Тайыр Жароков (26 қыркүйек 1908 жыл, Хан Ордасы ауылы, Астрахан губерниясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) – 11 наурыз 1965 жыл, Алматы) — қазақ ақын.
Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан.[1]
1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында
1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де
1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.
1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы
1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы
1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары
1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды.
Ақынның шығармашылығы
Ақынның алғашқы өлеңдері
“Аэроплан”
“Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды.
Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы
“Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты.
Әр жылдарда
“Нефстан”
“Мотор жыры”
“Күн тіл қатты” (1934)
“Мұз тұтқыны” (1935)
“Тасқын” (1937, 1949)
“Нарын” (1935)
“Тастағы жазу” (1940)
”Бақыт жырлары”
“Жапанды орман жаңғыртты” (1949)
“Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956)
“Жыр қанаты” (1956)
“Құмдағы дауыл” (1958)
“Тау жырлайды” (1962)
“Теңіз баласы” (1963)
“Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді.
Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы
1972 — 1975 жылы төрт томдығы
1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |