Зерттеудің негізгі нәтижелері:
1.Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін айқындалды.
2. Колледж студенттерінің тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы құқықтық мәдениеттің тәрбиелік мәні анықталып және оның ерекшеліктері нақтыланды.
3.Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің құрылымдық моделі ұсынылды.
4.Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әдістері ұсынылып және олардың тиімділігін эксперимент барысында негізделді.
Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығы: зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестігімен; алынған ақпараттың шынайылығымен, нәтижелердің бастапқы және соңғы көрсеткіштерінің тиімділігімен, оларды оқу үдерісіне кешенді енгізумен қамтамасыз етіледі.
Бірінші ғылыми нәтиженің негізділігі: студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін айқындалуымен; колледждің мәдени-тәрбие ортасындағы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың негізгі әдіснамалық ұстанымдарын (гуманистік бағыты, мәдениеттанушылық, кәсіби білім беру мен құқықтық тәрбиенің өзара байланысы, вариативтілік пен ашықтық, аймақтандыру, оқиғалар) негіздеумен айқындалады;
Екінші ғылыми нәтиженің негізділігі: колледж студенттерінің тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы құқықтық мәдениеттің тәрбиелік мәні анықталып және түрлі дереккөздердегі «құқықтық мәдениет», «жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті» және «студент тұлғасының құқықтық мәдениеті» категориялы ұғымдарының мазмұндық сипаттамалары мен ерекшеліктері нақтыланды;
Үшінші ғылыми нәтиженің негізділігі: құндылық-мотивациялық, когнитивті (ақпараттық), праксиологиялық және реттеуші (мінез-құлықтық) копоненттер жиынтығынан тұратын колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеудің құрылымдық моделінің өзара бір-бірімен тығыз байланыстағы негізгі құрылымымен анықталады;
Төртінші ғылыми нәтиже: «Құқықтық мәдениеттің әліппесі» элективті курс бағдарламасы мен «Құқықтық мәдениет әліппесі» атты ЭЕМ арналған бағдарлама мен пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындауымен, Колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әдістемесін «Құқықтық мәдениеттің әліппесі» арнайы курсы және колледж студенттерін құқықтық мәдениетке тәрбиелеу әдістері ұсынылып, олардың тиімділігін эксперимент барысында негізделуімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |