Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет55/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   200
Asyl-analar

 
 
– Саған үйленуге не кедергі жасайды? – деп сұрайды. Ол: 
Оған менің жағдайым келмейді, – деді. Нафиса оған 
күлімсіреп: 
– Егер біреу сені ақылымен, сұлулығымен, байлығымен және 
құрметімен шақырса, жауап берер ме едің? – дейді. Мұхаммед: 
– Ол кім еді? – деп сұрайды. Ол: 
– Хадиша Хуайлидқызы, – дейді. Мұхаммед: 
– Егер ол келіссе, мен қарсы болмас едім, – деп тіл қатады. 
Нафиса бұл жаңалықты Хадишаға қуана хабарлайды. Тойға 
дайындық басталып, қой, түйелер сойылып, кедейлерге ет 
үлестіріледі. Бұл кезде Мұхаммедтің жасы жиырма бесте, ал 
Хадиша қырық жаста болатын. 
Араларындағы жас алшақтығына қарамастан, Мұхаммед пен 
Хадиша жиырма бес жыл бақытты ғұмыр кешеді. Мұхаммед оны 
құрметтеп «Хадиша Кубра» (Үлкен Хадиша) деп атайтын. 
Екеуі Қасым, Абдуллаһ атты екі ұл мен Зәйнәб, Руқайя, Умму 
Кулсум және Фатима есімді төрт қыз сүйеді. 
Болашақ елші пұтқа табынушылардан бойын аулақ ұстап, 
жаратылыс пен Жаратушы жайында ойға шомып, пікір 
жүгіртетін. 
Бұл жайлы Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) былайша 
әңгімелейді: «Содан кейін оған оңашалық ұнамды боп қалды. 
Отбасын сағынғанға дейін жалғыз өзі Хира үңгірінде үздіксіз 
бірнеше түн (Аллаһқа) құлшылық-ғибадат жасайтын. Сол үшін 
өзімен бірге азық алып кететін. Сосын Хадишаға қайта соғып
тағы да сол үшін азық-ауқат қамдап алатын. Хира үңгірінде 
оған ақиқат келгенге дейін (осылай жалғасты). Оған періште 
келіп: «Оқы!» – дейді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Мен оқи 
білмеймін!» – деп жауап береді. (Пайғамбар (с.а.с.))«Сол кезде 
ол мені ұстап, бұлқынғанымша тынысымды қысты. Сосын 
мені босатып: «Оқы!» – деді. Мен: «Оқи білмеймін!» – дедім. 
Ол мені екінші рет ұстап, тағы да бұлқынғанымша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет