Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік туымыз! Өткізген: Абдолла Наурызхан 3 сынып



бет6/9
Дата15.09.2022
өлшемі82.5 Kb.
#460814
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

12 оқушы: Шыңғыс
Батыр бабаң Бауыржан 
Қолдады ма, қарағым, 
Желтоқсанның шыдадың 
Толғағына, қарағым. 
Арман, арман, арман көп. 
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де, 
Таң қалдырған қарағым! 

2- жүргізуші
Бар үмітін көкейінде сақтаған,
Елімменен қуанамын, мақтанам
Қиындықпен жеткен талай жеңіске,
Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз.
1оқушы Алаш
1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды.Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.
2- оқушы Альбина
1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.
3- оқушы Диана
1991 жылы 10 желтоқсан - Советтік Социалистік Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы болып өзгерген күн.
4- оқушы Д.Нұрай
1991 жылы 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдаған күн
5-оқушы А.Нұрай
1991 жылы 20 желтоқсан. Он бір Тәуелсіз мемлекеттердің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды.
6 –оқушы Мерей
1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн. Міне, осы бір қасиетті күннен бастап , біздің елімізді әлем тани бастады.
1- жүргізуші
Әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілері бар.
Сол сияқты «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, шекарасы, теңгесімен, діні, тілімен басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел.»
1992 жыл 4 маусым - Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданған күн, келесі кезекті еліміздің ұлттық нышандары туралы тақпақтарға береміз.
7- оқушы (әнұран) Айдын
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі - әнұран
Сезім биігі,
Төзім иығы - әнұран.
Әннің асылы,
Ұранның басымы - әнұран


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет