Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет107/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200
Asyl-analar

 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ЗӘЙНӘБ ЖАХШҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Тұрмыс құруда менен бақытты кім бар? Өйткені менің 
некемді жеті қат көк үстінен Мәртебелі Аллаһтың өзі қиған, ал 
куә Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) болды». 
Зәйнәб Жахш ибн Риабқызы – құрайыш тайпасының бәну асад 
руынан, 
Абдулмутталиб 
ибн 
Һишамның 
немересі. 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) тұрмысқа шықпастан бұрын өз есімі 
Бәрра болатын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны некесіне алған соң 
Зәйнәб деп атады. 
Анасы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Абдулмутталибтің 
қызы Умәймә. 
Зәйнәбтің алғашқы жұбайлық өмірі баянды болмаған. Ол 
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктелмей тұрғанда 
өкіл бала атанған Зәйд ибн Харисаға тұрмысқа шыққан-ды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін Зәйд ізбасар шәкірт әрі сүйікті іні 
болатын. Пайғамбар (с.а.с.) осы өкіл баласынан ажырасқан әйелге 
үйленеді. 
Мұны 
иман 
иелері 
Аллаһ 
тағаланың 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ісі арқылы мұсылмандарға бекіткен 
шариғаты деп ұғады. 
Бұл мәселені жете түсінуіміз үшін көптеген сұраққа жауап 
табуымыз керек. Әуелі Аллаһ елшісі (с.а.с.) бала тұтынып, 
тәрбиелеп өсірген, оған өзінің туыс жиен қарындасын алып 
берген 
және 
екеуі 
жараспай 
ажырасқаннан 
кейін, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның әйелін алған Зәйд ибн Харисаның 
кім екендігі жайлы сөз етейік. 
Тарихи деректерден бізге бірде бәну кәлб тайпасынан шыққан 
Хариса атты кісінің әйелі Сағда бинт Сағлаба деген әйел көрші 
ауылдағы Мағн ибн Таидың тайпасына туған-туыстарын зиярат 
ету үшін барады. Ол әйелмен бірге жанында сегіз жасқа да 
толмаған ұлы Зәйд ибн Хариса болады. Жолда күтпеген жерден 


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет