Асыл жанды ардаќты ќарттарым – ай



бет6/7
Дата26.12.2022
өлшемі287.5 Kb.
#467949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Спорт біздің серігіміз

2013 жылдың 28 ақпан – 5 наурыз аралығында Оңтүстік Африка республикасының Кейптаун қаласында Африка елдерінің арасында қазақ күресінен тұңғыш чемпионат болып өтті.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Спорт, денсаулық, амандық-саулыққа, ауруларға қатысты мақалдың жалғасын тауып мағынасын табамыз.
Денсаулық - зор байлық.

Жарлының байлығы - денінің саулығы.


Ауру атанды да шөктірер.


Ауру кірді - әлек кірді.


Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.


Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.


Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.


Ауруын жасырған өледі.


Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде.


Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.


Сәтін салған ауруға, не болса, сол ем болады.


Қасқырдың ойлағаны - арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.

Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.


Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.


Емнің алды - еңбек.


Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.


Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.


Ауру желмен кіріп, термен шығады.


Азған денеге ауру үйір.


Денің сау болса, жарлымын деме,


Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

Ұйқы - тынықтырады, жұмыс - шынықтырады.


Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.


Көзің ауырса, қолыңды тый,


Ішің ауырса, тамағыңды тый.

Қалай дегенменде спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» . «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен бір ғұлама. Ең бірінші аманатқа денсаулық, одан кейін мақсат, ұрпақ және тағысын тағы. Бірақ жұмыр басты пенде не нәрсенің болса да қадірін білмес, егер оны басынан өткізбесе. Кезінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үмбетіне:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет