Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет169/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200
Asyl-analar

 
 
жорығына, Хунайн, Таиф шайқастарына қатысады. Өкінішке 
қарай, Таиф шайқасында Абдуллаһтың иығына садақ жебесі тиіп, 
ауыр жарақат алады. Жарасынан қан шапшып тоқтамай, қаншама 
емдеуге әрекет жасалғанмен, нәтижесіз шығып жатты. Асқынған 
жарақаттың аузы қайта-қайта ашылып қатты азаптаумен болды. 
Ақыры осы жарақат оның өлімінің себебіне айналды. Оның 
иығына тиген садақ жебесін Әбу Бәкір сақтап қойып, ол таифтық 
бәну сақиф руының адамдарын жинап, олардан:
«Мына жебе кімдікі?» – деп сұрайды. Олардың араларынан 
бір кісі шығып:
«Менікі», – дейді. Жебенің иесі Таиф шайқасынан кейін 
Исламды қабылдаған болып шығады.
Сонда Әбу Бәкір оған:
«Аллаһтың атымен ант етемін! Ол сенің қолыңмен 
жаннатқа кірді. Ал сен оның қолымен тозаққа кірмейсің», – 
деген. 
Сүйіктісі көз жұмар алдында Атика оның жанынан бір елі ұзап 
шықпай, оның қас-қабағын бағып бәйек болып, ылғи да қасынан 
табылды. 
Дүние 
саларынан 
бұрын 
Абдуллаһ 
әйеліне 
қимастықпен қарап:
«Мынау Хаит бағын саған қалдырамын. Егер менен кейін 
тұрмыс құрмасаң, осы бақ сенікі», – дейді.
Бұл Хаит бағы қисапсыз өнім беретін. Осы бақты Абдуллаһ 
өзінен кейін тұрмысқа шықпау шартымен Атикаға қалдырады. 
Арысынан айырылған Атика Абдуллаһты жоқтап тамаша 
жоқтаулар шығарған. Оның өлең жолдарының бірі мынадай 
мазмұнда еді: 
– Ант етем! Ыстық боп қалар көз жасым 
Сен үшін, ал денем шаңнан арылмас. 
Яғни саған деген көз жасым құрғамайды және сенен кейін 
ешкімге сәнденіп, сұлуланбаймын деген мағынада жырлаған. 
Осы сөзінде тұрып Атика Абдуллаһтан кейін ұзақ уақыт 
ешкімге тұрмысқа шықпайды. 


225
 
 
Арада біршама уақыт өтіп, әлемге ақиқаттың жарық шамын 
әкелген Аллаһтың елшісі (с.а.с.) дүниеден өтеді. 
Күйеуінің қазасынан кейін Атиканың көңілі жүдеу тартып, еш 
нәрсеге зауқы соқпай, өзін айттырып келушілерге мойын 
бұрмайтын. Осылай күндер өтіп жатады. Бір күндері оған адамзат 
тарихындағы ұлылардың бірі, сол тұстағы Ислам үмбетінің 
халифасы, мүміндердің әміршісі – Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ 
оған разы болсын) сөз салып келеді. Атика халифа Омардың бұл 
ұсынысына: 
Сен сияқты ерлердің меселі қайтарылмайды. Бірақ мен 
Абдуллаһтан кейін ешкімге тұрмысқа шықпауға қасам ішкенмін. 
Оған қоса қолымда өзінен кейін тұрмыс құрмау шартымен 
күйеуімнен мұраға алған Хаит бағы бар, – деп ыңғай таныта 
қоймайды. Омар оның айтқан бұл уәжін құптамай: 
Сен өзіңе Аллаһтың халал қылған нәрсесін қалай харам 
етесің?! Саған пәтуа сұрау керек, – дейді. Атиканың: 
– Кімнен пәтуа сұраймын? – дегеніне, Омар: 
Мұсылмандардың қазысы, адамдардың білгірі – Әлиден 
сұра, – деп кеңес береді. 
Әли Атиканың мәселесіне:
Бақты Әбу Бәкірдің отбасына қайтарып бер де, өзің 
күйеуге шық, – деп пәтуа береді. 
Осылайша Атика қолындағы бақты Әбу Бәкірдің отбасына 
қайтарып, бірнеше шартпен Омарға тұрмысқа шығуға келісімін 
береді. 
Атика Омарға:
«Сен – мінезің өте қатал, қызғаншақ кісісің. Менің саған қояр 
бірнеше шартым бар. Біріншіден: маған қол жұмсамайсың. 
Сосын мені ешқандай құқығымнан тоспайсың және мешітке 
жамағат намазына барудан қайтармайсың», – дейді. 
Омарға бұл үш шарттың әсіресе соңғысы ауыр тисе де, қабыл 
алып, оған үйленеді. Екеуі бас қосып, шаңырақ көтерерде Айша 


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет