Құлманов Бақтыгерей Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты 1888(1888)



Дата13.04.2024
өлшемі27.35 Kb.
#498548
stud.kz-65723


Құлманов Бақтыгерей — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мем­ле­кеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты 1888(1888).
1859 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды.
1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтар­дың бірі, күміс медальмен мара­пат­талған.
1881 жылы Сән-Питербор университетінің заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курс­та қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет бас­шы­лығы рұқсат бермеген­дік­тен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бас­тап университеттің Шығыс тіл­дері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда № 877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен канди­дат­тық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.
ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань гу­бернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады.
1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының де­путациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында бола­ды да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.
1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шыға­ды.
1 Мемлекеттік думаға Ставро­поль және Астрахань губернияла­рының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губер­ния­сының қазақтарынан Б. Құл­манов, ал Ставрополь губерния­сының қалмақтарынан[1] Давид Церенджиб Нойон Тундутов сай­ланады.
Құлманов 1907 жылы 2 Мем­ле­кеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
1917 жылы 21-25 сәуір ара­лы­ғында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтары­ның, яғни Бөкей ордасының ко­мис­сары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қы­зыл өкіметі орнағанша атқарады.
1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыла­рының съезі өтеді. Онда Б.Құл­ман­ов жер мәселесі жөнінде баян­дама жасайды.
Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскі­ден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерния­сын­дағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді.
1917 жылы 21-26 шілде ара­лы­ғында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат­тыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жи­на­лысына депутаттыққа ұсыныл­ған адамдарды сипаттай келе Ба­қыт­керей туралы: «…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 июнь жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақытке­рейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты», деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқ­сан­да өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады.
Алашорда үкіметінің төраға­сы­ның орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлман­овтың да түсуі де көп жайтты аң­ғартады. Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
Түсініктемелер
Орайы келгенде айта кеткен жөн, кейбіреулер оны қа­телесіп, қазақ деп жүр. Ол өрескел қате. Ол қате Н. Прутанскийдің ре­дакциясымен 1906 жылы шық­қан 1 Мемлекеттік дума туралы кі­таптан алынса керек. Онда қал­мақ дегеннің орнына жаңылысып «киргиз» деп жіберген. Әмбе аты­нан да көрініп тұр ғой қазақ емес­тігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет