Асыл аналар


«Сен олардың өзіңнен еш нәрсесімен артық еместігін



Pdf көрінісі
бет106/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200
Asyl-analar

«Сен олардың өзіңнен еш нәрсесімен артық еместігін
өйткені сенің күйеуің – Мұхаммед, ал әкең – Һарун, атаң – 
Мұса екендігін неге айтпадың?»
2
– дейді. 
Ол бұл сөздерге жұбанып, сабырға келеді. 
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Сафияның яһудилігін 
бетіне басқаны үшін Зәйнәб Жахшқызын (Аллаһ оған разы 
болсын) үш айға жалғыз тастап қойғаны жайлы риуаят та бар. Үш 
айдан соң ерлі-зайыптылық қатынасын қайта қалыпқа 
келтіргенде, Зәйнәб қуанғанынан оған (с.а.с.) күңін сыйлаған 
екен. 
Сафия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында әрдайым бірге 
болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін, Сафия 
қалған өмірін өз үйінде оңашада, Аллаһқа ғибадат етумен 
өткізеді. Ол яһуди ұлтынан әрі сұлу болғандықтан, адамдармен 
арақатынаста аса сақтық жасайтын. 
Бірде Сафияға көрші әйел мүміндердің әмірі Омар ибн әл-
Хаттабқа (Аллаһ оған разы болсын) келіп: «Уа, мүміндердің 
әміршісі! Сафия яһудилердің демалысы сенбі күнді жақсы көреді, 
ол сол күні яһудилерге ақша, киім үлестіреді», – дейді. Омар 
естігені туралы Сафиядан сұрағанда, ол: «Мені Аллаһ иманға 
келтіргелі, сенбіні жұмадан артық көрмеймін, ал яһудилерге 
1
«Хужурат» сүресі, 11-аят. 
2
Әт-Тирмизи, Манақиб: 64; Әл-Хаким, Мустадрак: 4/29. 


134
 
 
келсек, олар – менің қандастарым», – деп жауап берген. Кейін 
Сафия көрші әйелге барып, неге Омарға олай дегендігін 
сұрағанда, әлгі әйел: «Мені шайтан түртіп, маған осы ойды 
салды», – депті. Омар бар шындықты білгеннен кейін Сафияны 
қайтып мазаламаған. 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін, Сафияның өмірі 
осылайша жалғасып жатады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне 
тастап кеткеніне ілесіп күн кешеді, оған қоса қоғамдық, саяси 
мәселелерде табысты еңбек етеді. Жұртшылық Сафияны жақсы 
көріп, құрметтейтін. Ол басқаларды өзінің қолынан келетін 
нәрселерге үйретіп, көптеген хадисті жеткізіп кеткен. Осман ибн 
Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) үйін бүлікшілер қоршауға 
алғанда, Сафияның оған ас-су әкелгендігі жайлы хабар бар. 
Ол һижра жыл санауымен 50-жылы Муғауия ибн Әбу 
Суфиянның (Аллаһ оған разы болсын) кезінде дүниеден қайтады. 
Денесі мүміндердің аналарының қорымы Бақиғқа жерленген. 
Аллаһ оған разы болсын! 


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет