215
СУМӘЙРА ҚАЙСҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
Қайғысына ортақтасқан
сахабалар Сумәйраға басу айтып,
жұбатып жатты. Десе де, бұл әйелдің қайта-қайта ұмтыла
сұрағаны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жай-күйі болатын.
Ақиқат дінін таратып, адамзатты қараңғы түнектен сәулелі
жарыққа алып шығу міндетімен Аллаһ
елшісі Пайғамбарымыз
(с.а.с.) араб жазирасына Ислам дінін алып келгенде, оған (с.а.с.)
иман келтіріп Аллаһқа бойсұнған жас мүміндердің арасында
Сумәйра Қайсқызы да бар еді.
Сумәйра иманы берік, ұстанымы нық, ақиқат жолына түскен
ержүрек жан болатын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүмін-мұсылмандар үшін тек Аллаһ
елшісі ғана емес,
сонымен қатар сенімді дос, арқа сүйер аға, ізетті
іні, жанашыр туыс еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сенімді жаңа
қабылдаған жас мүміндер құрайыш мүшріктері тарабынан тепкі
көріп, көңілдері құлазып, жандары
жабырқаған сәтте ылғи да
жандарынан табылатын. Оларды өзінің жылы-жұмсақ сөздерімен
жұбатып, бауырына басатын, енді біреулерін жадыратып
жігерлендіретін, көңілдеріне маздаған үміт отын жағатын,
рухтарын қайраттандыратын.
Мұсылмандар Пайғамбарымызды
(с.а.с.) сүйіп, құрметтейтіні соншалық, ол үшін өздерін
құрбандыққа тігетін. Аллаһ Өзінің елшісіне (с.а.с.) деген олардың
махаббатын Құран Кәрімде:
Достарыңызбен бөлісу: