адамзат
қауымындағы
шектен
шыққан
азғындық
–
«гомосексуализм» (еркекаралық төсек қатынасы) деген масқара
алғаш рет Лут (аләйһис-сәләм) қауымында бас көтерген болатын.
Аллаһ тағала мұндай істерден қайтару үшін оларға пайғамбар
жіберсе де, алған беттерінен қайтпағаннан кейін, олар
тұқымымен құрып кету апатына ұшыраған-ды.
Бұл қауым орын тепкен жер Ибраһим қоныстанған мекенге
жақын орналасқан Садум қаласы еді. Аллаһтың әмірімен сол
қаланы қирату үшін келген періштелер әуелі Ибраһимнің үйіне
түседі.
«(Мұхаммед!) Саған Ибраһимнің құрметті қонақтарының
әңгімесі жетті. Олар (Ибраһимге): «Сәлем», – деп кірді.
(Ибраһим де): «Сәлем, бөгде қауым!» – деді»
1
.
Ибраһимнің ерекшеліктерінің бірі – ол кеңпейілділігі,
қонақжайлылығымен
адамдар
арасында
Әбу
Дифан
(қонақтардың атасы) деген лақап атқа ие болған. Ибраһим
қонақтарды қабылдағанда, оларға арнайы оқшау үй тігіп, ерекше
дастарқан
жаятын.
Әлбетте,
бұдан
пайғамбарлардың
қонақжайлылық үлгісі көрінеді.
Періштелер пайғамбардың үйіне түспес бұрын Ибраһим байыз
таппай қонақ іздеуде еді, өйткені оның үйіне қонақ келмегеніне
жарты айдың жүзі болып қалған. Адам бейнесінде келген
періштелерді ажырата алмаған Ибраһим оларды қонақүйге
түсіріп, қарсы алып, дастарқанға қақталған семіз бұзау етін
тартады. Үй иесі қонақтардың дәмге қол созбағанынан сескеніп
қалады. Қонақтар өздерінің періштелер екенін, Луттың қауымын
жою үшін жіберілгендіктерін жеткізгенде, ас әзірлеуге
жәрдемдесіп жүрген Сарра анамыз бұл хабарды естіп, Аллаһтың
бұзық қауымға жаза жолдағанына қатты қуанады.
Періштелер бұған қоса Сарра анамызға үш сүйінші хабар
жеткізеді. Оның алғашқысы – Ибраһим мен Сарраның Исхақ
1
«Зәрият» сүресі, 24-25 аяттар.
|