жонды белдерім.
Арқалап – ап ырыс – құт,
Келеді әне күн шығып.
Қайырлы күн тіршілік,
Қайырлы күн тыныштық!
Армысыздар, құрметті оқытушылар мен оқушылар!
Биыл 2020 жыл ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, кемеңгерлігі мен кеңдігі биікке шығарған, озат ойы топтан оздырған, парасат пайымы әлемдік деңгейде мойындалған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосты.


2-жүргізуші:
Иә, Әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік өркениеттің игілігі, ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Төрткүл дүниеге танымал ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерей тойының орны ерекше. «Ұлы даланың ұлы тұлғасы: әл-Фараби» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Рухты жаңғыртып, әлемге көктен берді.
Білім отын жандырып өткен екен,
Әл-Фараби бабамыз көптен бері– деп, әл – Фараби бабамызға арналған арнауды қабыл алыңыздар.
Отырарлық Ұлы бабама арнау
Жастайынан жарқырап жалындаған,
Отырардың перзенті ғалым бабам.
Еш кетпейтін ерекше еңбектері,
Асулары санаулы алынбаған.

Өнер барда өзгеден қалайын ба,


Тарихына үңіліп қарайын да.
Өмірінің өткізген көп бөлігін,
Ғылымменен білімнің сарайында.

Кездессе де өмірдің сан сынағы,


Өз- өзін өрге қарай қамшылады.
Қамшының сабындай бір өмірінде,
Бола білген тарихтың шам- шырағы.

Қаншама шарлап әлем қалаларын,


Ғылымның зерттеген салаларын.
70-тілді меңгеріп білімдерін,
Сусындатты жас шәкірт балаларын.

Уақыт тоқтап тұрмайды қозғалады,


Сіздей жандар өтсе де із қалады.
Әлемге екінші ұстаз болады деп-
Кім ойлаған Отырарлық бозбаланы.

Біздің емес бар әлемнің данасы,


Болмас оған ешбір жанның таласы.
Өзіңізбен ұрпағына өнеге,
Мақтанады әрбір қазақ баласы.

Отырар - Әл - Фараби туған қала.


Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа.


2-жүргізуші: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фарабидің айналысқан ғылым салаларымен таныстырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет