Сөз әсерлігі
Қазақ тілі - өзінің өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, қысылтаяң қатал жағдайға қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын ең әсерлі, ең әдемі шешен тіл. Б.Момышұлы
Егер де сөйлеуші адамның сөзі көпшілік қауымды ұйытып, тыңдаушының айызын қандырса, сөзі әсерлі, қызықты, тартымды болды дейміз. Солай бола тұрса да әр сөзді сазына келтіріп, жігерлендіріп айта білу де әрбір тыңдаушыға жақсы әсер етіп, сол сөзге назар аударып мән беруге жетелейді. Ой мен сезімге бірдей әсер етіп жатқан мұндай сөздерді тыңдай беруден ешкім де жалықпайды. Сондықтан орфоэпиялық норманы қатаң сақтап, сол негізде сөйлесе, сөз мәнеріне, табиғатына көңіл бөлсе, даусы ашық, түсінікті, жігерлі болса – сөз әсерсіз, ойсыз болмайды. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей байланысты шарттарының бірі – сөзді сазына, нақышына, мақыныма сай айта білу. Әрбір сөзге, әрбір тілге тән дыбыстық заңдылық болады, тыңдаушының құлағына түрпідей тиіп жалықтырып жіберетіндері де бар. Яғни, қазақ тіліндегі үндестік заңын қатаң сақтап, сол жүйені бұзбай сөйлесек әрбір сөздің сазына, ритмикалық-әдістемелік ерекшелігіне де ешбір сызат түспейді. Мысалы: құлын – құлұн, бұрын – бұрұн, көңіл – көңүл, орын – орұн, досжаран – дошшаран, он қабат- онғабат, мен келдім – меңгелдім т.б. (соңғы сыңары сөздің орфоэпиялық нормасы).
Сонымен сөзді сазына келтіріп, нақыш өрнегін сақтап айту, сөйлейтін сөзіне, тыңдаушысына селқос қарамау, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлеуді мақсат ету –сөз әсерлігінің ең негізгі шарттары. Кейде әдеби шығармаларда деректі ұғымдағы сөздерді әдеттегідей бәрімізге үйреншікті, қарапайым үлгіде қолданатын болсақ, әрбір сөздің не сөйлемнің ешбір әсері болмайды. Мысалы: Жел соқты, қар жауып, боран болды деген сөйлемнің айтылуы кім-кімге болса да таңсық емес. Шығарма тілі де бастан-аяқ осындай дағдыла сүрлеуден шықпай, үйреншікті қолданыста құрылса, ешкімді қызықтырмайтындығы, әсерсіз болатындығы айдан анық. «Тілі тартымсыз», «сөзі бедерсіз» деген үлкен мін тағылып, ондай шығарманың сыналып жататындығы белгілі. Сөз шеберлерінің қолданысында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай тосын қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады.
«Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Ақ дала меңіреу болып түнеруде. Қайғылы сары бел боран әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп жата берді» (М.Ә.)
Сол сияқты мына үзіндіге көңіл бөлейік: Ай сүттей жарық, ауыл адамдарының бәрі тегіс ұйқыда. Қыбырлаған жан жоқ. Тек қана күйіс қайырған малдың дауысы ғана естіледі (студенттің шығарма жұмыстарынан).
Осы бір көріністі көркем әдеби шығармада жазушының қалай суреттеп бергеніне назар аударайық. «Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында көкөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты. Өзек бойына шашырап қонған ақ шұбар ауылдар әр жерде тарғақтың, үйрек-қаздың ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен дөңгеленіп, үрмелей отыр еді, ауылдардың көпшілігі жатқан. Түңліктері жабылған ақ тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып қалқығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан, тегіс қалғыған ұйқыда» (М.Ә).
Әдеттегі тіл жұмсауымызда «асау жел», «қайғылы сара белборан», «ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұман», «ай сәулесі түсіп маңқиып» деген сөз тізбектерін қолдана бермейміз. Алайда, жансызға жан бітіру, сөзді тосын қолдану құр мақсат емес.
Алайда тұрақты сөз тізбектерін шамадан тыс, бірінен кейін бірін бастырмалата қолданудың әсері басқаша болуға тиіс. Негізінде басы артық бейнелі қолданыс оқушы ойын алаңдатып, көркем шығармаға деген ықыласын төмендетеді. Өйткені, үсті-үстіне, іргелес қолданылған тұрақты тізбектердің бояуы шымқай, жылтыры басым болған сайын өзара «бәсекелесіп» біріне-бірі бөгеліс болады. Басқаша айтқанда, тіл көркемдігіне кері әсерін тигізеді. Мысалы:
«Жанымызды шүберекке түйіп, қанымызды торсыққа құйып, басты оққа байлап, қыз асылатын мойнымызды қылышқа тосып, тәуекел деп, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» (журналдан).
Осындағы «жасанған жаумен жамыраған қойдай араластық та кеттік» тәрізді қолданыс қой қоралап, көгеннен қозы ағытып көрген қазаққа сүйсінер сурет бола қояр ма екен? Шындыққа жүгінсек, қой емес, жамырайтын қозы ғой. Көгеннен ағытылған қозылар өрістен қайтқан енелерімен жапа-тармағай еміреніп, табысып жатпай ма? Олай болса, жалаңдаған қылыш, жасанған жаумен сарбаздардың қоян-қолтық айқасын автордың жамыраған қой арқылы бейнелеймін деуі құр сөз әурешілігі сияқты.
Кейде кейбір әңгіме, повестерді оқып отырғанда «сыңғырлаған күлкі», «қозғалмайтын тау», «таза ауа», «өзгеріссіз өмір» тәрізді дағдылы тіркес, дайын теңеулердің шектен тыс көбірек қолданылуы тіл шеберлігін таныта бермейді. Болмысты өз көзімен көріп, оны өзіндік тіл өнерімен жеткізе білу жазушының дүниетанымын, ой-өрісін, стильдік ерекшелігін, эстетикалық талғамын көрсетіп қана қоймай, көркем сөз шебері аталуының мықты бір дәлелі де бола алады.
Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі – сөздің әсерлі жетуі. Сөздің әсерлігі сөйлеушінің даусына, сөйлеу мәнеріне, сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байланысты.
Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл-күй жағдайын, сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген мамандық иелері үшін дауыс үлкен роль атқарады. Сөздің дәл, орнымен қолдануымен қоса, көркем де әдемі сөздерді таңдап алғанымен, орынсыз дыбысты, сөзді көтеру, созу немесе ақырын айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай, тыңдаушыны жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған, жағдайға лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әнгіме, сұхбат, кез келген жазбаша үлгідегі мәтінге тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі болатыны сөзсіз.
Сөздің әсерлігінің екінші жағы – сөздің тура мағынасында қолданумен бірге оны суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту. Мысалы: қуанды дегеннен де «көзі жайнап, жүзі бал-бұл жанды» деген әсерлі болары сөзсіз.
Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы.
Метафора тәсілі – сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде астарлы тың мағына жасау. Мысалы: «Өзім – Күнмін, өзім - от» (Мағжан). Осындағы «Күнмін», «от» метафора тәсілі арқылы ауыспалы мағынаға ие болған.
Метонимия – зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы. Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар (мақал). Ақпа құлақ «ұғымсыз» мағынасын, құйма құлақ «ұғымтал», «зерек» мағынасын ауыстырып тұр.
Синекдоха – жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын мағына. Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық», «ел» мағынасын береді.
Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрылым кең берем деп тыңдаушы, оқышыға тегеурінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы сөздерді тым қоюлатып, сурет-сөзге әсері еліктеп кетуге де болмайды.
Қорыта келсек, сөздің әсерлі жетуі сөзді мәнерлеп айтуға қажет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерекшелігіне, тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеуді орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді дәл тауып, қолдануға байланысты.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1-тапсырма. Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.
1. Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр. 2. Таң атты. 3. Бөлме іші ысып кетті. 4. Асқар қатты қуанды. 5. Алыстан малшылардың қой қайырған дауыстары естіледі.
Үлгі: Өзгеден оқшау тұрған жалғыз тал төңірегіне тәкаппарсып қарайтындай.
Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр
Мұң басқан жалғыз тал топтасқан тұстағы у-шуға қызыға, қызғана қарайды.
Ылғалы мол, күн көзі өзіне ғана еркін жеткенімен, жалғыз тал өзеннен алысырақтағы, тоғай ішіндегі, көп ағаштың бірі болмағанына өкінеді.
2-тапсырма. Сөзді әсерлі жеткізуде кестеде көрсетілген әр бөліктің орны қалай екенін айтып беріңдер.
Сөздің әсерлі жетуі
|
Дерек-дәлел
|
Ойға қатысты түрлі беделді пікірлер
|
статистикалық
|
өмірден
|
заң
|
мақал-мәтел
|
ғылыми
|
әдебиеттен,
тарихтан
|
қанатты
сөздер
|
қалыптасқан әдет
дәстүр, ережелері
|
Үлгі: Әдептілік пен халықтық таным ортақ. Мысалы: адамды айналма, адамға қарап түкірме, есінеме деген тыйым сөздер әрі әдептілік, әрі таным. «Айналайын» сөзінде емірену, толғанумен бірге саған келген қиындықты мен көтеріп алайын деген түсінік берер, сол адамды айнала жүріп жамандықтан қорғар дәстүр де бар.
Ұлттық мәдениет және баспасөз
Біздер осы уақытқа дейін өзіміздің төл тарихымызға да, ежелгі мәдениетімізге де Еуропа жұртшылығының көзқарасымен қарап, батыстық тұрғыдан баға беріп келдік.
Оған кезінде белгілі орыс ғалымы Л.Н.Гумилевтің: "Әрбір этностың өзіндік ішкі құрылымы және өзіндік қайталанбас қасиет білімі болады",- деп айтқаны куә.
Адамзат өркениеті мәдениеттердің әр түрлілігімен және әр тектілігімен бай. Ендеше, осыған орай қазақтың да одан арғысы ежелгі түріктердің де мәдениеті ерекше қалыптасқан және адамзат мәдениетінің белгілі бір қайталанбас дара бөлігі екендігі ақиқат. Сондықтан әуелі мәдениет дегеннің өзі не? Соған тоқталайық. Мәселен, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында: "Мәдениет дегеніміз - адамдардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан рухани және материалдық игіліктері болып табылады делінген. Бүл жалпылама, жалаң ғана пікір, сірә тоқырау жылдары кезеңінде ұлттық мәдениетке мән бермеуден туса керек. Ал шын мәнінде мәдениет ауқымы кең, алар орны ерекше. Бұл турасында қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Ә.Марғүлан: "Мәдениет дегеніміз - адамзат баласының акыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі - зор қоғамдық сипат"- деген екен.
Сонымен мәдениет, халық мәдениеті - ұлттық тарих сахнасында қалыптастырып мәдениет мұрасы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, яғни мәдениет өз топырағында дамып, өркендеуі тиіс. Мәдениетті сонымен қатар қоғамдық болмысымыздың барлық саласымен тамырлас, астас жатқан қасиетті ұғым ретінде де қарағанымыз жөн.
"Адам мәдениетті дамытады, мәдениет адамды тәрбиелейді" деген ұлағатты ұғымға сүйене отырып мәдениет тарихының - рухани және материалдық болып екі салаға бөлінетінін білеміз.
Рухани мәдениетке - күллі басылымдар, радио, теледидар койылымдары, кино, оқу-ағарту істері т.б. жатады. Ал тарихи ескерткіштер, театр үйлері, клубтар, мұражайлар т.б. толып жаткан мәдени мекемелер, сонымен қатар қол өнер мұралары, зергерлік т.б. материалдық мәдениетке жатады. Жалпылай айтқанда мәдениеттің қатыспайтын саласы жок. Мысалы, олар экономикалық, экологиялық, халықаралық-дипломатиялық, саяси мәдениет т.б. болып жалғаса береді.
Рухани мәдениеттің өзі этикалық, эстетикалық болып түрлене түсер еді.
1. Этикалык мәдениетке - жүріс-тұрыс мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, жазу-сызу мәдениеті, тамақтану мәдениеті, көрермендік-оқырмандық мәдениет, діни мәдениет жатады. Осы айтылған пікіріміздің баспасөзде көрінісі қалай деген мәселеге келетін болсақ, онда еліміздің ұстанған бағыт-бағдарынан бастап, адам жан дүниесіне дейін газет беттерінде күнделікті жазылып жүр. Әсіресе казақ басылымдары оның ішінде "Қазақ елі", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Егемен Қазакстан" т.б. газеттерде халықтың басына түскен ауыртпалықты, экономикалық қиындықты, рухани жұтап бара жатқанымыз жайлы мәселелер көтеріп, жарық көруде. Мысалы, "Ақ жол" газетінің 1994 жылғы 14 желтоқсан күнгі санында Қуаныш Иембердітегінің "Депутат және өмір" айдарымен берілген, "Мәдениетін өгейсіткен ел-қанаты қайырылған құс" атты материалы жарық көрді. Материалда сол кездегі халық депугаттары Шерхан Мұртаза мен Уәлихан Қалижан өздері сайланған облыс, ауылдарға барып мәдениет қызметкерлерімен кеңескен әңгімелерін сөз етеді. Мақалаға тақырыптық жағынан келсек: тақырып ашылған: Мысалы, құстын екі қанатының бірі - экономика болса, екіншісі - мәдениет болуы керектігі айтылады. Осы екеуі қатар жүрсе ғана іс оңалады. Өкінішке орай бізде қазір, бүкіл ниетіміз тек экономикаға ауып, құсымыз жер сабалап, сыңар жақтау күй кешудеміз...
Қазақстан қанша қиын кездерді басынан өткерсе де, рухани дүниемізде бізге кімдер келіп жетті десек, сол Әл-Фараби, Абай, Жамбыл жетті. Міне, рухани мәдениеттің өмірлік азық екеніне тағы көз жеткізесің. Елдігімізді танытатын да осы мәдениет екенін естен шығармаған жөн. Бұл мақалада діни мәдениет туралы да жақсы пікірлер бар.
Сабақ барысында осындай материалдар жан-жақты талданады, әсіресе біз болашақ журналистер дайындайтын болғандықтан көбіне-көп автордың жазу стиліне, мақалада автордың проблеманы өрбітуі, фактіні дұрыс пайдалануы т.б. мәселелерге көбірек тоқтап, талдау жасаймыз. Міне, рухани мәдениет туралы ойымыздың қортындысы ретінде: Мәдениеттің негізгі тірегі "Өзіңді өзің жаттан сыйла, жат жанынан түңілсін" деген ұғымға саяды. Қоғамды, мәдениетті дамыту үшін бар күшіңді жұмсау, көп сөз, боссөзділіктен арылу, ешкімге тәуелді болмау үшін жас ұрпақты үлкен қамқорлыққа алу.
Мысалы: Эстетикалық мәдениет жайында "Өркен" газетінің 1994 жылғы 26 ақпанында жарық керген Жүмабай Ахметовтің "Мәдениеттілік туралы сөз" атты мақаласын талдап көрелік.
Автор мақалада жүріс-тұрыс, сөйлеу, тамақтану, көпшілік орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне тоқталады.
Біз өзімізді қоғамдық көлікте, дүкенде, қонақта, туыстар арасында ұстауды білеміз бе? деген өз сұрағына былай деп жауап береді.
"Дөрекі сөз дұрыс қарым-қатынасқа кедергіжасап, адамның көңіл-күйін төмендетеді. А.П.Чехов өзінің інісіне жазған хатында мәдениетті адамға тән төмендегі негізгі талаптарды ашып корсетеді. Олардың кейбіреулері:
1) "Олар адамның тұлғасын сыйлайды, сондықтан сыпайы, биязы келеді".
2) "Олар адамдарда аяғыш".
3) "Олар ағынан жарылады; ешкашан өтірік айтпайды" дейді.
Сонымен қатар, басқышпен көтеріліп, төмен түскен жағдайда ер адам әйелдің соңында жүргені жөн.
Есікті бірінші болып ашады. Егер әйел адаммен тысқа бірге шығатын болсаңыз, киінуге көмектесіңіз көшеде әйел оң жағыңызда жүруге тиіс деген сияқты қарапайым болса да, үлкен мәні бар мәдениеттіліктің тармақтарына тоқталады. Жалпы автор мәдениеттілікті күнделікті өмір тіршілігімен байланыстыра оқырманға жеңіл де түсінікті етіп жеткізе білген.
Мәдениет кең мағыналы ұғым. Оның салалары мен түрлері қандай көп болса, қоғамдық өмірден алар орны да әр алуан және маңызды, "Мәдениеттің өзін ғылым, өнер, ағарту, тіл және әдебиет құрайды". (Қазақ Кеңес Энциклопедиясы. 7-тен 544 бет). А. 1976.
Енді сол мәдениеттің ең бір үлкен саласы өнерге тоқталайық: "Өнер өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекеті, өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы".
Ал қазақ өнерінің тарихын зерттеушілердің бастауы көзінде тұрған Ахмет Байтұрсынов әлемдік өнер түрлерін, оның атауларын көңіл көзінен өткізе келе өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінің "Аңдату" деп аталатын кіріспе бөлімінде өнер тақырыбы туралы сөз қозғайды.
"Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, өзен, бұлақ - баулар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады, адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адамның ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Осы екі анықтамадан өнер ұғымына адамның технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалған адам іс-әрекетінің, қызметінің барлық түрлері жатады деп ой түюге болады.
Демек, өнердің максаты - дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу де, ал, міндеті - оқушысын қуаныш пен ләззатқа бөлейтін, рухани жағынан байытып, оның әсемдікке деген сезімдерін оятатын көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасау.
Бүгінде қанша жерден қара күйе жаққанымызбен де Қазан төнкерісі қазақ даласына мәдениеті мен өнеріне үлкен өзгерістер мен табыстар әкелгендігін жоққа шығара алмаймыз. Қазақтар Кеңес өкіметі тұсында алуан салалы, көп жанрлы профессионалды өнерге ие болды. Республикамызда Құрманғазы мен басқа да халық композиторларының тамаша туындыларын халқымызға паш етіп отырған - Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі. (1934 ж.), Қызылордада шаңырақ көтерген тұңғыш қазақ драма театры (1928 ж.), сол жылы Советтік Шығыс республикаларының ішінде ең тұңғышы болып Абай атындағы опера және балет театры құрылды. Сондай-ақ 1944 жылы ашылған Алматы мемлекеттік Консерваториясы, 1958 жылы құрылған Көркем сурет училищесі, 1933 жылы Суретшілер Одағының құрылуы Қазақстан мәдениеті мен өнерін жаңа белеске көтергендігі анық. Күні бүгін қазақ жерінде өнердің қай түрі де кең қанат жайып, шырқау биікке көтеріліп, Қазақстан мен Қазақ мәдениетінің, өркениетінің қай дәрежеде екендігін танытып отыр.
Театр өнері туралы баспасөз беттерінде біршама жазылып жүр. Театр өнері халықтар үшін, олардың ерлік-жігерін, сезімдері мен ойларын бейнелеуге, олардың идеялық жағынан баюына және адамгершілік тәрбиесіне әсері болуы тиіс.
Театр өнерін дамытудағы басты бағыт - халыктық өнермен байланысын нығайту, өмір шындығын танымды әрі көркем бейнелеу, коғамның алға басуына бөгет жасаушыларды батыл әшкерелеу.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер, жаңаша ойлау, жариялылықтың театр өнеріне де әсері болмай қойған жоқ. Бұрын атын атауға қорқып, тұншығып жатқан дүниелер қозғала бастады. Нәтижесінде белгілі қаламгеріміз III. Мұртаза дүниеге жаңа шығарма әкелді, өнер ұжымдары сахналап Ш. Мұртазаның заманының заңғар, мемлекет қайраткері, елім, жерім деп өткен азаматы алып тұлға Тұрар Рыскұловтың өмірін бейнелейтін "Сталинге хат" пьесасы, "Бесеудің хаты", драматург Қ. Мұхамеджановтың "Біз періште емеспіз" атты пьесалары осының айғағы. Сонымен қатар жариялылықтың лебі, осы уақытқа дейін бізге белгісіз болып келген қазақ халкының өнер мәдениетіндегі алғашқы карлығаштары, жарық жүлдыздарының шығармаларымен таныса бастадық. Шығармалары әдебиетімізден орын алып, театрымызда қойыла бастады. Мысалы: Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" спектаклі т.б.
Бір қуанарлығы сахнаға шыққан әрбір жаңа спектакль сыншылардың қырағы көзінен таса қалмай жататындары қуантады. Мысалы: Кәдірбек Уәлиевтің 1994 ж. 13-мамырда "Қазақ әдебиеті" газетінде "Театр" айдарымен жарияланған "Турандот ханшайым" - қазақ сахнасында" атты рецензиясы жарық көрді. Өнер сыншысы К. Уәлиевтің бұл мақаласы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1994 жылғы жарияланымдары ішінен бәйгеге ие болды.
Театр - ұжымдык өнер. Мұнда тек қана актер ойыны емес, режиссер, суретші, композитор, тіпті драматург те үлкен роль ойнайды. Осы тұрғыда келгенде К. Уәлиев режиссер - Т.Жаманқүловтың еңбегі мең ізденістеріне ерекше мән берген.
"Егемен Қазакстан" газетінің "Жансарай" атты әдебиет пен онер бетінде өмір мен өнер шұғыласы, егемен елдердің өнер өлкесінде не болып жатыр, деген оймен газет 19 маусым 1993 жылы «Шұғыла» атты жаңа айдар ашып, алдағы кезде тамырлас, бауырлас түбі бір туысқан халыктардың өнер өлкесінен елеулі жаңалықтармен тұрақты таныстыруды мақсат еткен екен. Алғашқы кезде, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекетгерінің өнерлерінен хабардар болғанымыз анық.
Өзбек елінің өнеріне, тіліне, дәстүріне, дініне деген тас-түйін халық екендігі сүйсіндіреді. Мысалы: "Егемен Қазақстан" газетінің осы санында Қарашаш Әмзеқызының "Шайхана шырайы" атты сұхбаты жарияланған. Әңгіме әнші-композитор Фарух Закировпен болыпты. Сұхбат барысынан, автордың сұрақ қойып, оған алған жауапты, әрлі-нәрлі етіп беруін сөз етеміз. Шығыс елінің мақамы, сазы, ырғағы өн бойынан есіп тұратын, бөтенмен бүлінбегенін, Еуропаға елеңдемегенін автор оқырманына жақсы жеткізген деп айтуға болады.
Өкінішке орай, соңғы кездерде осы айдар газет бетінен көрінбей кетті.
Өнер - жер бетінде тіршілік ететін халықтар мен этностардың, ұлттар мәдениетінің көрінісі. Адамзат баласының бүгінгі күнге дейін қол жеткізген табыстары мен жетістіктері, мәдениеті мен өркениеті өнер арқылы өрілгені анық. Егеменді елімізді өзгеге таныстыратын, әлем алдындағы абройымызды да насихаттайтын осы мәдениетіміз бен өнеріміз.
Соңғы кездерде баспасөз бетінде өнеріміз өшіп барады деп байбалам салу аракідік кездесіп қалады, біз бұл пікірге қосыла алмаймыз, оған баспасөзде өнер тақырыбы жазылған әр түрлі жанрда жарық көрген материалдар мысал бола алады.
Бірақ баспасөздің бетінде өнерге қолдау керек, жанашыр керек деген жанайқайлар орынды. Осы жанайқайлардың сәл де болса нәтижесі шығар.
3-сәуір 1996 жылы "Қазіргі кезеңдегі мәдени саясат" такырыбында респубикалық кеңес болуы. Мәдениет министрі Т. Мамашев кеңесті өзі ашты: "Егемен Қазақстан" газетінің 1996 ж. 5-сәуірінде осы кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев сәлем жолдады: "Еліміз реформалар бағытымен ілгері жылжыған сайын мәдениеттің демократиялық, құқықтық, экономикасы қуатты мемлекет құрудағы ролі бұрынғыдан да арта береді. Оның күнбе-күнгі мұқтажына деген мемлекет назары да өсе түседі. Соңғы уақытта менің пікірімше, Үкімет мәдениеттегі дағдарысты құбылыстарды ескеру жөнінде нақтылы саясат тұжырымдауға көп күш-жігер жұмсап, оны жүзеге асыруға кірісті. Бүгін елімізде парасаты биік қоғамда ғана адамдардың шығармашылық қуаты қанаттанып, небір батыл ой-ниеттер мен орасан зор жасампазды істер үшін қолайлы жағдай туғызылатын терең түсінік тауып келеді. Бұл ретте мемлекет шығармашылық процестерге қандай да бір қысым жасаудан толығымен бас тартып отыр. Рухани еркіндік пен бостандық суреткерге қандай да бір саяси цензураға карайламай, дарынның: күллі қуатымен тың дүниелер туындатуға мүмкіндік береді", - деді.
"Сымбатты өнер болмаған елде, мағыналы тіршілік жоқ",- деп М.Әуезов айтқандай, ешбір қоғам мәдениетсіз, өнерсіз алға баса алмайтынын тағы да көз жеткізгендейміз.
Өнер мәселерін жазуда қазақ басылымдары біршама еңбек етуде. Жарық көрген дүниелердің көбіне көп, мақтау, мадақтау, мүшел той материалдары, шығармашылық кештер т.б. тұрғысындағы мақалалар. Ал, проблемалық мақалалар, көбіне өнер адамдарының тұрмысына барып тіреліп, сол өнер проблемасын емес, өнер адамының проблемасы яғни тұрмысы төңірегінде жазылып жатады. (Иә, "үйі жоқтың күйі жоқ") тұрмыстың да өнерге қатысы бар, бірақ өнер өз уақытынан қалмау керек.
Өнер мәселесінің басқа да тұрақты айдарларымен қоса, арнайы беттері, газетке қосымшалары да бар: Ол өздерінізге белгілі: "Жас алаш" газетінің "Ырғақтық", "Сергектік" өнер жүлдыздарына арналған және "Егемен Қазақстанның" бұрын "Жансарай", қазір «Өмір. Өнер. Өріс, Алматы ақшамы, Өнер - өріс өреміз, Мәдениет - мәртебеміз», "Әдебиет және өнер" т.б.
"Егемен Қазақстан" газетінің 16 қазан 1995 ж. санында Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 175-жыл толуына байланысты, жазушы, Әбіш Кекілбайдың материалы жарық көрді. Мақаланың аты "Күй тәңірі". Осы мақалада Құрманғазының күйшілік өнердегі орнын автор өте шебер суреттейді. Әр күйдің астарында тарих, аңыз, шындық барын әдемі берген. Күйшінің образын ашуда автордың білімділігі, философиялық ой-тұжырымдары, қос ішекке табындырады. Міне, журналистің, жазушының шеберлігі. Автор тарихты осы заманмен салыстыра айтуы, образдан ой түюі, тілі, стилі болашақ журналистер үшін сабақ, мән беріп үйренуге тұрарлық әдіс. Мақалада басты мән берегін мәселе Қүрманғазы коғамның, халықтың басына қандай заман туса да, рухани тірек бола алатындығы. Мақаладан үзінді келтірейік:
Мысалы: Тасыған көнілді де, жасыған жігерді де сабасына түсіре алар сияқты күшке ие. Сондықтан да, біз оны, басқаны қойып, құдіреті күшті құдайдың өзінің бірде дархан, бірде тарпаң алақолдылығыньң есесін қайтарып, адамның да, коғамның да тараған базарын қайта жиып, жығылған назарын қайта тіктеп бере алатындай тәңірі талант деп білеміз. Автордың Қурманғазының бейнесін ашудағы шеберлігімен қоса, қазіргідей алмағайып кезенде ұлы күйшінің біз үшін баға жетпес рухани медет екеніне көз жеткізсек, екіншіден өнердің өміршеңдігі, тәрбиелік мәнінің зор екендігі.
Өнер мәселесіне байланысты "Алматы ақшамы" газетінің 9-маусым 1993 жылғы нөмірінде "Өнер - өріс өреміз, мәдениет - мәртебеміз" атты жаңа айдар астында ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің барлық саласында, проблемасына өзекті тақырыптарға қатысты топтама хаттар жарияланған. Топтама хаттарды дайындаған Гүлзира Мухамбетқалиқызы. Газеттің бұндай игі істері, әрине қуантарлық. Әр хат авторының географиясы мен қоса әр хат көтеріп отырған проблема да әр түрлі.
Мәселенің тұп негізінен қарайтын болсақ, оған қоса осы хат авторларының да біреуі мұғалім, біреуі студент, енді біреуі әдебиетші, бірақ өнерге деген тілек, жанашырлық бір жерден шығып, ойдың астасып жатқанына көз жеткізесің. Әрине, газет көтеріп отырған осындай айдар астындағы пікір алысулар жиі-жиі беріліп, газет өз оқырманымен ақылдасьш, әңгімелесіп, проблемалаларын бірге бөлісіп шешіп отырғаннан газеттің айшықтана, нұрлана түсері анық.
Бұл хаттардың ішінде, сын пікірлер көбірек екен. Сын шын болса, әділ болса, әрине, ол орынды. Осындай хаттан үзінді келтірейін. Хаттың авторы Роза Байтөлеуова музыкалық училищенің студенті. Алматыға әнші Әзиза Мухамедиеваның келіп концерт беруі. Концерт өтіп жатқанда лек-легімен барып гүл сыйлайтындар тек сәбилер. Автор ойын: жас бала өнерге талпынады, ата-аналар ар-шапағат дариды деп үміттенеді. Бұл әрине көңілдің пәк пейілі. Бірақ жаппай бәрінің көңілінің осы екеніне күмән келтіреді...
Осы әдетімізді байқап қойған әнші: "Оказывается, у маленьких алматинцев вкус прелестный" деп кекетеді. Одан да өнер адамының тамаша орындалған өнерінің, әннің біздің жүрегімізге жеткенін хабар беріп, шын көңілден рахмет айтып, сол гүлді үлкендер сыйласақ орынды емес пе? Бұл да бір өнерге берілетін баға ғой... дейді автор. Автор көтеріп отырған проблема өте орынды, соңғы кезде сахнага сәбилер гүл алып шығып, сыйлау етек алғаны бекер емес, сәби өнерді түсініп, орындаушыға ризашылық сезіммен кұттықтап жатыр деп айту, әрине қиындау. Міне, сондықтан газет көтерген топтама хаттардың ішінде өзекті де өткір проблемалар жетерлік. Газетке тек осындай оқырманмен жиі пікір алысу орынды демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |