Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет75/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200
Asyl-analar

 
 
түнерген тау секілді үн қатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Айшаның жанына келіп, егер күнәкар болса, Аллаһтан кешірім 
сұрауын, шынында, Аллаһ тағала Кешірімшіл екенін айтады. Бұл 
сөздерді естіп, қорқып кеткен Айша, кенет өңі сұрланып, көз 
жасының тыйылғанын сезеді. Әлдене дегісі келіп еді, тілі 
жансызданғандай боп, дәнеңе деуге икемге келмейді. Ыза кернеп, 
булыққан Айша қайтадан көз жасына ерік беріп, қарақаттай 
жанары жасқа малынып, әке-шешесіне қарап: «Аллаһ елшісіне 
жауап беріңдер», – дейді. 
Ата-анасы айтарға сөз таппайды. Содан соң өзі ширығып:
«Аллаһпен ант етейін! Істемеген нәрсем үшін Аллаһтан 
кешірім сұрамаймын. Менің пәк екенімді Аллаһ біледі. Мен өзім 
бармаған күнәдан хабардар болдым, ал сендер жабылған жалаға 
иландыңдар. Мұндай жағдайда мен өзіме де, сендерге де 
Юсуфтың әкесінің
1
: «Көркем сабыр. Сендер сипаттаған 
(нәрседе) Аллаһ (Өзі) Жәрдемші»
2
, – дегенінен басқа айтарым 
жоқ», – дейді. 
Осымен сөзін доғарып, сырттай жыласа да, іштей Аллаһ 
тағаладан жәрдем сұрап жатады. Аллаһ елшісі де (с.а.с.) үнсіз 
қалпын сақтап отыра береді. Айшаның ата-анасы да ауыз 
ашпайды. Бір кезде Аллаһ тағаладан елшісіне (с.а.с.) уахи түсіп, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) терлей бастайды. Оның басына жастық 
қойып, көрпеге орап жатқызады. Бәрі айналасына жиналып
Аллаһтан қандай уахи келерін күтіп, жандарын шүберекке түйіп 
отырады. Күнәдан пәк екеніне сенімді Айша ғана Аллаһтың өзіне 
зұлымдық істемейтініне нанып, сабырлық танытты. Біршама 
уақыттан соң Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Айша, Аллаһ сенің күнәдан 
пәк екеніңді уахи етіп түсірді», – дейді.
1
Айша анамыздың күйінгені сондай, Яғқуб пайғамбардың (аләйһис-
сәләм) атын ұмытып қалған. 
2
«Юсуф» сүресі, 18-аят. 


96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет