Асыл жанды ардаќты ќарттарым – ай



бет4/7
Дата26.12.2022
өлшемі287.5 Kb.
#467949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Спорт біздің серігіміз

Жалында Азиада алауы (Азиада алауы әні)
авторлары: Ө Оралбаев. Е Хасанғалиев
Төрткүл дүниедегі адамзат баласын жақындастырып жіберетін сиқырлы күштің бірі – үлкен спорт додасы. Әрі спорт – бейбітшілік пен тұрақтылықтың ең басты насихатшысы. Спорттың дүниежүзілік дүрбелеңдерге тоқтау салғаны да, қырық жыл қырғиқабақ болған елдерді араластырып та жібергені де айтылып та, жазылып та келеді. Осындай саяси мәні зор, мәртебесі жоғары дүбірлі доданың бірі былтыр қазақ топырағында өтті. Алаш даласы Азиада ойындарына өз төрінен орын ұсынып, Арқа төсі мен Алатау бөктерінде VII қысқы Азия ойындарын өткізді. Әу баста біраз қобалжыдық та. Өйтпегенде ше, осындай ірі спорттық шараны Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші болып өткіздік. Тіпті Орта Азияны былай қойғанда, мұсылман елдерінің арасында тұңғыш болып Ақ Азиаданы өз жерімізде өткізуге мүмкіндік алдық. Сондай-ақ бұрынғы КСРО құрамындағы елдерден де озып кеттік. Бізге дейін бұрынғы одақтас­та­ры­мыз­дың ешқайсысы Азиада секілді ірі доданы өткізген жоқ. Бұл орайда VII қысқы Азия ойындарының пост­кеңестік кеңістікте 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасынан кейінгі тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған үлкен дода екендігін мақтанышпен айтып өту керек. Мұндай дода бұрын-соңды елі­мізде болып көрмеген. Осы жағынан алғанда кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін өз алдына отау құрып, Тәуелсіздігін алған Азия құрлығындағы елдердің ішінен Қазақстан озық шықты. Бұл біздің іргеміздің берік қаланғанын, экономикамыздың қарыштап, әлеу­мет­тік жағдайымыздың алға басқандығын білдіреді. ТМД елдері арасында өзгелерден осылай асып түсуіміз, кейбір елдерге ой салды. Содан соң олар да қарекет жасауға көшіп, Украина, Польшамен бірігіп, футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын болды. Бұл тұрғыда «қапы қалған» Ресей бұдан кейін «қамшыны басып», 2013 жылғы дүниежүзілік қысқы Универсиаданы және 2014 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге қол жеткізді. 2015 жылы Азияда Жапония мемлекетінің Сакура қаласында өтетін болып шешілді.



 Орын 

 Ел 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет