жайлы жиі естиді. Адамдар оның ерекше аманатшылдығы мен
шыншылдығына тамсанатын, оның есімін атағанда, «сенімді»
деген мағынаны білдіретін «Әмин» деген жанама атты қоспай
атамайтын. «Әмин келді», «Әмин өтті», «Әмин ананы істеді»,
«Әмин мынаны істеді»... десетін. Ол жөнінде естігендері
Хадишаны іштей шаттыққа бөлейтін.
Мұхаммедтің
шыншылдығы,
аманатшылдығы,
қарапайымдылығы, сенімділігі, қайырымдылығы, ақылдылығы,
парасаттылығы
мен
жаман
істерден
қашықтығы
оны
төңірегіндегілер бой ұрған былықтардан алыс ұстады. Ол арақ
ішпейтін, құмар ойнамайтын және дүниелік арзымастарға
сатылмайтын. Хадиша осының барлығын естіп-біліп, сырттай
оны қатты ұнатады. Оған «келуі күтіліп жүрген пайғамбар осы
Мұхаммед болуы мүмкін» деген де ой келді.
Бірде сауда істері үшін және керуеніне басшылық жасайтын
сенімді де адал ер-азамат іздеген Хадиша Мұхаммедті өз көзімен
көргісі келіп, оған адам жібереді.
Хадиша Мұхаммедті, шын мәнінде де, тамаша тыңдай білетін,
көп сөзге жоқ адам ретінде таниды. Оның айтқан сөздері көркем
де салиқалы шығатын. Ол үнсіздік сақтағанда – салмақты да
әспетті күйге түсетін, ал сөйлегенде – сұлулық пен баурап алар
тартымдылыққа ие болатын. Ал күлгенде – оның аппақ маржан
тістері жалтырап күнге шағылысатын.
Ол екеуі оңай келісіп, болашақ елші Мұхаммед Хадишаның
сауда істерімен Шамға аттанады. Бұл сапар барысында керуен
істеріне жауапкер ретінде Майсара деген адам тағайындалады.
Жол бойы Мұхаммед пен Майсара бір-біріне қолғабыс тигізіп
жүреді. Керуен Меккеден Шамға дейін ұзақ та шөлді сахараны
басып өтеді. Майсара мен оның жанындағы адамдар бүкіл жол
бойы Мұхаммедке қатысты бой көрсеткен таңғажайып
нәрселердің куәсі болады. Олар бұл жайттарға қалай түсінік
беруді де білмейді. Мәселен, күн қатты ысып, күшіне мінген
кезде Мұхаммедтің төбесінде екі бұлттың сая боп жүргенін олар
|