Пәнді оқу міндеттері:
|
1) әртүрлі тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
2) тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
3) әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
4) оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
5) тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;
8) коммуникативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
|
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
|
БҚ-1. -Өзін-өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтарын игерген,кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты оң көз қарас қалыптастыру.
БҚ-2 Қоғамдық өнер: қоғамдық өмірге белсенді қатысады
БҚ-3-Коммуникативті дағдылар:жағдайды ескере отырып,әр түрлі адаммен тиімді қарым-қатынас жасай алатынын көрсетеді.
|
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы:
| |
Европа,Америка елдері тарихи облыстарының картасы және картосхемаларын білу, білім көзі ретінде пайдалану;
Тарихты ғылыми кезеңдерге бөле білу негізінде, нақты осы кезеңге қысқаша тарихи анықтама жасай білу, тарихи оқиғаларда, процестерді кезеңмен, заманмен салысытыру, олардың дүниежүзі елдерінің тарихи дамуында алатын орынын анықтау;
Тарихи шындықты, обьективті, тарих ғылымының әдістерін (салыстырмалы тарихи, синхронды, ретроспективті және т.б.) басшылыққа ала отырып, фактілерді талдау, салыстыру, жинақтап, қорыту.
Деректеме, тарихнамалық көзқарас негізінде, әр түрлі дерек көздерін сын көзбен талдау, салыстыру, өз пікірін дәлелдеу.
Тарихи оқиғалармен құбылыстарға, көрнекті саяси , қоғамдық қайраткерлер, ойшылдар қызметіне баға беру. Маңызы, тағылымдары, дүниежүзілік тарихқа қосқан үлесі адамгершілік өлшемдерге сәйкестігі.
Тарихи оқиғаларға берілген түрліше көзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдеу, айтыстарға қатысу;
Қазіргі қоғам дамуының әр түрлі -әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және басқа прблемаларын талдауда тарихи білімді қолдана білу;
Тарихи дамудың кейбір заңдылықтарын түсіндіруде, дамудың қарама- қайшылықтығы , көп нұсқалылығы баламалдылығы категорияларын тірек ету;
| |
Достарыңызбен бөлісу: |