Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет24/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   200
Asyl-analar

 
 
деген ұл сүйетіндігі, екіншісі – Яғқуб атты немере көретіндігі
кейінгісі Сарра анамыздың ұзақ жасайтындығы жайлы еді.
«Біз оны Исхақпен және Исхақтың соңынан Яғқубпен 
сүйіншіледік»
1

Бұл сүйінші хабарды естіген Сарра анамыз таңданысын 
жасыра алмай:
«Сорым құрысын! Мен кемпір, ал мына ерім шал бола 
тұрып (бала) туамын ба? Шын мәнінде, бұл – таңғаларлық 
нәрсе», – дегенде, Аллаһтан үмітін үзгендердің бәріне ғибрат 
болар:
«Сен Аллаһтың ісіне таңғаласың ба? Сендерге Аллаһтың 
мейірімі және берекесі болсын, ей, (Ибраһим) үйінің 
тұрғындары. Әлбетте, Ол (Аллаһ) Мақтаулы, Даңқты»
2
, – 
деген уахи келді. 
Расында да, пенденің тоқсанға келіп ұл көріп, немере құшуы – 
ерекше жайт. Десе де, ғайыптың ісін ешкім болжай алмайды. 
Сарра мен Ажар аналарымыздың бұл оқиғасы өмірімізде өнеге 
тұтарлық, келешек ұрпақтарымызға үлгі етерлік, даналық пен 
ғажайыпқа толы мысал болмақ. 
1
«Һуд» сүресі, 71-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 72-73 аяттар. 


30
 
 
ИБРАҺИМНІҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
КЕЛІНІ 
«Аллаһым, оларға ет пен суда береке бер!» 
Ибраһимнің ұлы Исмаил (ол екеуіне сәлем болсын) журһум 
тайпасының арасында өсіп, кәмелетке толады. Ибраһим жылына 
бірнеше рет оны көруге келіп-кететін. Бірде Ажар дүние 
салғаннан кейін, Ибраһим ұлын көруге келеді. Бұл кезде Исмаил 
журһумдіктердің бір қызына үйленген-ді. Үйіне келсе, Исмаил 
жоқ екен. Әйелінен жағдайларын сұрайды. Келіні оған:
«Таршылықта, қиындықта өмір сүріп жатырмыз», – деп 
шағымданады. Ибраһим оған:
«Егер күйеуің келсе, оған сәлем айт, есігінің табалдырығын 
ауыстырсын», – дейді. Үйіне келген Исмаил бірдеңені сезіп:
«Сендерге біреу келді ме?» – деп сұрайды. Әйелі: «Иә, бір 
қария келді. Сені және жағдайымызды сұрады. Мен таршылықта, 
қиындықта күн кешіп жатқанымызды жеткіздім», – деп 
Ибраһимді сипаттап береді. «Саған бір өсиет айтты ма?» – дейді 
Исмаил. Әйелі:
«Иә, саған сәлем жолдауымды және есігіңнің табалдырығын 
ауыстыруды тапсырды», – дейді. Сонда Исмаил әйеліне:
«Ол – менің әкем. Маған сенімен ажырасуды бұйырыпты. Сен 
төркініңе қайт», – дейді. Сөйтіп, онымен ажырасып, басқа әйелге 
үйленді. Сосын Ибраһим бірде тағы да келіп, Исмаилды үйінен 
таппайды. Әйелінен жағдайларын, күнкөрістерін сұрайды. Келіні 
жағдайларының жақсы екенін айтып, Аллаһты мадақтайды. 
«Тағамдарың не?» – деп сұрайды Ибраһим. Келіні: «Ет», – дейді. 
«Сусындарың не?» – деп сұрайды. «Су», – дейді келіні. Ибраһим: 
«Аллаһым, оларға ет пен суда береке бер!» – деп дұға қылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сол күндері оларда дәнді дақыл жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет