Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік туымыз! Өткізген: Абдолла Наурызхан 3 сынып



бет8/9
Дата15.09.2022
өлшемі82.5 Kb.
#460814
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы

Көрініс:
1- жүргізушіЖелтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Қайратты тергеуге әкеледі.) 
(Күй ойнайды)
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!...
Қайрат: Дамир
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім. 
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне 
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші: Нұрбек
Түкірдім мен жырларыңа 
Ит, не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа, 
Өлердей ғып, тепкіледім. 
Алдап-арбау тәсілімен, 
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші: Асылан
Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп, 
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең 
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат: Дамир
Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан 
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші Асылан
Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға 
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма? 
Бәрі бір іске аспады амалдарың 
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың 
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз. 
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:Дамир
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең алыңдар 
Қайрат деген атым бар 
Қазақ деген затым бар 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар.
2 жүргізуші Ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.
Тоқтар:
Қазағыңды Қайрат деп
Тамсандырған қарағым! 
Мамық болсын қара жер, 
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем, 
Тәубе, тәубе, тәубе етем!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет