220
АТИКА ЗӘЙДҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
«Кім шәһид болуды қаласа, Атикаға үйленсін».
«Атика» сөзінің өзі «әдемі, көрікті, ажарлы»
деген
мағыналарды білдіреді. Атына заты сай болған Атика өз
ғасырының сұлулық падишасы еді. Ол
сұлулығына қоса, өте
әдепті, ақыл-парасатқа ие, сонымен
қатар ақындық өнері бар
бойжеткен болатын. Осындай қасиеттерге ие Атика жастайынан
көпшіліктің назарына ілігіп үлгереді және ол әйгілі Зәйд ибн Амр
ибн Нуфайлдің қызы еді. Атиканың әкесі Зәйд ибн Амр Аллаһ
елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктелуден бес жыл бұрын
дүниеден өткендіктен, Ислам дәуірінің куәсі болмаған және оны
қабылдамаған. Соған қарамастан Пайғамбарымыз (с.а.с.)
хадистерінің бірінде Зәйд ибн Амрдың
Ақыретте жалғыз өзі бір
үмбет болып тірілетінін айтқан. Сондай-ақ ол кісі (с.а.с.) тағы бір
хадисінде:
Достарыңызбен бөлісу: