«Қашықтан оқыту-заман талабы»



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі27.28 Kb.
#450558
түріСабақ
1   2
Баяндама Саримова

Қажет алғы шарттары:

- оқытушылар, тьюторлар, координаторлар;

- компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары;

- электрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту курстары.



Қажет алғы шарттары:

-кейс-технологиясын қолдануда CD жеткізу каналы;

- телефон байланысы;

- Интернетке шығудың мүмкіндігі;




Қажет алғы шарттары:

-    компьютерлер;

-    кейс-технологиясын қолдануға байланыс каналы;

-    электрондық почта;

-    телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN);


Қашықтан оқыту түрлері. Орындалған талданымдар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:

  1. интерактивтік теледидар;

  2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеокконференция, телекөпір, онлайын-сабақ...) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;

  3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.

Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тіклей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақпа, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзне қажет әдстердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл өте қымбат технология болып отыр.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.

Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде кмопакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;


  • инетрактивтік;

  • мультмедиялық;

  • ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.

Қашықтан оқыту моделдері. Авторлар өз еңбектерінде, қашықтан оқытудың қазіргі мезетте бар ашық желісінде қордаланған келесі моделдерді қарастырады:

Бірінші модель – экстарнат түрінде оқыту. Қандайда бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және ЖОО-ның (емтихандық) талабына ыңғайластырылған оқыту.

Екінші модель – бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналсқан, сырттай (ашық форма) немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.

Үшінші модель – бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез-келеген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты – достас елдердің кез-келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім алуына мүмкіндік беру.

Төртінші модель – Студеттер мен оқышулар әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет болып табылады. Оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.

Бесінші модель – тәуелсіз оқыту жүйесімен оқыту. Бұған ұқсас жүйелерде оқыту толығымен теледидардағы бейнежазу немесе райдиобағдарлама, сонымен қатар баспа құралдары арқылы жүргізіледі. Қащықтан оқытудың бұндай түрінің мысалына америка – самоан тележобасын жатқызуға болады.

Мультимедиялық бағдарлама негізіндегі қалыпты тыс, интерактивті қашықтан оқыту. Мұндай бағдарламалар, өз уақытысында түрлі себептермен мектепте оқудын аяқтай алмай қалған үлкендерге арналған. Бұл жобалар арнаулы білім беру бағдарламаласының кірктірілген (мысалы, Колумбияда бар) бөлігі, немесе белгілі бір білім беру мақсатына икемделген (мысалы, Қазақстандағы Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту, Британияның халық ағарту бағдарламасы) болуы, немесе денсаулықтың профилактикалық бағдарламасы болуы мүмкін.

Сабақ. Қашықтықтан сабақ өзінің құрылымындағы (дидактикалық бөлім) күндізгі сабақпен бірдей болатындығын есте сақтау қажет, атап айтқанда:

а) Ұйымдастыру сәті және міндеттер мен мақсаттардың құрылымы - оқушыларға материалды игеру уақыты, сабақ кестесі және т.б. көрсетілген нақты тапсырмалармен анықталады.

ә) Үй тапсырмасын тексеру - оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді түсіндіру және т.б. 

б) Білімнің өзектілігі - жаңа материалды - бейнероликтерді, оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану. Егер сіз бұл кезеңді сыныппен бір уақытта жұмыс түрінде өткізгіңіз келсе - бұл маңызды емес, сіз сұрақтардың жауабын талап етпей жай ғана жариялай аласыз, өйткені олар өздері баланы жаңа білім беру тапсырмасына дайындайды.

в) Жаңа білімді игеру - бұл жалпыға қолжетімді ресурстарға орналастырылған білім беру порталдарының немесе мұғалімнің әзірлемелерінің ресурстарын пайдалану. Алайда, материалды оқымас бұрын оқушылар олардан не талап етілетіндігін нақты білуі керек, оған не назар аудару керек, қандай білім және практикалық дағдылар тексерілетінін көрсету қажет; тұтастай алғанда, оқушыларға жаңа материалды өз бетінше зерттеу алдында міндеттер нақты қойылуы керек.

г) Сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы - бұл жаңа материалды зерделеу, білім мазмұнын тапсырмалармен, интерактивті модельдермен және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен тікелей байланыстыру кезінде осы кезеңді жүзеге асырудың тамаша мүмкіндігі.

ғ)Сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету - тесттер, кіріккен интерактивті модельдер және жауаптарды жинау формаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмаларды уақтылы тексеруді және оқушыларға олардың жетістіктері мен қателіктері туралы көпшілікке немесе жеке ақпарат беруді ұмытпаңыз.

д) Үй тапсырмасы және оны орындауға арналған нұсқаулық.

е) Рефлексия және кері байланыс. 

Енді білім беру мазмұны туралы - жаңа материалды зерттеуді ұйымдастыратын материалдар туралы айтатын болсам, өзіңізді оқушының орнына қойыңыз және барлық мұғалімдердің онлайн-тренингке жаппай көшуі жағдайында оған қанша жұмыс түсетінін елестетіп көріңіз. Осыған байланысты сізден жұмыста пайдаланатын материалдардың сапасына сыни тұрғыдан қарауыңызды сұраймын:

1. Ұзақ оқудан (ұзақ мәтіндерден) аулақ болыңыз. Мәтіннен ең маңыздысын қалдырыңыз, егер баланың тақырыбы қызықтыратын болса, қосымша материалдардың болуы туралы ескертулер жасаңыз.

2. Мәтінді құрылымдау, мәтінді бөліктерге бөлу керек. Соңында қысқаша түйіндеме ұсынылады.

3. Инфографика бар мәтіндерді қолданыңыз - сызбалар және басқа визуализациялар материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік береді.

4. Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігіне қарай теңестірілуі қажет.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).



3. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)

 4. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж (11-14 б)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет