Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік туымыз! Өткізген: Абдолла Наурызхан 3 сынып



бет7/9
Дата15.09.2022
өлшемі82.5 Kb.
#460814
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

8- оқушы (ту) Сәбина
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп нұр
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр
Жандарымыз жайдары
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты
9- оқушы (елтаңба) Аружан
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей елімнің.
Бабам тұлпар жаратты.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Өркениет төрінде,
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
10- оқушы Ақжүніс
1996 жылы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн.
11 – оқушы Камила
1997 жылы 11 қазан - Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында : « Елімізді2030 жылы айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп мол сенім білдірді. Бұл сенімді ақтау – олардың басты міндеті.
2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жас пен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжоловағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп,шөліркеп тамсанады, 
Өкінішпе,білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Қонысбай Қарақаттың орындауындағы ән: «Атамекен»
Битан Райхан Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» өлеңі 
Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге, қайта келдім. 
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен
Құрсағыма сыйдырдым даланы кең,
Пәк сәбимін бесікте уілдеген
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда
Шарықтасам, қыран боп шыңға, шықтым
Ұлы аманат етейін еркіндікті, 
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте. 
Аңсаймын мен сенемін туады ертең. 
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет