Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
БҚ-1.ОҚЫТУ
|
Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын кояды
|
БҚ-1.2 Сыни ойлау және шешім қабылдау:
|
қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызыметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
БҚ-2. ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІПҚОЙЛЫҚ
|
Фельдшерлік көмек көрсету процесінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларды ұстанатынын көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды
|
БҚ-2.2 Этикалық қағидаттар
|
кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің\клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
|
БҚ-3 БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
|
Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиісті өзара іс-қимыл жасай алады
|
БҚ-3.1 Коммуникативтік дағдылар:
|
мәдениет, сенім,салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.
|
|